Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметiнiң жұмысын тексеру парағының нысанын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі48.22 Kb.
#11522
Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметiнiң жұмысын тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 29 мамырдағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 28 маусымда № 7763 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 25.08.12 ж. № 551-556 (27629); "Казахстанская правда" от 25.08.12 г. № 286-287 (27105-27106); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2012 жылғы, № 15 (тираждың шыққан уақыты 24.09.2012 ж.)


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 14-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметiнiң жұмысын тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның ресми түрде жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                       А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң     
2012 жылғы 29 мамырдағы
№ 290 бұйрығымен  
бекiтiлдi     

нысан


Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметiнiң жұмысын тексеру парағы

Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган: ___________________________


Тексерудi тағайындау туралы акт (№, күнi):___________________________
Күнi, орны және тексеру өткiзу кезеңi:_______________________________
Аэронавигациялық ұйымның атауы (филиал): ____________________________
БСН: ________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы: _______________________________________________

р/с №

Атауы

Сәйкестiгiн бағалау (+/-)

Сәйкессiздiк ұстанымының нөмiрi




Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету







1.

ААБ қызметiнде сапа жүйесiнiң болуы және оның Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымның (ISO) сериясы 9000 сапа кепiлi стандарттарына сәйкес келуi.







2.

Деректердi жариялауға дайындау немесе қолдану кезеңдерiнде анықталған қателердi түзету мақсатында аэронавигациялық деректердiң негiзiн анықтауды қамтамасыз ету үшiн белгiленген рәсiмдердiң болуы.







3.

Аэронавигациялық деректердiң сапасына рұқсат беру дәрежесiмен аэронавигациялық деректердi жариялауды қамтамасыз ету.







4.

NОТАМ хабарламаларын әзiрлеу және жариялау тәртiбiн сақтау.







5.

«Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекiтiлген Әуе кемелерiн пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының 12-тармағының талаптарына сәйкес Аэронавигациялық ақпарат жинағын жариялауды қамтамасыз ету.







6.

Арнайы журналдың болуы және алынған бастапқы аэронавигациялық ақпаратты тiркеу.







7.

Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткiзушiлер ұсынған аэронавигациялық деректердi сақтау.







8.

АIRАС жүйесiнiң мерзiмiнде аэронавигациялық ақпаратты жариялауды және таратуды қамтамасыз ету.







9.

Аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгiзiлетiн аэронавигациялық карталардың жариялануын қамтамасыз ету.







      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ААБ қызметi – аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметi
      NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген азронавигациялық жабдықты iске қосу, оның жай-күйi немесе өзгерту, қызмет көрсету және қағидалар немесе қауiп туралы ақпаратты, ұшуды орындаумен байланысты персонал үшiн маңызы бар уақтылы ескерту ақпаратын қамтитын хабарлама.
      АIRАС - аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу және бақылау.

      Сәйкестiк бағасы:


      (*) – осы ұйым үшiн мiндеттi емес;
      (-1) – ұшу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал ететiн сәйкессiздiк;
      (-2) – ұшу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал ететiн және уәкiлеттi органмен келiсiлген мерзiмде жоюға жататын сәйкессiздiк;
      (-3) – ұшуды орындау қауiпсiздiгiне елеулi ықпал етпейтiн елеусiз сәйкессiздiктер.
      ААБ қызметiнiң сәйкессiздiк тiзбесi осы Аэронавигациялық ұйымның қызметiн тексеру парағының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.

Аэронавигациялық ақпаратты


басқару қызметi жұмысын  
тексеру парағының нысанына
қосымша         

нысан


ААБ қызметiнiң сәйкессiздiктер тiзбесi

______________________________________________________


Субъект атауы

ААБ қызметiнiң жай-күйiне сәйкессiздiк ұстанымының №

Сәйкесiздiктiң сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3

 

 

 

 

 

 

Тексерушiлер: ______________________________________________________
              _____________________________________________________
              ______________________________________________________
                         (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

Тексеру жүргiзген күнi: «_______» жылғы «___»______________

Таныстым:

Тексерген ұйымның басшысы: _________________________________________


                               (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет