Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Білім алушыны дұрыс бағалау – оқытуда жетістікке жетудің бір факторы
Дайындаған: Куралбайқызы Гүлнұр,
Жолдасхан Әсел, Төрехан Назым
Тобы: Бастауыш білім бизнес инновациямен
Қабылдаған: Сартаева Н.Т
Алматы, 2023
Ғалымдардың «бағалау» ұғымына берген тұжырымдамалар каталогы
Ж. А. Қаратаевтың технологиясын қолданғанда оқушылар білімін саралап, деңгейлеп, бір – бірінен күрделілігі бойынша айырмасы бар 4 деңгейлік тапсырмалар бере отырып, балдық жүйе бойынша бағалайтын мүмкіндігі бар. Бұл технологияда бағалаудың рейтингтік жүйесі бойынша ұпай жинау басты ерекшелік. Оқушы еңбегін бағалаудағы мақсат - сынып оқушыларын «қабілетті – қабілетсіз» деп жікке бөлушілік болмайды.
Пайдаланылған әдебиет:
«Білім-инфо» журналы.
Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев: «Оқытудың үш сатылы әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдысын бағалау ерекшеліктері» мақаласы
Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б, Құдиярова А. М еңбегінде, Бағалау - оқытудың құрамдас бөлiгi жəне қорытын-дылау сатысы. Бағалау, бiр нəрсенiң деңгейiн, сапасын, дəрежесiн белгiлеу. Оны оқушының оқу-таным əрекетiнде қарастырсақ оқыту процесiнiң мiндеттерiн оқушылардың қандай дəрежеде меңгеруi, дайындық деңгейi мен дамуын, бiлiмдерiнiң сапасын, бiлiк пен дағды көлемiн анықтайтын құрал екендігі айтылған.
Ал, Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогикасында- «Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нəтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау», деп көрсетілген.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор ( Бегляров Э. 2010).
Я.А. Коменский, В.Г.Белинский еңбектеріндегі педагогикалық бағалау мəселесі:
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады.
Қоянбаевтың еңбектерінде әуелі оқушыларды өзін өзі бақылау тәсілдеріне үйрету, олардың жауапкершілігін, өз күштеріне сенушілігін арттырады. Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі.
«Бағалау» деп оқушының жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтқан. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік мағынасы бар.
Мұғалім оқушлардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасыр тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлпу тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен шектеоуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі қаншалықты берік, терең, дәл, анық міне, осы жағына баса көңіл аударуы керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |