Адхократиялық (органикалық) құрылымдар



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі264.07 Kb.
#485576
  1   2   3
баскару психологиясы 2

Адхократиялық (органикалық) құрылымдар

Орындаған: Турганова Айгерим, Төлеген Жұлдыз, Зұлпұқар Әйгерім

Құрылым деген не?

  • Құрылым (лат structura — түзіліс, орналасу, тәртіп) — объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты. Оны жүйенің (объектінің) элементтері арасындағы мәнді және қажетті байланыстар мен қатынастардың біртұтас жиынтығы деп қарастыруға болады. Құрылым мен элементтер құрамы жүйенің өзіндік сапасын айқындайды. Жүйенің түрленуі кезінде салыстырмалы түрде сақталатын, өзгермейтін, тұтас сапалық ерекшелігін білдіретін арқауы іспеттес. Құрылым мен элементтер құрамы арасында бір мәнді сәйкестік жоқ.

Адаптивтік (органикалық) құрылымдардың жаңа тобы бірте-бірте дәстүрлердің («қатаң», «адаптивтік емес») орнын басуда. Олардың принциптік айырмашылығын атап көрсету үшін «бюрократия» ұғымына «адхократия» ұғымы (лат. adhocracy – арнайы және грекше kratos – билік) қарсы қойылады. Бюрократиялық принциптен мүлде өзгеше идеяларда адхократиялық құрылымдар тұрғызылады.


Бюрократия

Адхократия

Бюрократия - (лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік) - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саясиэкономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталғаниерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады.

Адхократия – бұл әр ұйымдық құрамдас еркін модуль болып табылатын және басқа құрамдас бөліктермен өзара әрекеттесетін белгілі бір мәселені шешуге, нақты жобаны жүзеге асыруға бағытталған уақытша, ситуациялық ұйым. Мұндай ұйымда адамдардың көпшілігі үшін жұмыс өзгермелі, қайталанбайтын және жауапты болып келеді, бұл жеке адамнан еркін әрекет ету, тәуелсіз шешім қабылдау, бағалау және төрелік ету, жұмыс саласын өзгертуге үнемі дайын болуды талап етеді. Модельді американдық зерттеушілер Ким Кэмерон мен Роберт Куинн ұсынған. Модель алғаш рет 1999 жылы басылып шыққан, кейін 2006 жылы қайта басылып шыққан ұйымдық мәдениеттегі диагностика және өзгерістер кітабында сипатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет