Қағидалары 1-бөлім. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата08.07.2016
өлшемі372 Kb.
#185523
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «29» сәуірдегі

№ 523 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану)

қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін (бұдан әрі – ҒЗК) құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алғыжоба (техникалық ұсыныс) – ғарыш зымыран кешенін әзірлеу негіздемесін және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, ғарыш зымыран кешенін әзірлеу, өндіру және пайдалану бойынша бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттаманың түрі;

2) авторлық қадағалау – бұл жасаушы ұйымның бұйымдарды жасауға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әзірлеуші ұйымның өкілеттілігі;

3) алдын ала сынаулар – тәжірибелік үлгілерді қабылдауды сынауға ұсыну мүмкіндігін айқындау үшін оларды бақылау сынауы;

4) алғыжобаны, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ТКЖ) орындауға тактикалық-техникалық тапсырма (бұдан әрі – ТТТ) – ТКЖ тапсырыс беруші бекітетін, құрылатын ғарыш зымыран кешеніне тактикалық-техникалық талаптар кешенін, сондай-ақ ТКЖ маңызының, көлемінің және орындалу мерзімдерінің талаптарын белгілейтін бастапқы техникалық құжат;

5) әзірлемені зерттеу және негіздемесі – бастапқы талаптарды қалыптастыру және оларды құру қағидаттарын іздестіру және негіздеу жөніндегі жұмыстар жиынтығының орындалуымен сипатталатын ғарыш зымыран кешені, оның бұйымдары мен материалдарының тіршілік циклының сатысы;

6) әзірлеме – ғарыш зымыран кешендері және оның бұйымының жобалау және жұмыс конструкторлық құжаттамасын әзірлеу, тәжірибелік үлгілердің, бас үлгінің немесе бұйымдардың тәжірибелік үлгілерінің лектерін жасау және сынау, олардың ҰС кейін құжаттаманы түзету және бекіту бойынша жұмыстар жиынтығының орындалуымен сипатталатын ғарыш зымыран кешені, оның бұйымдарының және материалдарының тіршілік циклының сатысы;

7) бұйым – ғарыш зымыран кешені құрамына немесе оның кез келген құрылымына кіретін барлық түрдегі ҒЗК-нің құрамдас бөлігі, жүйесі, аппаратурасы, агрегаты, аспаптары, блоктары, тораптары, электр радио бұйымдары (бұдан әрі – ЭРБ), жиынтықтаушы элементтері, бағдарламалық бұйымы, басқарудың автоматтандырылған жүйелері (бұдан әрі – БАЖ);

8) бас ғылыми-зерттеу институты – басқа ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, ТТТ (ТТ) қойылған талаптардың орындалуын және жұмыс сапасын бақылау мақсатында құру мен өндіру кезеңдегі нәтижелерге сараптама жұмыстарын жүргізетін ұйым;

9) бастапқы деректер – жобалау процесінде қажетті техникалық сипаттамалар мен параметрлерді, сондай-ақ қосымша немесе алдын ала талаптарды қамтитын және орындаушылардың арасында келісілген жұмыстар құжаты;

10) біліктілік сынақтары – ұйымның осы өнімді шығаруға дайындығын бағалауға арналған алғашқы серияны (басты үлгіні) бақылау сынақтары;

11) бұйымның тәжірибелік үлгісі (тәжірибелік бұйым) – жаңадан әзірленген конструкторлық жұмыс құжаттамасы бойынша сынау, оның ішінде ұшуда сынау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау процесінде оның тактика-техникалық тапсырмасының немесе техникалық тапсырмасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін дайындалған (пысықталған, жаңғыртылатын) өнім үлгісі;

12) бұйымдарды өндіріске қою – өнімнің (алғашқы партиясының) алғашқы үлгілерін шығарылуын расталатын бұйымдар өндірісін дайындау және игеру жөніндегі іс-шараларды жүргізумен сипатталатын жаңадан әзірленген (жаңғыртылған) бұйымдар өндірісін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін іс-қимылдар жиынтығы;

13) ғарыш зымыран кешендерін бас әзірлеуші ұйым – әзірлеуші ұйымдар мен жасаушылар бірлесіп, тапсырыс берушінің тактика-техникалық тапсырмасына немесе техникалық тапсырмасына сәйкес тұтастай ғарыш зымыран кешенін құру жұмыстарын жүргізетін ұйым;

14) ғарыш зымыран кешендерін бұйымын бас әзірлеуші ұйым – бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірлесіп ғарыш зымыран кешені бас әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасына сәйкес ҒЗК бұйымын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйым (неғұрлым ірі құрылым бұйымы);

15) ғарыш зымыран кешені тіршілік циклы (олардың бұйымдары, материалдары) – ғарыш зымыран кешендерін әзірлеу, жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру, жою және кәдеге жарату процестері;

16) ғарыш зымыран кешені (бұйым) сапасы – ғарыш зымыран кешені (бұйым) мақсатына сай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға ғарыш зымыран кешені (бұйым) жарамдылығына негізделген қасиеттердің жиынтығы; бұл ретте кешеннің құрылуы және пайдалануы кезінде байқалатын ғарыш зымыран кешенінің (бұйымның) объективті ерекшелігі ретінде көрінеді;

17) ғарыш зымыран кешені (бұдан әрі - ҒЗК) - ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;

18) ғарыш айлағы - ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылыстар мен жер учаскелері кешені;

19) ҒЗК бұйымын әзірлеуші ұйым – кешенді (неғұрлым ірі құрылым бұйымды) бас әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасына сәйкес бұйым жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйым;

20) ҒЗК (ҒЗК бұйымның) пайдалану жүйесі – өзара іс-қимыл техника бұйымдарының пайдалану әр кезеңінің міндеттеріне сәйкес болатын өзара байланысты техника бұйымдарының, оларды пайдалану құралдарының, орындаушылардың және құжаттамалардың жиынтығы;

21) ҒЗК (бұйымның, материалдың) құрылуы – бастапқы талаптардың құрылуынан өндірістің аяқталуына дейінгі ҒЗК (бұйымның, материалдың) тіршілік циклы сатысының жиынтығы;

22) дербес сынаулар (бұдан әрі – ДС) – ҒЗК аралас бұйымдарымен оның жұмыс істеуін тексермей-ақ жекелеген бұйымды эксперименттік өңдеу кезінде айқындалатын және жүргізілетін сынау түрлерінің жиынтығы;

23) жиынтықтаушы бұйым – жасаушы ұйым шығаратын бұйымның құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын жеткізуші ұйым бұйымы (жүйе, аппаратура, аспап, блок, торап, бөлшек, ЭРБ, жиынтықтаушы элемент). Қағидалар мәтінінде – бір ұйым екінші ұйымға жеткізетін бұйым;

24) жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектісі – бір немесе бірнеше функцияларды орындалуға арналған техникалық объекті: ғарыш мақсатындағы зымыранды (бұдан әрі – ҒМЗ) белгіленген әзірлікте тасымалдау, сақтау, жинау және ұстау, техникалық қызмет көрсету, дайындау және ұшыру, ҒМЗ ұшыруының белсенді учаскелерінде телеметриялық және траекториялық өлшеулерді өткізу, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету;

25) жасаушы ұйым (жеткізуші) – ҒЗК бұйымын жасауды, құрастыруды және жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;

26) кешендік сынақ (бұдан әрі – КС) – шынайы жағдайларға жақын эксперименттік өңдеу және екі немесе одан көп функционалдық байланысты ҒЗК бұйымдарын тексеру кезінде жүргізілетін сынақ түрлерінің жиынтығы. Бұл ретте тұтастай бас (басты) конструктордың шешімі бойынша ҒЗК жеке бұйымын сынау жалпы оған кіретін бұйымдарға қатысты КС және бір мезгілде неғұрлым ірі құрылым ҒЗК бұйымына қатысты АС болып табылуы мүмкін;

27) қабылдау-тапсыру сынаулар – өндіріс процесінде қабылдауын бақылау кезіндегі өнімді бақылау сынаулары;

28) қабылдау сынаулар – жеткізуге дайын бұйымдардың үлгілерін мақсатты пайдалану бойынша тәжірибелік жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін оларды нақты бақылау сынаулары;

29) өндірісті дайындау – берілген шығару көлемінде талап етілетін сападағы бұйымдар шығаруға ұйымның әзірлігін қамтамасыз ететін ұйымдық, техникалық, экономикалық, әлеуметтік және басқа іс-шараларды өткізу жөніндегі іс-қимылдар жиынтығы;

30) өндіріс – өнеркәсіп дайындығын ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жиынтығының орындалуымен сипатталатын бұйымдардың (материалдардың) тіршілік циклының сатысы;

31) пайдалану қауіпсіздігі – берілген шарттарда ҒЗК пайдалану мерзімі ішінде қызмет көрсететін персоналдың денсаулығына, қоршаған ортаға, жақын орналасқан ғимараттар мен бұйымдарға залал келтіру тәуекелінің болмауын немесе оны мейлінше азайтуды қамтамасыз ететін пайдалану процесі қасиеттерінің жиынтығы;

32) пайдалануға беру – бұл ҒЗК жүйелерінің, құрамдас бөлігі агрегаттарының және тұтастай ҒЗК жұмыс істеуге дайындығы, оларды жөндеу, жұмыс істеу дұрыстығын тексеру және оны пайдалануға қабылдау комиссиясының қабылдау, сондай-ақ пайдаланушы ұйымның тиісті лауазымды адамдарына бекіту жұмыстарының жиынтығы;

 33) ресурстық сынаулар – техникалық тапсырмада айқындалған ресурстық сипаттамаларды өңдеуге және растауға арналған сынаулар;

34) соңғы құрастыру – бұйымның (құрамдас бөліктің, құрастыру бірлігінің) жұмыс істеуге қабілетті жай-күйін растау үшін тікелей технологиялық құжаттаманың, сондай-ақ конструкторлық құжаттаманың талаптарын тексеру мақсатында көрсетілген жұмыстарды жүргізу процесінде қабылдаудағы бақылауға тағайындалатын және ұсынылатын бұйымды (құрамдас бөлікті, құрастыру бірлігін) жасаушы ұйымда құрастыру (монтаждау, реттеу);

35) сәйкестікті бағалау – объектіге қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама растау;

36) сапа (қасиет, жай-күй) параметрі – қасиеттің (қасиеттер тобының) сандық белгісі немесе бұйымдардың жай-күйі;

37) сапа жүйесі – сапаға жалпы басшылық етуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның, жауапкершіліктің, рәсімдердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;

38) тапсырыс беруші – заңды немесе жеке тұлғаның мүддесінде құрылатын ҒЗК;

39) тұтынушы – ҒЗК және оның бұйымдарының мақсатты міндеттерді орындау нәтижелерін өз мүддесінде пайдаланатын тапсырыс беруші немесе ведомство, орган, ұйым;

40) тасымалдағыш зымыран – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;

41) техникалық бақылау жүйесі – дайындаудың технологиялық процестерінің ажырамас бөлігі ретінде бақылау объектілерін, көлемін, оның көп еңбекті қажет ететін өлшемін және режимдерін, оны жүргізу дәйектілігін, техникалық жарақтандырылуын және біліктілік талаптарын айқындайтын бақылау әдістері мен жоспарларының, бұйымдарды қабылдау қағидалары мен өлшемдерінің, бақылау операцияларының кешені;

42) тіршілік циклының сатысы – өнімнің белгілі бір жай-күйімен көзделген жұмыстар түрімен және олардың нәтижесімен сипатталатын өнімнің тіршілік циклының бір бөлігі. ҒЗК бұйымдарының тіршілік циклының сатылары – ғылыми, жобалық және жүйелі зерттеулер, әзірлеу, жобалау, өндіру (дайындау), монтаждау, құрылысын салу, сынау, пайдалану, пайдаланудан шығару (кәдеге жарату, жою) процестері;

43) ТКЖ құрамдас бөлігін орындау үшін техникалық тапсырма (бұдан әрі – ТТ) – ТКЖ тапсырыс беруші (бас әзірлеуші ұйым) бекітетін және құратын ҒЗК-нің құрамдас бөліктері техникалық талаптары кешенін, сондай-ақ ТКЖ құрамдас бөліктерінің мазмұны, көлемі мен орындалу мерзімдерінің талаптарын белгілейтін бастапқы техникалық құжат;

44) техникалық-экономикалық көрсеткіштер – ҒЗК (оның бұйымдарын) сипаттайтын және тәжірибелік үлгілерді әзірлеудің, дайындаудың және сынаудың, осы ҒЗК (оның бұйымдары) бойынша сериялы өндірістің, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және басқа жұмыстардың ақшалай мәндегі құнын айқындайтын техникалық, экономикалық, ұйымдық және басқа да көрсеткіштердің жиынтығы;

45) технологиялық қамтамасыз ету – бұйымдардың технологиялылығын, технологиялық проблемаларды шешу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді, бұйымдар өндірісін дайындауды және игеруді негіздейтін бұйымдарды жасау және оларды өндіріске қою жөніндегі жұмыстар кешеніндегі жаңа технологиялық процестерді эксперименттік өңдеуді, іс-шаралар кешені. Технологиялық қамтамасыз етуді бұйымдарды әзірлеушілер, технологтар, материалтанушылар және басқа да мамандар өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады;

46) тіршілік циклының кезеңі – жобалаудың, қаржыландырудың және орындалудың дербес объектісі болып табылатын, белгілі нәтижелерге жету үшін бағытталған тіршілік циклы сатысының бір бөлігі;

47) ұшу сынаулары (бұдан әрі – ҰС) – ҒЗК шынайы табиғи жұмыс істеу және мақсатты міндеттерді орындау жағдайларында сынау;

48) эксперименттік өңдеу – математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету, баллистикалық негіздеме бойынша, технологиялық процестерді өңдеу, бойынша жұмыстарды, сондай-ақ тәжірибелік-теориялық әдіс негізінде жүргізілетін жұмыстарды қоса алғанда, шынайы жағдайларға жақын жағдайларда бұйым сипаттамаларының ТТТ (ТТ) талаптарына сәйкестігін тексеру, олардың жұмыс істеуге қабілеттілік қорларын айқындау мақсатында модельдерде, макеттерде, тәжірибелік үлгілерде сынауды дайындау және жүргізу жөніндегі жұмыстардың жиынтығы;

49) электр радио бұйымдары (ЭРБ) – функционалдық аяқталған электронды техника бұйымдары, радио және электр техникалар: электр вакуумды аспаптар, жартылай өткізгішті аспаптар, интегралды микросызбалар, микромодульдер, резисторлар, конденсаторлар, радиобөлшектер, реле және т.б.

3. Егер нақты ҒЗК-ден бөлек құрылатын болса, онда ҒЗК, сондай-ақ ҒЗК жекелеген құрамдас бөліктерін құруды тапсырыс берушінің олармен шарттық (келісімшарттық) негізінде ТТТ немесе ТТ негізінде жүзеге асырады.


ҒЗК бұйымдарын құру ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдардың (жобалау ұйымдарының) ТТ бойынша жүзеге асырады. Бірлесіп орындаушыларға ТТ берген ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдар оларға қатысты тапсырыс берушінің функцияларын орындайды және олармен ТТ бойынша жұмыстарды орындауға шарттар (келісімшарттар) жасасады.

4. ҒЗК мен оның бұйымдарын құруды қамтамасыз етуде ғылыми-техникалық мүмкіндік бойынша (оның ішінде прогрессивті технологиялар, материалдар және үлгілік конструкторлық-технологиялық шешімдер бойынша) құру мен жұмыс істеу қажеттілігін негіздеуді ҒЗӘ орындау кезінде жүргізеді.

5. ҒЗК мен оларға кіретін бұйымдарды жасау, өндіру пайдалануға беру тапсырыс берушімен шарттар бойынша (келісімшарттар) мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:

1) ғылыми әзірлемелер.

2) жобалау:

- алғыжоба (техникалық ұсыныс);

- нобайлық жоба (техникалық жоба).

3) дайындау:

ҒЗК тәжірибелік бұйымдары мен макеттеріне жұмыс құжаттамасын әзірлеу;

ҒЗК макеттері мен тәжірибелік бұйымдарын жасау және жұмыс құжаттамасын түзету;

ҒЗК тәжірибелік бұйымдарын жасау, зауыттық сынаулар және жұмыс құжаттамасын түзету;

4) монтаждау;

5) құрылыс;

6) ҒЗК мен оның құрамдас бөліктерін сынау:

- жүйелер мен агрегаттарды ДС;

- ҒЗК құрамдас бөліктерін КС;

- ұшу сынаулары.

7) пайдалануға енгізу:

тәжірибелік пайдалану;

штаттық пайдалану.

6. Макеттер мен бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындау жөніндегі жұмыстар (бұдан әрі – тәжірибелік бұйымдар) осы макеттер мен тәжірибелік бұйымдарды мақсатқа сай пайдалану үшін жоспарланған құрудың сол кезеңіне жатқызылады.

7. ҒЗК ТТТ-да (ТТ-да), ҒЗК бұйымдарына ТТ-да осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жұмыстардың қажетті кезеңдерінің тізбелері келтірілуі тиіс.

8. Нақты ҒЗК (және оның бұйымдарын) құру процесінде жұмыстарды жалпы үйлестіруді тапсырыс берушінің шешімін басшылыққа алатын бас әзірлеуші ұйым жүргізеді.

Шарт (келісімшарт) жұмыстар көлемін және құнын жыл сайын нақтылаумен ҒЗК құрудың бүкіл кезеңіне жасалады.

9. Ғылыми және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарда ҒЗК құруға, шығаруға және пайдалануға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылады.

10. ҒЗК құру процесі жалғаспалы жоспарлауға жатады. Жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттары мыналар болып табылады: ҒЗК құрудың бас кестесі (кесте-жоспары) (ҒЗК бұйымдарын құру кестелері немесе кесте- жоспарлары), алғыжобаны (техникалық ұсынысты) және нобайлық жобаны әзірлеудің кесте-жоспарлары, тапсырыс беруші мен бас әзірлеуші бекітетін ҒЗК бұйымдарын әзірлеудің, өңдеудің және дайындаудың кесте-жоспарлары, ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құруды қамтамасыз ету үшін күрделі құрылысты, жерүсті объектілерін, стендтерді, ғимараттарды құру (толық жабдықтау, қалпына келтіру) жоспарлары.

ҒЗК арналған жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарын бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге, ҒЗК бас әзірлеуші ұйым әзірлейді. Бірлесіп орындаушы ұйымдар ҒЗК бұйымдарына жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарын, тұтастай алғанда оларға қатысты ҒЗК арналған тиісті жұмыс құжаттары кіретін бөлігін әзірлейді.

Осы Қағидаларға сәйкес әзірленетін сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламаларында (бұдан әрі – СҚБ) және ҒЗК мен оның бұйымдарының басқа бағдарламаларында көзделген жұмыстар мен іс-шаралар ҒЗК және ҒЗК бұйымдарына арналған жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарына тиісінше енгізіледі.

Жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттары ҒЗК мен оның бұйымдарын құру жөніндегі жұмыстарды ағымдағы жоспарлау және бақылау үшін негізгі құжаттар болып табылады. Бұл ретте жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттарында көзделген жұмыстарды неғұрлым ұсақ жұмыстарға бөлуге, оларды шартта (келісімшартта) көзделген көрсетілген жұмыстарды орындаудың бастапқы және түпкі мерзімдерін өзгертпей нақтылауға және толықтыруға жол беріледі.

11. Жалғаспалы жоспарлаудың жұмыс құжаттары ҒЗК мен оның бұйымдарын құрудың нақты кезеңдеріне кезең-кезеңімен қолдануға болатындай етіп әзірленеді.

12. ҒЗК құрудың бас кестесі (кесте-жоспары) осы ҒЗК бойынша орындаушылардың жұмыстарын орындау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау үшін бағытталған. ҒЗК құрудың бас кестесі (кесте-жоспары) ұлғайтылған желілік модельді білдіре алады және ҒЗК мен оның негізгі бұйымдарын құру кезеңдеріндегі ұлғайтылған жұмыстардың тізбесінен тұрады. ҒЗК құрудың бас кестесі (кесте-жоспары) және ҒЗК бұйымдарын құрудың кестелері (кесте-жоспарлары) жұмыстарды жүргізу мерзімі, тәртібі және орындаушылар бойынша өзара байланысты.

ҒЗК құрудың бас кестесі (кесте-жоспары): «Алғыжоба (Техникалық ұсыныс)» кезеңінде – алдын ала, «Нобайлық жоба» кезеңінде – нақтыланған кезең-кезеңмен әзірленеді. Бас әзірлеуші ұйым үш ай мерзімде нобайлық жобаға тапсырыс беруші келіскеннен кейін кестені (кесте-жоспарды) мүдделі ұйымдармен және тапсырыс берушімен келіседі және оны бекітеді.

13. ҒЗК құрудың бас кестесіне (кесте-жоспарына) және ҒЗК бұйымдарын құру кестелеріне (кесте жоспарына) енгізілген жұмыстар мынадай жұмыс құжаттарында:

1) «алғыжоба (Техникалық ұсыныс)» және «Нобайлық жоба» кезеңдерінде – алғыжобаны (техникалық ұсынысты) және нобайлық жобаны әзірлеудің тиісті кесте-жоспарларында;

2) кейінгі кезеңдерде – мемлекеттік тапсырыс беруші (тапсырыс беруші) және ҒЗК бас әзірлеушісі бекітетін ҒЗК бұйымдарын әзірлеу, өңдеу және дайындау жөніндегі кесте-жоспарларда;

3) ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құруды қамтамасыз ету үшін жерүсті объектілерін, стендтерді, ғимараттарды күрделі салу, құру (қайта жаңарту, толық жабдықтау) жоспарларында егжей-тегжейленеді және нақтыланады.

14. ҒЗК бұйымдарын әзірлеу, өңдеу және дайындау жөніндегі кесте-жоспарлардың жобаларын «Нобайлық жоба» кезеңінде ҒЗК бас әзірлеуші-ұйымдар осы кезеңдегі нәтижелер негізінде бірлесіп орындаушы ұйымдармен әзірлейді.

ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдар нобайлық жобаны әзірлеудің кесте жоспарында белгіленген мерзімде ҒЗК бас әзірлеуші ұйымына тиісті ҒЗК бұйымдарын әзірлеу, өңдеу және дайындау жөніндегі кесте жоспарлардың жобаларын ұсынады.

15. ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдар мен ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдары ҒЗК құру кезінде мыналарды:

1) жобалау мен сынаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, сапаны қамтамасыз ету мен кепілдік беруге, өндірісті құру мен игеруді қысқартуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және іс-шараларды әзірлеуді;

2) жерүсті жағдайында ҒЗК ҰС басталғанға дейін ҒЗК бұйымдарын эксперименттік өңдеудің негізгі көлемін орындау. «Ұшу сынаулары» кезеңінде – жерүсті жағдайында, оның ішінде халықаралық шарттарды (құқықтық шектеулерді) орындауды есепке ала отырып, техникалық жағынан орындау мүмкін емес немесе берілген мерзімде экономикалық жағынан орынсыз өңдеуді ғана жүргізуді;

3) жұмыс режимінің ТТТ, ТТ бойынша шекті рұқсат етілетінін (экстремальдық) жағдайды қоса алғанда, шынайыға жақын жағдайда сынауы (АС және КС өткізуді);

4) жерүсті өңдеуді сондай-ақ ұшуда да жүйелер мен агрегаттардың жұмысын модельдеуді жүргізуге мүмкіндік беретін бірлесіп орындаушы ұйымдарда ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымда конструкторлық-технологиялық макет, кешенді модельдеуші стендтерді құруды нақты жүйелермен және құралдармен қоса алғанда, эксперименттік өңдеу үшін кешенді стендтер мен макеттерді құруды;

5) бұйымдардың тиісті сынақтары басталғанға дейін сынақ жабдықтары мен құралдарын іске қосуды;

6) жобаның іске асырылуын кешенді талдауды;

7) ҒЗК, оның бұйымдарын, материалдарын, жартылай өңделген өнімін құру, шығару және пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

8) ҒЗК бұйымдары мен тұтастай алғанда ҒЗК-ны мақсатқа сай қолдану үшін жасаудың, монтаждаудың және дайындаудың прогрессивті, автоматты және автоматтандырылған құралдары мен сапаны бақылау әдістерін, сондай-ақ диагностикалық бұзбайтын бақылауды және ЭРБ бақылау сынақтарын енгізуді қарастырады.

ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдар мен әзірлеуші ұйымдар олардың бұйымдарын құру мен шығаруды технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

16. ҒЗК және оның бұйымдарының сенімділігіне, ҒЗК пайдалану, оның құрамдас бөліктері мен жүйелері қауіпсіздігінің талаптары (оның ішінде экологиялық қауіпсіздік), сондай-ақ осы талаптарды растаудың тәртібі мен шарты ҒЗК-ге ТТТ-да және ҒЗК бұйымдарына ТТ көрсетілген.

17. ТТТ (ТТ) берілген сенімділік деңгейін, ҒЗК, оның құрамдас бөліктерін, жүйелерін пайдалану қауіпсіздігін (оның ішінде экологиялық қауіпсіздігін) қамтамасыз ету, растау және бақылау мақсатында ҒЗК (оның бұйымдарын) құру кезеңдерінде жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен орындалуына қойылатын талаптар, сондай-ақ осы жұмыс түрлерінің тізбесі СҚБ және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларына (бұдан әрі – ПҚҚБ) енгізілген.

СҚБ ТТТ (ТТ) бойынша құрылатын, барлық ҒЗК мен олардың бұйымдарына, сондай-ақ ТТ бойынша пысықталатын ҒЗК бұйымдарына әзірленеді. ПҚҚБ (оның ішінде экологиялық қауіпсіздігі) құрамдас бөліктеріне, жүйелерге және тұтастай ҒЗК-ға әзірленеді.

ҒЗК бас әзірлеуші ұйым ҒЗК, СҚБ және ПҚҚБ әзірлейді, ал бірлесіп орындаушы ұйымдар ҒЗК өзі де, осы бұйымдар да кіретін неғұрлым ірі құрылымдардың ҒЗК бұйымдарына көрсетілген бағдарламалардың құрамдас бөліктері болып табылатын ҒЗК бұйымдарының тиісті СҚБ және ПҚҚБ әзірлейді.

18. Алғыжобалардың (техникалық ұсыныстардың) және нобайлық жобалардың құрамына СҚБ және ПҚҚБ енгізіледі.

19. Бірлесіп орындаушы ұйымдар ТТ берген ұйымға келісу үшін СҚБ және ПҚҚБ ұсынады. Келісілген СҚБ және ПҚҚБ неғұрлым ірі құрылымдардың ҒЗК бұйымдарына, тұтастай ҒЗК-ны қоса алғанда, бұйымдардың тиісті бағдарламаларын жасау үшін ТТ берген ұйым пайдаланады.

20. ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдар, ҒЗК бұйымдарын бас әзірлеуші ұйымдар, ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдардың басшылары талап етілетін техникалық деңгейді, ҒЗК мен олардың бұйымдарын құруды негіздеу және мерзімін орындау, оларды өңдеу толықтығы мен жеткілікті болуын, конструкторлық, (оның ішінде пайдалану), технологиялық құжаттаманың сапасы, ҒЗК (оның бұйымдарын) құрудың әрбір кезеңінде жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуын, тапсырыс берушіге жеткізілетін өнімнің сапасы мен жинақтылығын, сериялық (бір реттік) шығару және пайдалану процесінде ҒЗК мен олардың бұйымдарының талап етілетін сапасы мен сенімділігінің деңгейін беруді және ұстауды қамтамасыз етеді.

ҒЗК бас әзірлеуші ұйым және ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйым ТТТ (ТТ) талаптарының уақтылы және сапалы орындалуын, конструкторлық құжаттаманың сапасын, эксперименттік өңдеу толықтығы мен жеткіліктілікті болуын, құру, сериялық (бір реттік) шығару және пайдалану процесінде ҒЗК бұйымдарының сенімділігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз етеді.

21. ҒЗК бұйымдарын әзірлеуші ұйымдағы және жасаушы ұйымдардағы бастықтар мен лауазымды тұлғалар, оларға қатысты бөлікте ҒЗК мен олардың бұйымдарын өңдеу, дайындау және жеткізу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді.

22. ҒЗК бұйымдарды, құрамдас бөліктерді, жүйелерді, агрегаттарды (құралдарды) әзірлеуші ұйымдар, оларға қатысты бөлікте ҒЗК бұйымдарын құруды аяқтау кезінде ҒЗК арналған ТТТ (ТТ) мен ҒЗК бұйымына арналған ТТ-да берілген сенімділікке қойылатын талаптарды бағалайды және растайды.

ҒЗК бұйымдарын, оның ішінде ЭРБ мен жинақтаушы элементтерді жасаушы ұйымдар (жеткізушілер) осы бұйымдарға арналған техникалық шарт (бұдан әрі – ТШ) талаптарына сәйкес олар жеткізетін бұйымдардың жұмыс істеу қабілеттілігі мен сақталуын қамтамасыз етеді.

23. ҒЗК және оның бұйымдарын құру кезінде ҒЗК бас әзірлеуші ұйымдар бірлесіп орындаушылармен бірге оқу-машықтану құралдарын, бейстандартты жөндеу - технологиялық және имитациялау-стенд жабдықтарын құруды, ҒМЗ жабдықтары мен ҒЗК бұйымдарын кәдеге жаратуға арналған жабдықтар, сондай-ақ қажетті конструкторлық (оның ішінде пайдалану) әзірлемені, технологиялық құжаттаманы және бағдарламалық математикалық қамтамасыз етеді.

24. ҒЗК мен олардың бұйымдарын құру процесінде эксперименттік сынаудың кешенді бағдарламаларына (бұдан әрі – ЭСКБ) сәйкес бұйымдардың жұмыс істеуінің ТТТ (ТТ) айтылған нақты шарттарға барынша жақындатылған жағдайларда оларды эксперименттік сынау (АС және КС) жүргізілуі тиіс.

ТТ бойынша әзірленетін ҒЗК барлық бұйымдары ҒЗК және оның бұйымдарын қабылдау сынақтарына (ҰС) тәжірибелік штаттық үлгілерді (олардың партияларын) көрсету мүмкіндігін айқындау мақсатында алдын ала сыналады. Алдын ала сынақтар тізбелерін бұйымдардың ЭСКБ-ге қосады.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өлшеу құралдары:

Қазақстан Республикасы министрінің м.а. «Техникалық реттеу және метрология саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығымен бекітілген, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11764 тіркелген, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес берілетін өлшеу құралдар типті немесе метрологиялық аттестацияларды бекіту жөніндегі сертификатпен расталады.

Қазақстан Республикасының бірлік өлшеулерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеледі және өлшеулерді бірыңғай қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес расталады.

25. Жұмыстардың сапасын және ТТТ-да (ТТ-да) берілген талаптардың (оның ішінде сапасының, қауіпсіздігінің, сенімділігінің) орындалуын бақылау мақсатында құру және шығару кезеңдерінде жұмыстардың нәтижелеріне сараптаманы бас ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық мекемелер және/немесе бағыттар бойынша осы сияқты басқа да ұйымдарды тарта отырып, зымыран-ғарыш өнеркәсібінің және тапсырыс берушінің ұйымдары жүргізеді.

26. Ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және коммерциялық мақсаттағы ҒЗК және оның бұйымдарын құру, жасау және қолдану процесінде ғылыми-техникалық өнімдерінің, алынатын жинақтаушы бұйымдардың, тапсырыс берушіге жұмысты жеткізуге арналған жасалатын өнімнің сапасына бақылау шарттық (келісімшарттық) негізде жүзеге асырылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет