Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Әдет-ғұрып, жол, заң, шариғат, мәзһәб



бет5/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Діндер тарихы

4. Әдет-ғұрып, жол, заң, шариғат, мәзһәб: Арабтар «мәә зәәлә зәәликә диинии уә дәйдәнии» (Менің әдет – ғұрпым міне осы) дей келе, дін сөзін «әдет-ғұрып» мағынасында қолдануда. Бір хадисте «Иннәһу Алейһиссәләм кәәнә алаа диини қаумиһи» (Расулуллаһ қауымының әдет ғұрпында еді) делінеді. Бұл хадистің «диини қаумиһи» сөйлемінде аталып өткен дін сөзі Хз. Ибраһим (а.с.) – нан қалған таухид, хаж, неке, мирас секілді ерекшеліктері бар. Сонымен қатар Хз. Мұхаммед (с.а.у.)–қауымының жомарттық, батырлық сияқты жақсы әдет–ғұрып пен салт– сананың баяндалғаны, дін мен мәдениетттің, әдет – ғұрып пен салт–сананың арасындағы байланыстың бар екендігіне тоқталған.
Юсуф сүресінің 76 – аятында «Мәә кәәнә лиә-хузә әхааһу фии диинил мәлики» «...Өйткені, Аллаһ қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді», «дін» сөзі «шариғат», «жол», «заң» мағынасында. Әнғам сүресінің 161 – аятында «...Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбраһим (а.с.)–ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» деген аятта тура жол, дін деген мағыналарда қолданылған.
Құран Кәрімде «дин» сөзінің түбіріне қатысты сөздер жүзден аса аятта жоғарыда аталып өткен төрт топ мағынасына келгені сияқты, кей жерлерінде де осы төрт мағынаны қамтитын жүйе мағынасында да қолданылған. Бұл жүйені білдіру және басқа дін сөздерінен бөліп-жарып түсіндіру үшін Құранда «диину-л хақ» (1), «Диинән қиямән», «Диинән қайимән» (тұп-тура дін) (2), «диинуллаһ» (Аллаһтың діні) (3) секілді сөз тіркестері қолданылған. Мұнымен қатар Құран Кәрімде «дин» сөзі екі тарапты да ішіне қамтиды. Бұл екі тараптан бірі Аллаһқа қатысты билік жүргізу, есепке алу, бағындыру, жазаландыру, екінші жағы құлға қатысты мойындау, бағыну, жан-тәнімен берілу. Бұл екі жақтың арасындағы байланысты тәртіпке келтіретін нәрсе заң, жүйе және дін.
Құран Кәрімде дін терминімен Ұлы Жаратушыға бас иіу, Сол Жаратушының бұйрық және тыйымдарына құлақ асу, бұйрық пен тыйымдарына сай өмір сүрген жағдайда сый, қайшы жағдайда жазаланатына сенім тәрізді өмір жүйесін меңзегендігі байқалады. (4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет