Қадыр Мырза Әли қанатты сөздерінің құндылығы


Зерттеу жұмысының нәтижесі және қорытындысы



бет2/8
Дата14.04.2024
өлшемі352.26 Kb.
#498636
1   2   3   4   5   6   7   8
Эссе

Зерттеу жұмысының нәтижесі және қорытындысы. Зерттеуге 2 жастағы Айсұлтан есімді кішкентай бала алынды. Батырмасын басқан кезде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары айтылатын ерте жастағы балаларға арналған жүріс арбасын және бала тамақтанатын үстелін Айсұлтан 2 жасынан бастап пайдаланды. Айсұлтанның ата -анасы қазақ, орыс тілінде аралас сөйлесе де, Айсұлтанның тілі өте анық, таза ана тілінде шығуы. Қазақ тілінде өлең, жыр, бата, тақпақтар жаттауға жоғары қызығушылығы байқалуы. Зерттеуге алынған Айсұлтанда мынадай нәтижелердің болуы: Айсұлтанның көптік ортада еш қымтырылмай сөз сөйлеуі, айналасына мейірімділігі, жанашырлығы, ненің дұрыс, бұрыстығын ажырата алуы, өте жоғары есте сақтау қабілеті, 4 жасында барлық әріп пен санды үйреніп, өзге де тілдерді меңгеруі тәрізді нәтижелері болды. Орыс, ағылшын тілін меңгере бастаса да сөйлеуде ана тілін қолдануы. Осындай нәтиже көрсеткен Айсұлтанды ата-анасының орыс балабақшасынан алып, қазақ балабақшасына ауыстыруы. Бұл менің зерттеу жұмысымның ең басты жеңісі, ең басты жетістігі деп білемін. Яғни бір қазақ баласы орыс балабақшасынан қазақ балабақшасына ауысты. Әрине, ол кейін қазақ мектебіне барады. Кішкентайынан осындай қасиеттері, жетістіктері байқалған бала ол елі үшін, өз Отаны үшін қызмет ететін болады. Себебі ол қанша тілді меңгерсе де оның жаны қазақ, жүрегі қазақ, тұла бойы «Мен қазақпын» деп сайрап тұр. Себебі оған кішкентайынан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары арқылы оның санасына, тұла бойына оның қазақ екендігі сіңірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет