Ақыл-ойдың кем жағдайында жалпы психикалық жетілмеу, іс-әрекеттің мақсатының, тҥрткісі мен орындалу жолдарының сапасын нашарлатады. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары ӛз мақсаттарына сәйкес әрекет ете алмайды



Дата20.05.2022
өлшемі21.88 Kb.
#458206
Документ Microsoft Word (3)

Ақыл-ойдың кем жағдайында жалпы психикалық жетілмеу, іс-әрекеттің мақсатының, тҥрткісі мен орындалу жолдарының сапасын нашарлатады. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары ӛз мақсаттарына сәйкес әрекет ете алмайды. Айталық, кҥрделі тапсырманы орындау барысында, оның шартын толық ҧғынып алмайды, орындаудың жалпы жоспарын қҧрмайды. Балалар берілген нҧсқаудағы талаптар мен шарттарды ескерместен, бірден орындауға кіріседі.



Ақыл-ойы кем балалардың тҧлғалық дамуына, бҧл факторлардан басқа, оның ӛзіндік биологиялық ерекшеліктері ықпал етеді. Ақыл-ойы кем балалар, ӛздерінің ойлау қабілеттерінің кемшілігіне байланысты, жалпы ҧғымдар мен заңдылықтарды, адамгершілік, ӛнегелілік ҧғымдары мен қоғамдық қҧрылым мәселелерін, ӛздерінің сау қҧрбыларына қарағанда, анағҧрлым кеш меңгереді.
Бастауыш сыныптарда, олардың жақсы және жаман туралы тҥсініктеріне ҥстірттік, терең бойламау сипаттары тән. Олар ӛнегелілік туралы ережелерді мҧғалімнен, ата-аналарынан, кітаптардан оқып ҥйренеді, бірақ, кҥнделікті ӛмірлік ситуацияларда, ол ережелерге сәйкес, ойланып әрекет ете алмайды. Ақыл-ойы кем балалар ӛнегелілік ҧғымдарын жете тҥсінбегендіктен, кӛп жағдайда әртҥрлі кері әсерлерге ҧрынады, қателеседі. Кейбір елдерде, ақыл-ойы кем балаларды оқыту, міндетті болып саналмайды, ауқатты ата-аналар ғана, мҧндай балаларын оқытуы мҥмкін. Мҧндай жағдайларда, дебил немесе есуас балалар, оқу мен еңбек дайындығынан ада болады да, заң бҧзушылыққа бет бҧрады. Сӛйтіп, заң бҧзушылардың басым кӛпшілігін қҧрайды. Бҧл балалардың моральды кемшіліктері, қоғамға жат кӛзқарастары мен әрекеттерінің туа біткендігі туралы ойлар айтылды. Бірақ, ешқандай ми науқастары мен кемістіктері, аморальды, қоғамға жат қылықтарға негіз болмайды. Қоғамдық тәртіпті бҧзған, ақыл-ойы кем балалардың қылықтарын, олардың қоршаған ортадағы жағдайларды жете тҥсінбеулерімен немесе ӛз іс-әрекеттеріне есеп бере алмауларынан деп тҥсіндіруге болады.
Біздің елімізде, ақыл-ойы кем балалар, кӛмекші мектеп- интернаттарда оқытылады. Олар қарапайым еңбек дайындығын меңгеріп шығады. Нәтижесінде, ақыл-ойы кем балалардың басым кӛпшілігінің, дҧрыс тҧлғалық дамуы қалыптасады. Жағымды қоғамдық жағдайларда, ақыл-ойы кем балаларды дҧрыс оқыту мен тәрбиелеу, олардың дҧрыс дҥниетанымдарының тҧрақты тҥрде қалыптасуына мҥмкіндік жасайды. Әрине, бҧл балаларды тәрбиелеу, олардың тҧлғалық дҧрыс дамуын қалыптастыру жҧмыстары оңай емес, ол дефектолог-мҧғалімдердің жоғары біліктілігі мен қажырлы еңбектерін қажет етеді.
Тағы бір қиын, әрі маңызды мәселе – ақыл-ойы кем балалардың жоғары мәдени қажеттіліктерін қалыптастыру. Бҧл
мәселе, сау балаларды тәрбиелеуде кездеседі. Тҧлға дамуын қалыптастыруда, қалыпты дамудағы оқушыларға, сӛзбен айтып тҥсіндіру, эмоционалды әсер беретін, ӛнер шығармаларын қолдану т.б. жараса, ақыл-ойы кем балаларға, мҧндай әдістер жарамайды. Ақыл-ойы кем балалар, анағҧрлым кӛп уақыт пен еңбекті қажет етеді. Бҧл олардың ойлау қабілеттерінің кемшілігінен ғана емес, қажеттіліктерінің ҥйлесімсіз тҥрде ӛсуінен болады. Сау баланың қалыпты дамуында, оның қажеттіліктері ӛсіп, кҥрделеніп отырады, яғни, танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктері пайда болады (баланың әр нәрсені білгісі келеді: кітап оқығысы, музыка тыңдағысы, табиғатқа сҥйсінгісі, ӛнер шығармаларына сҥйсінгісі келеді). Сол сияқты, қоғамның жоғары бағасына және ҧжымның қҧрметіне, беделге ие болғысы келеді.
Э. Сеген арнайы мектепте оқымаған, ақыл-ойы кем баланың ешнәрсе білмейтінін, ешнәрсеге зауқы соқпайтынын айтады.
Әсіресе, «зауқы жоқ» дегенге баса назар аударып, ол балаларда, қандай бір талаптың, қажеттіліктің, тілектің жоқтығын дәлелдейді. Э. Сегеннің ойынша, бҧл балалардың тілегі болса, бірнәрсені ҥйренуге, білуге шамалары келер еді, бірақ бар мәселе, олардың рухани қызығушылықтарының және қажеттіліктерінің болмауында. Әйтсе де, ақыл-ойы кем балалардың қарапайым органикалық қажеттіліктері қалыпты, әрі жылдан-жылға ҧлғая тҥседі. Олардың тәбеттері мен тілектері, шектен тыс жоғары, жыныстық жетілулері ӛте ерте байқалады.
Еңбекке тәрбиелеу – тҧлғалық қалыптасудың маңызды факторы ретінде қарастырылады. Кӛмекші мектеп ҥшін, қандай бір мамандық тҥріне ҥйрету – ең маңызды мәселе болып табылады.
Тҧлғалық қалыптасуда, баланың дамып келе жатқан ортасы, маңызды рӛл атқарады (ата-аналардың, басқа отбасы мҥшелерінің ақыл-ойы кем балаларға деген кӛзқарасы).
Тҧлғаның психологиялық ерекшеліктерінің ішінде маңыздыларының бірі – ерік-жігер болып табылады. Ол саналы, мақсатты іс-әрекеттерде кӛрінеді. Сау балаларда, ерік-жігерді тәрбиелеу – кҥрделі, ҧзақ ҥдеріс. Ал, ақыл-ойы кем балаларда, бҧл ҥдеріс, олардың ӛзіндік ерекшеліктеріне байланысты, одан да қиын қалыптасады. Ақыл-ойы кем балаларда, бастаманың
кемшілігі, ӛз істерін бақылай алмау, мақсатты әрекетке қабілетсіздік т.б. байқалады. Яғни, олар ӛздерінің жігерсіздігінен біреудің айтқанына, тез еріп кетуге бейім.
Ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесіндегі балалар, тҧрмыстық жағдайларда жол табуға қабілетті, ӛзіне қажетті нәрсеге қол жеткізу ҥшін, табандылық пен мақсатты әрекетке бара алады. Мысалы, ақыл-ойы кем бала, қосымша тамақ алғысы келсе, рҧқсат берілмеуіне қарамастан, ӛзінің ӛзімшіл қызығушылығы мен мақсатына, әртҥрлі қулықтармен, ойланып жасалған әрекетпен қол жеткізеді.
Бҧдан шығатын қорытынды, ақыл-ойы кем балалардың ерік- жігері, әр ситуацияда әртҥрлі кӛрінеді. Сол сияқты, кереғарлық қоршаған ортадағы адамдардың әсерінен байқалады. Кез келген ақымақ істі істеуге тез кӛне қалса, қажетті іс-әрекеттерді орындауға келгенде, кӛнбей, қасарыспалық танытуы мҥмкін. Мҧның барлығы, тҧлғаның жетілмегендігін дәлелдейді.
Ақыл-ойы кем балалардың қажеттіліктері мен интеллектісінің дамуына байланысты, оның тҧлғалық жетілмегендігі эмоционалды саладан да байқалады.
Біріншіден, ақыл-ойы кем балалардың сезімдері, ҧзақ уақыт бойы айқындалмайды. Бҧл тҧрғыдан қарағанда, олар сәби сияқты. Сәбилердің сезім шеңбері, шектеулі ғана: қуанады, жабырқайды, жылайды, қорқады т.б. қалыпты дамудағы сау балалардың сезімдері алуан тҥрлі. Мысалы, жақсы баға алғанда – қуану, ҧялу, қанағаттану, масаттану сияқты, сан алуан сезімдерді басынан кешіреді. Ал, ақыл-ойы кем балалардың сезімдері тым қарапайым, олар мҧндай жағдайда, тек қанағаттанады немесе керісінше. Ал, нәзік сезімдер мҥлде болмайды.
Екіншіден, ақыл-ойы кем балалардың сезімдерінде, қарама– қайшылық жиі кездеседі. Кейбір балалар, ӛмірдегі әртҥрлі оқиғаларға тым ҥстірт, жеңілтектікпен қарайды, кӛңіл-кҥйлері тез ауысады. Ал, енді біреулерінде болымсыз нәрсеге бола кҥшті, инертті кҥйзеліс пайда болады. Осылайша, сәл ғана ӛкпелеу, ӛте кҥшті, әрі ҧзақ эмоционалды реакция тудыруы мҥмкін. Ақыл-ойы кем балалардың тҧлғалық жетілмегендігінің тағы бір айғағы – ол эгоцентристік эмоцияның бағалаушылық пікірге әсері. Бала ӛзіне жақын, ҧнамды адамды жоғары бағалайды, ол тек адамдарды ғана емес, қоршаған ортадағы оқиғаларды да осылайша бағалайды.
Яғни, ӛзіне жағымды жағдайлар – жақсы, ал жағымсыз жағдайлар
– жаман.
Ақыл-ойы кем балалардың жалпы эмоционалды жетілмеуінен, сезімдерінің кейде тым айқын кӛрінуі кездеседі. Мҧндай кезде, тәрбиеші немесе мҧғалім, психологиялық- педагогикалық біліктілік танытып, науқас баламен жҧмыс істеу жолын таба білуі тиіс.
Мысалы, тілалғыш, сабырлы бала кенеттен ызақор, ашушаң болып шыға келеді. Мҧғалімнің ескертулеріне қҧлақ аспайды, балалардың әзілдері мен ойындарына, кері реакция жасайды. 1-2 кҥннен кейін, ӛз қалпына келеді, яғни кӛңіл-кҥйдің бҧзылуы ізсіз жоғалады. Бҧл – дисфория ҧстамасы. Егер мҧғалім бҧл туралы хабарсыз болса, жағдайды асқындыруы мҥмкін (жазалау, ата- анасына шағымдану т.б.).
Кейде, кӛңіл-кҥйдің бҧзылуы, себепсіз, тым кӛңілді, жоғары кӛңіл кҥйімен кӛрінеді, бҧл – эйфория деп аталады. Қалыпты қуаныш кҥйлеріне мҧның қатысы жоқ, тіпті бала «2» алса да, кӛңілденіп, бақытты кҥйде жҥреді. Мҧндай жағдайда, мҧғалім алаңдаушылық танытуы қажет, себебі, эйфория, басталып келе жатқан жҥйке ауруының асқынуы болуы мҥмкін.
Сол сияқты, апатия да, науқастың алды болып саналады. Бҧл эмоцияның бҧзылуының бір тҥрі. Кейде, ақыл-ойы кем оқушыларда, баланың жасына сай емес, ӛмірге деген селқостық, ешнәрсеге қызықпау, сҥлесоқтық пайда болады. Бҧл жағдайда, мҧғалім баланы бірден невропатологқа кӛрсетуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет