Орындаған: Жоламанова Райгүл



Дата01.03.2022
өлшемі0.93 Mb.
#455877
зоология


ЗООЛОГИЯ
Споралы жануарлар (Sporozoa) Грегариналардың құрлысы мен даму циклы. Кокцидияның даму циклы. Безгек плазмодиясының даму циклы.Инфузория туфельканың құрылысы
Орындаған: Жоламанова Райгүл
Тексерген:Абдукадирова Жансая Абдимуратовна
ИНФУЗОРИЯ
Инфузориялар класының кең таралған түрлерiнiң бiрi – инфузория – туфелька. Оның протоплазмасында спецификалық функцияларды орындайтын күрделi органеллалар орналасқан.
Инфузория – туфелька ағынсыз су қоймаларында кездеседi. Оның пiшiнi созылыңқы. Клетка жұқа пелликула қабатымен қапталынған. Пелликуланың астында эктоплазманың түссiз қабаты орналасқан эктоплазмада кiрпiкшелер шығатын кинетосомалар орналасқан. Эктоплазма мен эндоплазманың шекарасында М-фибриллалар немесе мионемалар деп аталатын микрофиламенттер орналасқан. Олардың жиырылуының нәтижесiнде инфузория-туфельканың пiшiнi өзгередi. Оның вентральды жағында дененiң алдыңғы бөлiмiнде перистом орналасқан. Ол тарылып жұтқыншаққа айналады, жұтқыншақ клеткалық ауызбен немесе цистостоммен аяқталады. Эндоплазмада ас қорыту вакуольдерi түзiледi. Қорытылмаған заттар экзоцитоз процесiнiң нәтижесiнде қылаулатқыш арқылы шығарылады.
КОКЦИДИЯНЫҢ ДАМУ ЦИКЛЫ
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың паразиті - эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозойттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
КОКЦИДИЯНЫҢ ДАМУ ЦИКЛЫ
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардын. ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың
қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму циклын бастайды.
БЕЗГЕК ПЛАЗМОДИЯСЫ
Масаның сілекей безінен шығып, адам денесіне еніп келе жатқан спорозоиттар адамның бауыр жасушасына барып, спорозоиттардың дамиды. Спорозоиттар мерозоиттарға ыдырайды. Адамның қызыл қан түйіршігінде паразит даму сатысынан өтіп, көбейеді.(шизогониядағы мерозоиттардың пайда болып, эритроцитті тастап шығуы). Денесінде микрогаметоциттен микрогамета пайда болып, ұрықтанады. Маса ішегінің қабырғасына еніп бара жатқан ұрық-оокинета деп аталады, көптеген спорозоиттар пайда болады. Спорозоиттар шығадыда, масаның сілекей бездеріне спорозоиттардың жинақталады. Сөйтіп,адам ұлпасындағы жасушасында плазмодияның даму сатысы басталады.
Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыр жасушасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды.
Сау адамның 1 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек ауруымен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аналық жыныс жасушалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аталық жыныс жасушалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет