Тәрбие сабағының тақырыбы: «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» Мақсаты



Дата20.09.2023
өлшемі18.62 Kb.
#478044
тіл татулық Полатова А


Тәрбие сабағының тақырыбы: «Тіл – татулық пен достықтың тірегі»
Мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз анна тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу,қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
«Тіл-жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі.Тіл –қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы.Сондықтан да тіл-қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс». «Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі».
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, ребустар
1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім қоржынын кеңейтеді.
Бұл мерекенің негізгі мақсаттары:

  • қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау

  • қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау

  • көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру

  • жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан осы мақсатта бірқатар шараларды қолға алып үлгерді. Осындай этностық, діндік, мәдени әртүрлілікке қарамастан, бүгінде Қазақстан өз тұрақтылығын сақтап келеді.
«Қазақ тілі-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған.Қазақ елінде,қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес,Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс.Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.Ендеше қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып,қисынын келтіріп пайдалансаң,тұп-тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.Олай болса бүгінгі «Тіл-татулық пен достықтың тірегі» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес-көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі,-демекші толғауы тоқсан тілге арналады.Енді, тіл туралы жасырынған сөзді табамыз.
Жүсіпбек Аймауытов «Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.Ана тілі-жүректің терең сырларын,халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,сақтап отыратын қазына»
Мақал-мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1997ж 11шілде)
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Әліппенің атасы кім? (А.Байтұрсынов).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет