Дәріс 12
Қолданбалы ДНҚ технологиялары .Жетістіктер мен перспективалар
Сабақтың жоспары
1. ГМО таралу жылдамдығы
2. ГМО сорттарының таралуының негізгі себептері
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады.
Әрбір өсімдіктің және әрбір жануардың ағзасында өзіндік белгілері болады. Және оның әрқайсысына белгілі бір ген жауап береді. Егер, қандай да бір белгіге жауап беретін генді алып тастасақ, белгі біржолата жойылады. Ал, оған жаңа бір генді енгізсек, өсімдікте немесе жануарда жаңа қасиет пайда болады. Мысалы, картопқа сарышаянның генін қосады. Нәтижесінде ешқандай құрт түспейтін картоп алады. Сондай-ақ, қызанақ өндіру үшін полярлық түйетабан (камбала) балығының генін пайдаланады. Есесіне бұл өнім суыққа төзімді келеді. Дәмі тіл үйіретін құлпынай өндіру үшін әртүрлі бактериялардың генін қосады. Сол себепті де құлпынай өте ұзақ уақыт бұзылмай сақталады. Бала кезден барлығымыздың ең сүйікті жемісіміз алманы да бірдей көлемде және біркелкі түсті етіп өсіру баяғыда-ақ қолға алынған. ГМО әдіспен өсірілген алмалар шірігенге дейін өзінің хош иісін жоғалтпайды. ГМ-қызанақтың жаңа түрін тіпті солтүстіктің қақаған аязында да өндіруге болады. Қазіргі таңда гендік өзгеріске ұшырап, кең тарап отырған көкеністер мен жемістерге жүгері, бидай, қызылша, мақта, темекі, құлпынай т.б. жатады. Гендік инженерия көкеністер мен жемістерді былай қойып, жануарлар дүниесіне қол сала бастады. Мәселен, бұлшық етті сиырлар, сирағы денесінен үлкен тауық еттері, жасанды жолмен алынған тауық жұмыртқалары.
Өндірушілер ешқандай азық-түліктің сыртына «ГМО қосылған» деп жазбайды. Керісінше «ГМО-сыз» табиғи өнім деп тұрады. «ГМО-сыз» деп мөр басылған тауардың бағасы да қымбат болады-мыс. Алайда, ГМ-өнімді қалай ажыратуға болады? Бұны анықтаудың еш қиындығы жоқ. Барлық кондитерлік, әсіресе, кәмпиттер, печеньелер, ұн, шоколод түрлерінің құрамында трансгендер бар. ГМ-өнімді құрамындағы тағам қоспасының тізімінен анықтауға болады. Сонықтан, тағамды сатып алмастан бұрын мұқият қарап шыққаныңыз абзал. ГМО өнім Е индексімен жасырынып тұрады. Олар былай белгіленеді: Е101 и Е101А; Е150 (карамель); Е153 (карбонат); Е160а (бета-каротин, ретинол); Е160b (аннатто); Е160d (ликопин); Е234 (низин); Е235 (натамицин); Е270 (сүт қышқылы); Е301-ден Е304-ке дейін (аскорбат); Е330 (лимон қышқылы); Е415 (ксантин); Е459 (бета-циклодекстрин); Е460-тан Е469-ның арасы (целлюлоза); Е470-тен Е570 (тұз және май қышқылдары); Е951 (аспартам); Е953 (изомальтит); Е957 (тауматин) немесе Е965 (малтинол) және т.б. Сондай-ақ, www.placewoman.ru сайтында ГМО-ны өндірісте қолданатын фирмалардың тізімі жарияланған. Олар: Kelloggs, Nestle, Heinz Foods, Coca-Cola, McDonalds, Cadbury, Mars, PepsiCo, Hipp, Nestle, Unilever, «Heinz» соустары, Knorr, Calve, Maggi, Lipton, Nestea, Brooke Bond, Беседа, Nescafe, Corn Flakes, Honey Crunch, Lays, Cheetos, Pringles, Бондюэль, Балтимор, Кампина, Эрман, Чудо-йогурт, Данон т.б. Сондай-ақ, тауарды қай елдің өндіргеніне назар аударған жөн. Мысалы, өндіруші ел Қытай, Америка, Канада, Англия, Норвегия, Франция болса, онда міндетті түрде құрамында гендік өзгеріске ұшыраған ағзалардың бар екені күмәнсіз.(+
Достарыңызбен бөлісу: |