Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
Аннотация
21 ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған ортаға, адам денсаулығына және кәсіби мәдениетіне қамқорлық дәуірі. Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беру мен оқытуды дамыту мақсаттарын жүзеге асыру кезінде оқу үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Заман талабына сай ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бүгінгі жаңа сабақтың нақты ережесі.
Аннотация
XXI век – это эпоха информационного общества, эпоха технологической культуры, эпоха заботы об окружающей среде, здоровье человека и профессиональной культуре. Информатизация образовательного процесса направлена на повышение эффективности и качества всех уровней образовательного процесса при реализации целей развития образования и обучения за счет использования новых информационных технологий. Использование новых информационных технологий в процессе обучения английскому языку в соответствии с современными требованиями – настоящее правило сегодняшнего нового урока.
Аnnotation
The 21st century is the era of the information society, the era of technological culture, the era of concern for the environment, human health and professional culture. Informatization of the educational process is aimed at increasing the efficiency and quality of all levels of the educational process in achieving the goals of development of education and training through the use of new information technologies. The use of new information technologies in the process of teaching English in accordance with modern requirements is the real rule of today's new lesson.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс - тәжірибемді ортаға салмақпын.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |