Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет21/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126
Діндер тарихы

б. Кітаптарға иман


Исламда иман негіздерінің бірі кітаптарға иман келтіру. Құран Кәрім «Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға...» (Бақара 285) иман туралы сөз қозғағанда тек қана өзімен ғана шектеп жатқан жоқ. Кітаптарға иман парақтарға (сухуф) және төрт кітапты ішіне қамтиды. Сухуф сол күндердегі жазу мүмкіндіктеріне сай дайындалған, жазылып кептірілген кесектер, тақталар, түрлі материалдардан жасалған (мысалы папирус) парақтар. Қазіргі таңға дейін жеткен ешбірі жоқ. Сухуфтардан кейін кітаптар келген. Бұлардан Хз. Мұса (а.с.)-ға Тәурат, Хз. Дәуіт (а.с.)-ға Зәбур, Хз. Иса (а.с.)-ға Інжіл және Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға Құран Кәрім түсірілген. Құран Кәрімде басқа қасиетті кітаптардың мазмұны жайлы мағлұмат берілген, ал Забурдың тек қана есімі атап өтілген.
Құран өзінен басқа қасиетті кітаптардың өзгертілгендігінен хабар береді. Сол себепті мұсылмандардың басым көпшілігі Құран мен хадисте сөз етілген кітаптарға иманды Аллаһ тарапынан жіберілген кітаптардың түп нұсқасына иман келтіру деп біледі. Олар бойынша бүгін қолда бар бар қасиетті кітаптар (Таурат, Забур, Інжіл) өте көп өзгерістерге ұшыраған. Сол себепті ол кітаптар бүгін «Аллаһтың сөзі» ретінде саналмайды. Қазіргі таңда жер бетіндегі қасиетті кітаптардың арасында Құраннан басқа негізгі түпнұсқасы сақталған кітап жоқ.
Құран Кәрім соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға жиырма жылдан астам уақытта уахи арқылы түсірілген. Құран Хз. Пайғамбар тарапынан жаздырылып, жаттатылып және қадағаланған. Осылайша оны сақтайтындығын уәде еткен Ұлы Аллаһ (Т)-тың уәдесі орындалды (30). Құран сөзі де, мағынасы да Аллаһтың сөзі болғандықтан жасандылық болмайды, болмаған да. Себебі Құран осындай бір сөз алып келіңдер деп шақырғанда оған жауап берер ешкім шықпаған.
Құран белгілі бір ұлтқа, шектеулі бір уақытқа арналған кітап емес. Дүниенің соңына дейін барлық адамзат баласына келген. Құран өткеннен сөз етіп, әрбір уақытқа жауап беруде және келешекке де жол көрсетуде.

в. Пайғамбарларға иман


Пайғамбар парсы тілінен шыққан сөз. Құран Кәрімде Аллаһтың таңдап міндеттегендерді білдіру үшін «расул» және «нәби» сөздері қолданылған. Өздеріне кітап берілген пайғамбарлармен қатар олардың жолымен жүрген пайғамбарлар да бар. Пайғамбарлар адамдарға Ұлы Аллаһтың бұйрық пен тыйымдарын жеткізеді. Адамзаттың азаптан құтылуы үшін және бақытты болуы үшін олардың алып келген үкімдерге мойынсұнуы керек. Пайғамбарлар да адам баласы, ішеді, жейді, үйленеді және балалы-шағалы да болады. Сонымен қатар олар қатардағы бір адам емес. Тән және мінез-құлқы жағынан адамдардан жоғары тұрады. Пайғамбарларда «исмет» (күнә істемейді), «сыдық» (сенімді, шыншыл), «аманат» (аманатқа қиянат жасамайды), «фатанат» (парасатты) және «тәблиғ» (дінді жеткізу) секілді ортақ ерекшеліктері бар.
Адамдар өз еңбектерімен пайғамбар бола алмайды. Пайғамбарлық Аллаһ тарапынан беріледі. Пайғамбарларға уахи және мұғжиза арқылы жәрдем беріледі. Құран Кәрімде аты аталған 25 пайғамбар және пайғамбар болып болмағандығы белгісіз 3 кісіден басқа да пайғамбарлардың болғандығы, әр қауымға бір пайғамбар жіберілгендігі аяттарда айтылады. Бұл пайғамбарлардың ең соңғысы Хз. Мұхаммед (с.а.у.). Оның пайғамбарлар арасында алатын орны ерекше. Өйткені одан кейін пайғамбар келмейді. Ол пайғамбарлар тізбегінің мөрлеушісі және пайғамбарлар шежіресінің ең соңғы өкілі.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның пайғамбарлар арасындағы орны жайында Имам Ахмет және Тирмизи риуаят еткен хадисте былай делінеді: «Менің пайғамбарлар арасындағы орным мына мысалдағыдай. Бір адам үйін тұрғызады, бітіреді, ішіне төсейтіндерін төсеп, бір кірпіштің орнын бос қалдырып кетеді. Үйді көруге келген кісілер таң қалып; «Мына жерге бір кірпіш қойғанда болар еді», - дейді. Міне пайғамбарлар арасындағы менің орным сол кірпіш секілді» (Фәтху-р Раббани. XXI/283; Жамиъу-с сағир. V/204 (Хадис номері: 5733))
Хз. Мұхаммед (с.а.у.) әкелген жүйе өзі өмірде болған кезінде жүзеге асқан. Ұлы Аллаһ бұл ерекшелікті тек қана Хз. Пайғамбарымызға нәсіп еткен. Бұл ешбір пайғамбарға берілмеген кеңшілік. Оның алып келген жүйесі алдыңғы келген діндердің үкімін жойған. Қияметке дейін жалғасатын жалғыз жүйе оның жүйесі. Құран Кәрім сияқты қазіргі таңға дейін түпнұсқасымен келген және қияметке дейін сақталатындығы уәде етілген жалғыз кітап оған берілген. Ол барлық адамзат баласына мейірімділіктің үлгісі. Миғраж Ұлы Аллаһтың оған берген артықшылығының дәлелі. Исламда Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ды да қамтитын пайғамбарлардың белгілі қасиеттері бар. Олар басқа адамдардан да бейкүнә, мінез-құлқы мен басқа артықшылықтарымен ерекшеленеді. Мұнымен қатар олар адам сияқты қабыл етіліп, Тәңірлік сипат берілмейді. Олардың себепкерлігімен жасалып жатқан мұғжиза оларға емес Аллаһқа байланыстырылады. Исламда барлық пайғамбарлар ақиқат. Пайғамбарлық мәселесінде олардың араларын бөліп-жарып қарамайды. Мұнымен қатар олардың кейбірінің басқа біреуінен жоғары дәрежесі қабыл етілген. (кітаптың берілуі, тұлғалық ерекшелік және атқарған міндеттері секілді жағынан).
Басқа иләһи дінді ұстанушы иудейлер, Хз. Иса мен Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ды; христиандар Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ды пайғамбар ретінде қабыл етпейді. Бірақ мұсылмандар барлық пайғамбарларды қабыл етеді. Басқа діндердегі пайғамбарлар түсінігі, Исламдағы түсінік сияқты емес.
Иудаизмде Хз. Яқуб Тәңірмен күреседі. Хз. Ибраһим (а.с.)-ның әйелін бауырым деп таныстыруы, Хз. Лұт (а.с.)-ның мас болып қыздарымен зина жасағандығы, Хз. Дәуіттің бір қолбасшының әйелін қолға түсіру үшін күйеуін соғысқа жібергендігі жайлы да қасиетті кітапта орын алған. Иудейлер Үзәйр (Әзра) «Аллаһтың ұлы» деді (зерттеулер нәтижесінде Йеменде бір еврей қауымының осы сенімді ұстанатындығы анықталды). Олар Мәсіхты пайғамбар ретінде емес дүниелік басшы яғни патша деп қарайды. Хз. Харунды Аллаһтың емес Хз. Мұсаның пайғамбары ретінде бейнелейді (31).
Христиандықта Хз. Исаны Тәңірдің ұлы және Тәңір, хауарилерді (апостол) Хз. Исаның елшілері деп бағалайды. Хз. Исаға сәжде және дұға етілетіндігі, оның күнәларды кешіретіндігі Інжілдерде айтылады. Христиандардың сенімі бойынша үлкен есеп алудың басшысы да Хз. Иса.
Индуизмде Тәңір Вишну адамдармен байланыс жасау үшін жер бетіне түседі, кейбір адамдардың ішіне енеді. Бұл дінді ұстанушылар бойынша пайғамбарлар Тәңірлерінің ава-тарасы (енушісі). Кейбір діндерде пайғамбар жоқ. Енді бірінде бір құрушысы бар, бірақ бұл құрушының кім екендігі белгісіз.
Барлық нәрселерге қарай отырып 124 000 пайғамбар келгендігін сөз ететін Хз. Мұхаммедтің бір хадисіне байланысты, тарихта белгілі болған тұлғалардың негізінде пайғамбар болуы да мүмкін. Иранда Зороастр, Грецияда Ксенофан, Қытайда Конфуций, Лао-цзы, Мень-сца, Үндістанда Будда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет