Қадыр Мырза Әли қанатты сөздерінің құндылығы



бет3/8
Дата14.04.2024
өлшемі352.26 Kb.
#498636
1   2   3   4   5   6   7   8
Эссе

Мазмұны



І. Кіріспе

4

І.1 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық және рухани құндылықтар

4

II. Негізгі бөлім
II.1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуде қолдану.



7

II.2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының баланың бойында ұлттық және рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі.



12

II.3. Шығармалардың баланың жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетіндігін зерттеу. Жүргізілген зерттеу нәтижесі



14

III. Қорытынды

16

IV. Ұсыныс

17

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

18



І. КІРІСПЕ


I.1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық және рухани құндылықтар
Қай халықты алсақ та тәрбиенің басты құралы ретінде әдебиетті мол пайдаланған. Тәрбие құралы ретінде әдебиетті қолданудағы мақсат - баланың дүниетанымын кеңейту, жақсы - жаман әрекеттерге баға беру, баланы ойланту, өздігінен шешім қабылдауға үйрету.
Кейде оңынан, кейде солынан соққан замана желі біздің халықты тәуекелдің желқайығына қанша рет мінгізді екен. Сондай бір мың өліп, мың тірілген сын сағатта халқының сөз бастаған шешені, топ бастаған көсемі Мәшһүр Жүсіп еді.
Күндердің керуені ұзап, айлар алыс­тап, жылдар жылжып жатыр. Сынап­тай сырғыған уақыттың өз айтары бар. Қоғам өзгерді, заман өзгерді, адам өзгерді. «Жақсының аты, ғалымның хаты қалады» – деп бұрынғылар бекер айтты дейсіз бе? Қанша заман өзгерсе де Мәшһүр Жүсіп секілді күрделі тұлғаға біржақты кесім де, шешім де айтуға болмай­ды. Үлкен ақын, дарынды әнші-композитор, талантты қоғам және мемлекет қайраткері, биік парасат иесі, арлы азамат.
Мәшһүр Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым сала­сына ден қоя бастайды. Туған жері Қызылтауда жерлестерінің ба­ла­ларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен бі­лек түре шұғылдануға шақырды. Зама­нының заңғары Мәшһүр Жү­сіп «Білім алып, өмірлік қажетті іскер­лік пен дағдыларды меңгеру – ұлттық ояну мен өркендеудің бір­ден-бір жолы» деп білді.
Мәшһүр Жүсіп шығармалары­ның басым көпшілігі адалдық пен адамдық туралы толғамды ойға толы. Жазбалары жақсылықтың жаршысындай еді. Жастарды бі­лім­ді әрі саусағынан бал тамған өнер­паз болуға да үндеді. Оның мысалдары мен өлеңдерінде халқына деген терең сүйіспеншілігі, оқу-ағарту ісін дамытып, әлеуметтік әл-ауқатқа жетуге деген уайымы аңғарылады. Мәшһүр Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, тіл білімі, педагогика, дінтану саласында зерттеулер жүргізіп, дала мәдениеті туралы терең дәлелді пікірлерін ұрпағына мұра етіп қалдырды.
Мәшһүр Жүсіптің көне ауыз әдебиеті жырларын шашау шы­ғармай жинағанының арқасында кейінгі ұрпаққа баға жетпес тарихи аңыздар, этнографиялық материалдар мен хан-сұлтандар, жыраулар мен билердің, батырлар мен қожалардың егжей-тегжей шежіресі жетті. Шығармалары­ның барлығында дерлік адам мен табиғаттың өзара байланысы және үйлесімділігін сипаттап, «қайы­рымды іс сауапқа кенелтеді» деген тұжырыммен тәмамдайды.
Ол шығармаларында, атап айт­­қанда, «Сарыарқаның кім­дікі екендігі» деген туындысында Сарыарқа жерінің жоңғарларға қар­сы қан төккен қазақ хал­­қы­на тие­сілі екендігіне тоқта­лып: ­«...Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. Ақ най­заның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабан­бай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз­дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жатпен соғысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздарды жау жолында оққа ұшырып алынған жер еді. Мен олардың не үшін құрбан болғандарын мәңгі есте сақтау үшін осы қиын жылдарды ұмытпаймын. Олар осы жер-суды болашақ ұрпаққа қалды­ру үшін жан пида болды», деп түйіндейді.
Қазақтың ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кейінгі ұр­пақ­қа қалдырған рухани мол мұ­расы – нағыз парасаттылық­­тың, инабаттылықтың, киеліліктің, ­ар-намыс пен тектіліктің жар­қын үлгісі. Бұл мұра – қазақтың тарихын түгендеуде, әдебиетін жүйелеуде таптырмас алтын қа­зына. Сол қазынаны ұлтымызға және әлемге жеткізу – бүгінгі ға­лымдардың, аудармашылардың абыройлы міндеті.
Ойшыл, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын баланың өмірлік дүниетанымын кеңейтуге, патриоттық көзқарастарын шыңдауға, ана тілін жетік меңгеруіне, баланың жеке тұлғалық “мені” қалыптасуына, осылайша ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде кеңінен қолдануды ұсынамын.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының тәрбиелік маңызын насихаттау жас ұрпақты тәрбиелеуде зор ықпалын тигізері күмәнсіз.
Әрбір қазақ баласының саналы өміріне жол сілтер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары - тәрбиенің, ұлттық құндылықтың баға жетпес шоғыры болып табылады.
Осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпаған, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын ұлт болашағы - бала тәрбиесінде, ата анасына қамқор, еңбекқор, шыншыл, адал, елін сүйетін, тілі ана тілінде сайраған Мәңгілік елдің ұрпақтарын тәрбиелеуде қолдану ұсынылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қолдануды ұсынудағы мақсатым - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары арқылы ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге титтей де болса үлес қосу.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Құрметті ел билеген хакімдер де!,-
деп жырлаған Мәшһүр Жүсіп өзі болмаса да, осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпаған, Мәшһүр Жүсіп атаның баға жетпес құнды әндерін балалық шағынан тыңдап өскен бала, елі десе еміренетін, өз ана тілінде сөйлейтін ұрпақ болады. Сонда ғана біз Мәңгілік Қазақ елі боламыз! Себебі Тіл барда ел бар.
Тарихта қанды қаңтар оқиғасы болды. Әдемі қала қирады. Даланы туған анасына, даланы тіршілік анасына теңегенді тыңдап өскен бала, ол қалайша тұрып жатырған қаласын қиратады?! Ол өзінің елі ғой. Осы сөздерді санасына құйып тыңдаған текті қазақтың баласы қалайша бір біріне қол көтереді, қалайша олар бір біріне оқ атады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет