Адвокаттың заңды және жеке тұлғаларға құқықтық көмегі



Дата13.03.2023
өлшемі17.71 Kb.
#470692
түріРегламент
Нұрсұлтан Ерзат 301 8 апта БӨЖ


Адвокаттың заңды және жеке тұлғаларға құқықтық көмегі
(мәнжазба)
1. Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасы мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталаған, әрекетке қабілетсіз деп атнылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам – босатылған күнінен бастап бір жыл бойы және лицензиясы тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.
Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамадан өтушілері болуы мүмкін. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке – дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.
Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Олар адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өткендегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.

2. Заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады. Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокаттар кеңсеслерін, сондай – ақ осындай қызметті заңды түрде тіркемей – ақ жүзеге асыруға құқылы.


Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын және Қазаұстан Республикасы Конституциясының, ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының және алқа жалпы жиналысында қабылданатын заң консультациялары туралы Ереже негізінде іс әрекет ететін заң консультциялары құрайды.
Заң консультациялары қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға және ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады.
Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және заңды тұлға құқығы жоқ. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мүлігі, мекен – жайы, тиісті адвокаттар алқасына жататаындығы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, сондай – ақ үлгілері заңда көзделген тәртіппен бектітлетін және тіркелетін өзге де белгілері болады.
Заң консультациясы орналасатын жерді елді – мекеннің ерекшелігін, тығыздығы мен санын, азаматтар мен ұйымдардың заң көмегіне жүгіну деңгейін, сол аумақтағы адвокат кеңселерінің және жеке дара жұмыс істеуші адвокаттардың бар – жоғын және т.б. ескере отырып, адвокаттар алқасының төралқасы анықтайды.
Заң консультацияларының саны олардың орналасқан жеріне байланысты әртүрлі. Мысалы, селолық жерлерде олардың саны 3 – 5 адам болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда филиалдары бар 264 қалалық және аудандық заң консультациялары жұмыс істейді.
Заң консультацияларының негізгі мақсаты:

  • жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзара қарым – қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;



  • қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, әуімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;



  • Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;



  • Адвокатура туралы заңнамаға сәйкес өзінің және басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;



  • Заң консультацияларының жұмысын ұйымдастыру және оның мүшелерінің адвокат мінез – құлқының кәсіби нормаларын сақтауына және олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;

  • Заң консультациялары мүшелерінің қызметін материалдық – техникалық және ақапараттық – анықтамалық қамтамасыз ету және т.б.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет