Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін



Дата25.03.2024
өлшемі17.48 Kb.
#496461
7 сынып Қазақ тілі


7 сынып Қазақ тілі
Одағай  толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.
Одағайға тән негізгі белгілер:
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөреитке қатысты кә-кә, айтақ-айтақмысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Гендік өзгеріске ұшыраған тағам деген не?
Оның қандай пайдасы бар?
Оның қандай зияны бар?
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды қалай пайдалану керек?
Айтылған ойлардан қандай қорытынды шығаруға болады?


2 тапсырма. «Кубизм» әдісі бойыша фастфуд тағамдары және олардың адам ағзасана зияны туралы ой бөлісіңдер.
• Суреттеңдер. Фастфуд тағамдары.
• Салыстырыңдар. Көгөністермен салыстырыңдар.
• Болжаңдар. Фастфуд тағамдарының адам ағзасына зияны қандай?
• Талдаңдар. Фастфуд тағамдарына не жатады, оның құрамы қандай?
• Қолданыңдар. Фастфуд тағамдары ағзаға қалай әсер етеді?
• Зерттеңдер. Фастфуд тағамдарының ұрпаққа зияны.


3-тапсырма. Одағайлар тауып жазып, олардың одағайдың қай түріне жататынын ажыратыңдар. Құрамына қарай талдаңдар.
- Ойпырым-ай, өрт болмағай еді, - деген Әшімтай досының сөзін естігенде, Маралбектің тұла бойы дірілдеп қоя берді.
- Ойбай-ау, мынау қайтеді?! - деп әйел опынған болды.
- Мәссаған, сіздің атыңызды сұрамаған екенмін-ау.
- Ау, халайық! - деді Ардақ жұртқа қарап.
- Япырай-ай, мынаның желігуін-ай, - деді Мамай әлденеден жүрегі сескеніп.
- Е, тап сол! - деп Қартқожа қуанып қалды. - Уай, сен Біржаннан білетінің болса, айтшы! - деді.


4-тапсырма.
«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында ой-толғау жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет