Ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесі
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде. Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемалар ең басты орын алады.
Жаңа технология түрлерін ағылшын тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды ағылшын тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Ағылшын тілін оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады [4, 22]:
- алдынала даярлық;
- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ – оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі.
Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға ағылшын тілі сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, суреттеулер, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекілік көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын-ала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын ағылшын тілін сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады.
Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |