«Аэроклубтар туралы үлгі ережені бекіту туралы»



Дата09.07.2016
өлшемі46.5 Kb.
#187328

«Аэроклубтар туралы үлгі ережені бекіту туралы»


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «___» ________________ № ____ бұйрығына

анықтама-негіздеме




Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-35) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Қазақстан Республикасы Заңын



іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

«Аэроклубтар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 399 қаулысы

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17 тармағының талаптарын ескере отырып, заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат шығындары ұлғаюын немесе түсімдер қысқартылуын талап етпейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz веб-сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған


9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)

Жоқ



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрлігі Заң

департаментінің директоры А. Алиақпаров



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет