Блистеры
Blister (от англ. Blister – пузырь, волдырь).
Куполообразные вздутия, наблюдаемые в приповерхностном слое твёрдых тел при имплантации в них больших доз ионов слаборастворимых газов.
Блистерлер
Blister (ағыл. Blister – көпіршік).
Қатты дененің беткі қабатынан әлсіз еритін газ иондарының көп дозасын имплантациялағанда байқалатын күмбез тәрізді ісіну.
|
блистеринг / blistering — явление образования блистеров.
|
блистеринг/ blistering — блистерлердің түзілу құбылысы.
|
блистеры водородные / hydrogen blistering — вздутия на металлической поверхности или под нею из-за чрезмерного внутреннего водородного давления. Водород может попадать в металл во время чистки, металлизации, облучения или коррозии.
|
сутекті блистерлер / hydrogen blistering — металдың бетінде немесе оның астындағы сутектік қысымның аса жоғары болуының нәтижесінде туындайтын ісінулер. Сутегі металға оны тазарту кезінде, металдауда, сәулелендіргенде немесе каррозияда енуі мүмкін.
|
Блоки кристаллические
Crystal blocks
Области монокристалла, которые по сравнению друг с другом имеют несколько различную ориентацию кристаллической решетки.
|
Кристалдық блоктар
Crystal blocks
Бір-бірімен салыстырғанда кристал тор бағдарлары әр түрлі болып келетін монокристалл облыстары.
|
Блокировка
Blocking
Эффект, свойственный движущемуся иону, который уже рассеялся на атоме мишени. По сути своей похож на затенение. Имеет место, когда траектории рассеянных ионов или атомов отдачи направлены в сторону соседнего (блокирующего) атома, который рассеивает эти частицы. Для большого числа событий рассеяния или отдачи образуется конус блокировки (по аналогии с конусом затенения), где отсутствуют разрешённые траектории. В отличие от первичных ионов рассеянные ионы или атомы отдачи изначально движутся не по параллельным, а по расходящимся траекториям.
|
Блоктау
Blocking
Атом нысанында шашыраған қозғалыстағы ионға тән эффект. Табиғаты бойынша көлеңкеге ұқсайды.Шашыраған иондардың немесе берілу атомдарының траекториясы осы бөлшектерді шашырататын көршілес атомдарға қарай бағытталғанда орын алады. Шашырау жағдайының немесе берілудің үлкен санына рұқсат етілген траекториялары жоқ блокировка конусы түзіледі. Біріншілік иондармен салыстырғанда шашыраған иондар немесе берілу атомдары бастапқыда ақ параллель бойымен емес, ажырайтын траектория бойымен қозғалады.
|
Блок-эффект нейтронов
Block-effect
Влияние гетерогенной структуры активной зоны на физические характеристики реактора, заключающееся в уменьшении плотности потока нейтронов по мере приближения к центру тепловыделяющего элемента в каждой элементарной ячейке активной зоны.
|
Нейтрондардың блок- эффекті
Block-effect
Белсенді аймақтың гетерогенді құрылымының белсенді аймақтың элементар ұяшығында жылушығарғыш элементтің орталыққа жақындауы барысында нейтрон ағындары тығыздығының кемуіне негізделіп реактордың физикалық сипаттамасына әсері.
|
Бомбардировка ионная
Ionbombardment
Процесс столкновения ионов с поверхностью твердого тела, результатом которого является перераспределение энергии и импульса бомбардирующих ионов между рассеянными частицами и атомами мишени.
|
Иондық соққылау
Ionbombardment
Иондар мен қатты дене бетінің соқтығысу процесі, нәтижесінде соққылаушы иондар энергиясы мен импульсі шашыраған бөлшектер мен нысана атомдарының арасында қайта таралады.
|
Борирование
Boron diffusion treatment, borating
Химико-термическая или плазменная обработка поверхностного слоя металла (сплава) путем насыщения его бором.
|
Борлау
Boron diffusion treatment, borating
Бормен қанықтыру жолымен алынған метал-дың (құйманың) жоғары қабатын химиялы-термикалық немесе плазмалық өңдеу.
|
борирование плазменное ⁄ boron plasma saturating – плазменно-диффузионный метод упрочнения поверхностей стали с помощью плазмы с образованием боридов железа. В качестве технологического газа используется водород с добавкой BCl3 .
|
плазмалық борлау ⁄ boron plasma saturating – темір боридтерін пайда болуымен ерекшеленетін, плазма көмегімен болат бетін беріктендірудің плазмалы- диффузиялық тәсілі. Технологиялық газ ретінде BCl3 қоспалы сутегі қолданады.
|
Быстрота откачки (быстрота действия)
Pumping speed
Характеристика производительности вакуумного насоса. Выражается в количестве литров воздуха (газа), которое он способен откачать в единицу времени.
|
Сору тездігі (қозғалыстың тездігі)
Pumping speed
Вакуумды сорғыштың өндіргіштігінің сипаттамасы. Уақыт бірлігі ішінде сора алатын ауаның литрінің мөлшерімен санымен алынған мөлшерімен өрнектеледі.
|
Бомбардировка ио́нная
Ion(ic) bombardment
Процесс столкновения ионов с поверх-ностью твердого тела, результатом которого является перераспределение энергии и импульса бомбардирующих ионов между рассеянными частицами и атомами мишени.
|
Иондық атқылау
Ion(ic) bombardment
Нәтижесінде шашыраған бөлшектер мен нысан атомының арасында атқылаушы иондардың энергиясы мен импульсінің қайта үлестірілу процесі жүзеге асатын иондардың қатты дене бетімен соқтығысу процесі.
|
Бридер (реактор бридерный, реактор-размножитель)
Breeder (от анг. Breeder - размножитель).
Ядерный реактор, особенностью которого является способность к воспроизводству (размножению) делящихся ядер (ядерного горючего, обычно плутония).
|
Бридер (бридерлік реактор, реактор-көбейткіш)
Breeder (ағыл. Breeder - көбейткіш).
Ыдыраушы ядроларды (ядролық отынды, әдетте плутониді) қайта өндіре алу (көбейте алу) мүмкіндігімен ерекшеленетін ядролық реактор.
|
Бронзирование
Bronzing
1. Химическая полировка, применяемая для деталей из меди и ее сплавов с целью изменения цвета.
2. Металлизация медно-оловянным сплавом различных материалов.
|
Қолалау
Bronzing
1. Түсін өзгерту мақсатында мыстан немесе оның қорытпаларынан жасалған заттарға қолданылатын химиялық тегістеу.
2. Әртүрлі материалдарды мысты-қалайы қоспасымен металдау.
|
Бэр
Rem, roentgen equivalent
Биологический эквивалент рада. Внесистемная единица эквивалентной дозы. Обозначение – бэр, 1 бэр=0,01 Зв.
|
Бэр
Rem, roentgen equivalent
Радтың биологиялық эквиваленті. Эквивалентті дозаның жүйеден тыс бірлігі. Белгіленуі – Бэр. 1 бэр=0,01 Зв.
|
В
Вакансия
Vacancy (от лат. vacans – пустующий, свободный).
Дефект кристалла, соответствующий не занятому частицей узлу кристаллической решетки.
|
В
Вакансия
Vacancy (латын тілінен ауд. vacans – бос, еркін).
Кристалдық тор түйіндерінде атом немесе ионның болмауынан туындайтын кристалдың ақауы.
|
вакансия анионная / anionic vacancy — отрицательно заряженная вакансия, движущаяся в электрическом поле к аноду.
|
анионды вакансия / anionic vacancy — электр өрісінде анодқа қарай қозғалатын теріс зарядталған вакансия.
|
вакансия димерная / dimer-vacancy defects, dimer-vacancy lines — особый тип вакансии, расположенной на поверхности твердого тела.
|
екі өлшемді вакансия / dimer-vacancy defects, dimer-vacancy lines — қатты дене бетінде орналасқан вакансияның ерекше түрі.
|
вакансия катионная / cationic vacancy — положительно заряженная вакансия, движущаяся в электрическом поле к катоду.
|
катионды вакансия / cationic vacancy — электр өрісінде катодқа қарай қозғалатын оң зарядталған вакансия.
|
дивакансия / divacancy — вакансионный комплекс, состоящий из двух расположенных рядом вакансий.
|
қос вакансия / divacancy — қатар орналасқан екі вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
|
тетравакансия / tetravacancy — вакансионный комплекс, состоящий из четырех расположенных рядом вакансий.
|
тетравакансия / tetravacancy — қатар орналасқан төрт вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
|
тривакансия / trivacancy — вакансионный комплекс, состоящий из трех расположенных рядом вакансий.
См. также кластер вакансионный.
|
үш вакансия / trivacancy — қатар орналасқан үш вакансиядан құралған вакансиялық комплекс.
Сон. қ. қараңыз: вакансиялық кластер.
|
Вакуум (технический)
Vacuum (от лат.Vacuum – пустота).
Состояние газа, при котором его давление ниже атмосферного. В зависимости от соот-ношения между длиной свободного пробега атомов или молекул и линейным размером сосуда различают следующие виды вакуума:
|
Вакуум (техникалық)
Vacuum (лат.Vacuum – бостық).
Қысымы атмосфералық қысымнан төмен газ күйі. Атомдардың немесе молекулалардың еркін жүру жолының ұзындығы мен ыдыстың сызықтық өлшемінің қатынасына сәйкес вакуумның төмендегі түрлерін бөліп қарастырады:
|
вакуум высокий / high vacuum — вакуум, при котором длина свободного пробега молекул газа значительно превышает размеры сосуда, содержащего газ.
|
жоғары вакуум / high vacuum — Ішінде газы бар құтының сызықтық өлшемінен газ молекулаларының еркін жүру жолы әжептеуір үлкен болған жағдайдағы вакуум.
|
вакуум низкий / low vacuum— вакуум, при котором длина свободного пробега молекул газа значительно меньше размеров сосуда, содержащего газ.
|
төмен вакуум / low vacuum— ішінде газы бар құтының сызықтық өлшемінен газ молекулаларының еркін жүру жолы әжептеуір аз болған жағдайдағы вакуум.
|
вакуум сверхвысокий / ultrahigh vacuum — вакуум, при котором давление ниже 10-6 Па.
|
асқын жоғары вакуум / ultrahigh vacuum — қысым 10-6 Па төмен болатын вакуум.
|
вакуум средний / moderate vacuum — вакуум, при котором длина свободного пробега молекул газа не более, чем на порядок отличается от диаметра вакуумного трубопровода или размеров сосуда, содержащего газ.
|
орташа вакуум / moderate vacuum — Ішінде газы бар құтының сызықтық өлшемінен немесе вакуумдық құбыр диаметрінен газ молекулаларының еркін жүру жолы шамамен бір дәрежеден аспайтындай ерекшеленетін вакуум.
|
форвакуум / initial vacuum, forevacuum — предварительный (невысокий) вакуум. Обычно присутствует в фазе подготовке вакуумной системы к работе.
См. также вакуумирование.
|
форвакуум / initial vacuum, forevacuum — бастапқы (жоғары емес) вакуум. Әдетте вакуумдық жүйені жұмысқа дайындау фазасында болады.
Сон. қ. қараңыз: вакуумдау.
|
Вакууми́рование
Vacuum degassing, vacuum pumping, vacuumizing, degasifying treatment
Удаление газа, пара или парогазовой среды из сосудов или аппаратов с целью получения в них давления ниже атмосферного.
|
Вакуумдау
Vacuum degassing, vacuum pumping, vacuumizing, degasifying treatment
Ыдыс немесе аппаратта атмосфералық қысымнан төмен қысым алу мақсатында одан газды, буды немесе булы газды ортаны сорып алу.
|
вакуумирование стали / steel vacuum treatment (processing) — кратковременная обработка жидкой стали под вакуумом с целью улучшения ее качества за счет уменьшения в ней содержания газов (Н2, N2, О2) и неметаллических включений, и при специальных методах выплавки и некоторых других элементов (например, Mn, Pb, Zn, Си).
См. также вакуум, испарение вакуумное.
|
болатты вакуумдау / steel vacuum treatment (processing) — мақсаты газ құрамының (Н2, N2, О2) азаюы және бейметалдық қоспалардың және басқа элементтердің (мысалы, Mn, Pb, Zn, Си) азаюы есебінен, арнайы балқыту әдістері кезінде болаттың сапасы жақсарта түсу болатын, сұйық болатты вакуумда қысқа мерзімді өңдеу. Сон. қ. қараңыз: вакуум, вакуумдық булану
|
Вакуумметр
Vacuum gauge, vacuum indicator
Прибор для измерения давления разреженных газов. Как правило, состоит из двух элементов: преобразователя манометрического и измерительного прибора.
|
Вакуумметр
Vacuum gauge , vacuum indicator
Сиретілген газдардың қысымын өлшеуге арналған прибор. Ережеге сай екі элемент: манометрикалық және өлшеуіш құрал түрлендіргішінен тұрады.
|
Вакуум–плотность
Vaccum tightness
Способность материала не пропускать газы.
|
Вакуум–тығыздық
Vaccum tightness
Материалдың газдарды өткізбеу қабілеті.
|
Валентность
Valency, valence (от лат. valentia)
Способность атомов образовывать хими-ческие связи. Валентность можно рассмат-ривать как способность атома отдавать или присоединять определенное число электронов. Валентность положительна, если атом отдает электроны, и отрицательна, если атом их присоединяет.
См. также зона валентная (в ст. зона)
|
Валенттілік
Valency, valence (от лат. valentia)
Атомдардың химиялық байланыстар жасау қабілеті. Атом валенттігін атомның белгілі электрондар санын қосып алу немесе беру қабілеті деп қарастыруға болады. Егер атом электрондарды берсе, валенттілік оң, ал егер қосып алса теріс болады.
Қараңыз сондай-ақ валентті аумақ (аумақ бет.).
|
Ванади́рование
Vanadium saturation treatment
Химико-термическая обработка поверхностного слоя металла или сплава путём насыщения его ванадием.
|
Ванадирлеу
Vanadium saturation treatment
Ванадиймен қанықтыру жолымен металдың немесе оның қорытпасының беткі қабатын химиялық және термиялық өңдеу.
|
Вес атомный
Atomic weight
Устаревший термин, правильнее масса атомная.
|
Атомдық салмақ
Atomic weight
Көнерген термин, дұрысы атомдық масса.
|
Вещества́ радиоакти́вные
Radioactive substances
Вещества, содержащие радиоактивные изотопы одного или нескольких элементов. Основная радиохимическая характеристика — удельная радиоактивность: активность, отнесенная к единице объема или массы.
|
Радиобелсенді заттар
Radioactive substances
Бір немесе бірнеше элементтердің радиобелсенді изотоптарын қамтитын заттар. Негізгі радиохимиялық сипаттамасы – меншікті радиобелсенділік, яғни көлем немесе масса бірлігіне келетін белсенділік.
|
Взаимодействие межатомное
Atomicinteraction
Взаимодействие атомов, находящихся в одинаковых либо различных энергети-ческих и зарядовых состояниях. Может быть ковалентным, ионным, металли-ческим, типа водородной связи и ван-дер-ваальсовым.
|
Атомаралық әсерлесу
Atomicinteraction
Бірдей немесе әртүрлі энергетикалық және зарядтық күйлердегі атомдардың әсерлесуі. Ковалентті, иондық, металлдық, сутектік байланыс және ван-дер-ваальстық типті болуы мүмкін.
|
Взаимоде́йствие межмолекуля́рное
Molecular interaction
Взаимодействие электрически нейтральных молекул или атомов; определяет существование жидкостей и молекулярных кристаллов, отличие реальных газов от идеальных.
|
Молекула аралық өзара әрекеттесу
Molecular interaction
Электрлі бейтарап молекулалардың немесе атомдардың әсерлесуі; сұйықтардың және молекулалық кристалдардың болуын, нақты газдардың идеал газдардан ерекшелігін анықтайды.
|
Взаимоде́йствие межфа́зное
Phase interaction
Перенос вещества из одной фазы в другую, включая массоперенос до и после границы раздела фаз и непосредственно межфазный переход. Движущей силой взаимодействия межфазного является градиент химического потенциала компонента, исчезающий по достижении фазового равновесия.
|
Фазааралық өзара әрекеттесу
Phase interaction
Фазаның бөліну шекарасына дейінгі және кейінгі масса тасымалдауды және де фазааралық ауысуды қоса алғандағы заттың бір фазадан басқа фазаға өтуі. Фазааралық өзара әрекеттесудің қозғаушы күші фазалық тепе-теңдікке жеткенде жойылып кететін компоненттің химиялық потенциалының градиенті болып табылады.
|
Вздутие покрытия
Blow up of coating
Дефект покрытия (например, плазменного) в виде местного отслоения куполо-образной формы.
|
Қаптаманың ісінуі
Blow up of coating
Күмбез секілді қалыптың жергілікті қабыршақтану түріндегі қаптама ақауы (мысалы, плазмалық).
|
Взрыв
Explosion
Быстрое выделение энергии в ограниченном объёме, связанное с внезапным изменением состояния вещества и сопровождаемое обычно ударной волной и разрушением окружающей среды.
|
Жарылыс
Explosion
Зат күйінің бірден өзгеруімен байланысты және әдетте соққы толқынымен және қоршаған ортаның бұзылуымен қатар жүретін, шектелген көлемде энергияның шапшаң бөлінуі.
|
взрыв кулоновский / Coulomb explosion — кратковременная эмиссия положительных ионов из области трека заряженной частицы, движущейся в твёрдом теле в режиме электронного торможения. Эффект предсказывается теоретически в условиях, когда велики плотность положительных ионов или / и кратность ионизации атомов.
|
кулондық жарылыс / Coulomb explosion — электрондық тежелу режимінде қатты денеде қозғалатын зарядталған бөлшектің трек облысынан оң иондардың қысқа уақытты эмиссиясы. Эффектіні оң иондардың тығыздығы жоғары болғанда немесе/және атомдардың иондалуы еселі болғанда теориялық тұрғыдан болжауға болады.
|
взрыв термоядерный / thermonuclear explosion — неуправляемый процесс высвобождения большого количества тепловой и лучистой энергии, вызванный синтезом ядер лёгких элементов (дейтерия, трития, лития). Является мощным импульсным источником ионизирующих излучений и электромагнитных полей.
См. также излучение термоядерного взрыва.
|
термоядролық жарылыс / thermonuclear explosion — жеңіл элементтердің (дейтерий-дің, тритийдің, литийдің) синтезінен туын-даған үлкен көлемдегі жылулық және сәулелік энергияның бөлінуінің басқарыл-майтын процесі. Иондаушы сәулелердің және электромагнитттік өрістің қуатты импульсті көзі болып табылады.
Сон. қ. қараңыз: термоядролық жарылыс сәулесі.
|
взрыв ядерный / nuclear explosion — неуправляемый процесс высвобождения большого количества тепловой и лучистой энергии в результате цепной ядерной реакции деления или реакции термоядерного синтеза за очень малый промежуток времени.
По своему происхождению ядерные взрывы являются либо продуктом деятельности человека на Земле и в околоземном космическом пространстве, либо природными процессами на некоторых видах звёзд. Искусственные ядерные взрывы в основном используются в качестве оружия, предназначенного для уничтожения крупных объектов и скоплений войск противника, но также могут иметь мирное применение — для перемещения больших масс грунта при строительстве, обрушения препятствий в горах, научных исследований в сейсмологии.
Происходящие в центре взрыва ядерные реакции служат источником разнообразных излучений: электромагнит-ного в широком спектре от радиоволн до высокоэнергичных гамма-квантов, быстрых электронов, нейтронов, атомных ядер. Это излучение, называемое проникающей радиацией, порождает ряд характерных только для ядерного взрыва последствий.
См. также излучение ядерного взрыва.
|
— ядролық жарылыс / nuclear explosion — өте аз уақыт ішінде тізбекті ядролық ыдырау реакциясы немесе термоядролық синтез реакциясы нәтижесінде болатын үлкен көлемдегі жылулық және сәулелік энергияның бөлінуінің басқарылмайтын процессі.
Өзінің пайда болуы жағынан ядролық жарылыс жердегі және жерге жақын ғарыштық кеңістікте адам әрекетінің жемісі, немесе кейбір жұлдыздарда жүзеге асатын табиғи процесс болып табылады. Жасанды ядролық жарылыстар көбінесе үлкен объектілерді және қарсыластың әскерін жоюға арналған қару ретінде, алайда бейбіт мақсатта да – құрылыс кезінде үлкен грунттарды қозғалту үшін, таулардағы кедергілерді жою үшін, сейсмологияда ғылыми зерттеулер үшін қолданылады.
Жарылыстың орталығында жүретін ядролық реакциялар әр түрлі сәулелердің, радиотолқыннан жоғары энергиялы гамма-квантқа дейінгі кең спектрдегі электромагниттік сәулелердің, шапшаң электрондардың, нейтрондардың және атом ядроларының, көзі болып табылады. Өтетін радиация деп аталатын бұл сәулелену тек ядролық жарылысқа ғана тән сипаттамалық салдарды туындатады.
Сон. қ. қараңыз: ядролық жарылыс сәулесі.
|
Ви́скеры
Whiskers (от англ. whisker волос, шерсть, «ус», неорганическое волокно).
Нитевидные кристаллы, образующиеся на поверхности твёрдого тела. Растут из паровой фазы, которая конденсируется на полусферической жидкой капле (глобуле) на вершине кристалла. Это вещество пересыщает жидкость и выпадает в осадок, обеспечивая рост нитевидного кристалла. Подобные образования иногда наблюдаются при обработке поверхности ионным пучком или плазмой.
|
Вискерлер
Whiskers (ағыл. whisker шаш, жүн, «мұрт», бейорганикалық талшық).
Қатты дене бетінде түзілетін жіп тәрізді кристалдар. Кристалдың шыңындағы жартылай сфералық сұйық тамшыда (глобулада) конденсирленетін бу фазасынан өседі. Бұл зат сұйықты қанықтырып жіп тәрізді кристалдың өсуін қамтамасыз ете отырып түбіне тұнады. Мұндай түзілулер кейде беткі қабатты иондық шоқтармен немесе плазмамен өңдегенде байқалады.
|
Виницаль
Vicinal form
Побочная грань кристалла, слабо откла-ненная от одной из основных граней.
См. также поверхность вицинальная
|
Виницаль
Vicinal form
Негізгі қырының бірінен әлсіз ауытқыған кристалдың туындаған жанама қыры.
Сон. қ. қараңыз: вицинальді бет
|
Возбужде́ние (а́тома или моле́кулы)
Excitation (of atom or molecule)
Квантовый переход атома или молекулы с более низкого (напр., основного) уровня энергии наиболее высокий при поглощении ими фотонов (фотовозбуждение) или при столкновениях с электронами и другими частицами (возбуждение ударом).
|
Қозу (атомның немесе молекуланың)
Excitation (of atom or molecule)
Атомның немесе молекуланың фотондарды жұтқанда немесе электрондармен және де басқа бөлшектермен соқтығысқанда энергияның төменгі деңгейінен энергияның жоғарғы деңгейіне кванттық ауысуы.
|
Воздействие водородное высоко-температурное
High- temperature hydrogen attack
Потеря прочности и пластичности стали в результате высокотемпературной реакции абсорьированного водорода с карбидами стали, сопровождающаяся декарбюри-зацией и возникновением внутренних трещин.
|
Сутекті жоғары температуралы әсер ету
High- temperature hydrogen attack
Ішкі жарықшақтардың туындауы және декорбюризациямен қосарлас жүретін жүрілетін құрыш карбидтері бар абсорбирленген сутегінің жоғары температуралық реакциясы нәтижесінде құрыштың беріктігін және пластикалығын жоғалтуы.
|
Возраст нейтро́нов
Neutron age
Параметр, характеризующий подвижность быстрых нейтронов. Численно равен одной шестой среднего квадрата расстояния по прямой, которое преодолевает быстрый нейтрон от точки своего рождения до точки, где он превращается в тепловой. Размерность – м2.
|
Нейтрондардың жасы
Neutron age
Шапшаң электрондардың қозғалғыштығын сипаттайтын параметр. Сан мәні бойынша жағынан шапшаң нейтрон өзінің пайда болу нүктесінен түзу бойымен оның жылулық нейтронға айналу нүктесіне дейінгі қашықтықтың орташа квадратының алтыдан біріне тең. Өлшемі– м2.
|
Волна
Wave
Изменение состояния среды (возмущение), распространяющееся в ней (в этой среде) и переносящее с собой энергию. Независимо от природы волны перенос энергии осуществляется без переноса вещества; последнее может возникнуть лишь как побочный эффект. Перенос энергии на значительные расстояния— принципиаль-ное отличие волн от колебаний, в которых происходит лишь «локальное» преобраз-ование энергии.
С определёнными оговорками говорят о температурных волнах, о волнах вероят-ности электрона и других частиц, о волнах горения, волнах химической реакции, волнах плотности реагентов, волнах плотности транспортных потоков и т.д.
Отметим, что явления, выглядящие как волны, но неспособные распространяться самостоятельно (например, песчаные дюны), волнами не являются.
|
Толқын
Wave
Ортада таралатын және өзімен бірге энергия тасымалдайтын орта күйінің өзгерісі (қозуы). Толқын табиғатына тәуелсіз энергияның тасымалдануы заттың тасымалынсыз орындалады. Энергияның елеулі қашықтыққа тасымалдануы – энергияның тек «локальдық» түрленуі ғана іске асатын тербелістен толқынның басты айырмашылығы болып табылады.
Белгілі бір ескертпелерді ескере отырып температуралық толқындар, электрондар және басқа да бөлшектердің ықтималдық толқыны, жану толқыны, химиялық реакция толқыны, реагент тығыздығының толқыны, транспорттық ағындар тығыздығыың толқыны және т.б. туралы айтады.
Толқын тәрізді бірақ өздігінен тарала алмайтын құбылыстар толқын бола алмайтындығын (мысалы, құм дюнь толқын болып табылмайды) айта кету керек.
|
волна ударная / shock wave — распространяющаяся со сверхзвуковой скоростью в газе, жидкости или твердом теле тонкая переходная область (фронт), в которой происходит резкое увеличение давления, плотности и температуры. Возникает при взрыве, мощном электричес-ком разряде, столкновениях тел, сближаю-щихся со сверхзвуковой скоростью, в фокусе луча лазера и т. п. Рост давления и температуры во фронте ударной волны происходит за короткий промежуток вре-мени, а затем имеет место «разгрузка», и давление падает до атмосферного. Однако вследствие необратимых процессов, проис-ходящих при «ударноволновом» сжатии, температура образца не возвращается к исходной, и образец остается нагретым. В реальных условиях весь цикл завершается приблизительно за 10-5 с.
|
соққы толқыны / shock wave — қысымның, тығыздықтың және температура-ның бірден өсуі байқалатын, аса жоғары дыбыстық жылдамдықпен газда, сұйықта немесе қатты денеде таралатын жіңішке ауысу облысы (фронт). Жарылыс кезінде, қуатты электрлік разрядта, жарық жылдам-дығынан жоғары жылдамдықпен жақындай-тын денелердің соқтығысуында, лазер сәуле-сінің фокусында және т.б. жағдайларда пайда болады. Соққы толқынының фронтында қысымның және температураның өсуі аз уақыт аралығында пайда болады, одан соң қысым атмосфералық қысымға дейін төмен-дейді. Алайда «соққытолқынды» сығылудың қайтымсыз процесі салдарынан болатын үлгінің температурасы бастапқы қалпына келмей қыздырылған күйінде қалады. Нақты жағдайда бүкіл цикл шамамен 10-5 секундта аяқталады.
|
волна упругая / elastic wave — волна, распространяющаяся в жидких, твёрдых и газообразных средах за счёт действия упругих сил.
|
серпімді толқын / elastic wave — серпімді күштің әсерінен сұйықта, қатты және газ тәрізді ортада таралатын толқын.
|
волны ионизационные / ionization waves — области с повышенной концентрацией заряженных частиц, обычно отделенные от слабо ионизованной или неионизованной среды узкой поверхностью раздела (фронтом волны).
|
ионизациялық толқын / ionization waves — зарядталған бөлшектердің жоғары концентрациясынан тұратын, әдетте әлсіз иондалған немесе иондалмаған ортадан жіңішке беттік бөлікпен (толқын фронтымен) бөлінген облыс.
|
волны плазменные / plasma waves — электромагнитные волны, самосогласо-ванные с коллективным движением заряженных частиц плазмы.
|
плазмалық толқындар / plasma waves — плазманың зарядталған бөлшектерінің топтық қозғалысымен өзара келісілген электромагниттік толқындар.
|
Вольфрамирование
Plate with tungsten
Химико-термическая обработка поверхностного слоя металла или сплава путем насыщения его вольфрамом.
|
Вольфрамдау
Plate with tungsten
Металдың немесе құйманың беткі қабатын вольфраммен қанықтыру арқылы химиялы-термиялық өңдеу.
|
Воронение
Bluig, chemical black process
Обработка свободной поверхности железного сплава воздействием воздуха, пара, плазмы, или других агентов при повышенной температуре, с образованием тонкой синей пленки оксидов. Это способствует улучшению внешнего вида и коррозионной стойкости. Такая термообработка обычно применяется для листов, лент и окончательно обработанных деталей. Используется также при обработке пружин после изготовления для улучшения их свойств.
|
Воронение
bluig, chemical black process
оксидтердің жұқа көгілдір қабықшасын түзе отырып, жоғары температурада темір құйманың еркін бетін ауаның, будың, плазманың немесе басқа агенттер әсерімен өңдеу. Бұл өз кезегінде сыртқы түрі мен коррозиялық бекемдікті жақсартады. Мұндай термоөңдеу әдетте жапырақтар, ленталар және соңына дейін өңделген детальдар үшін қолданылады. Сондай-ақ серіппелерді жасап болғаннан кейін олардың қасиеттерін жақсарту үшін өңдеу кезінде колданылады.
|
Воспламенение плазменное
Plasmaignition
Инициирование горения органического топлива с помощью тепла плазмы. Обычно используется в паровых котлах на твердом топливе.
|
Плазмалық тұтану
Plasmaignition
Плазма жылуының көмегімен органикалық отынның жануын іске асыру. Әдетте қатты отын жағатын бу қазандықтарында қолданылады.
|
Воспроизводство
Breeding
Размножение делящегося вторичного топлива из сырьевого (воспроизводящего) материала, т.е. ядерное превращение воспроизводящего материала в делящийся. В ядерном реакторе нейтроны, образующиеся при цепной реакции деления, расходуются не только на ее поддержание, но и поглощаются ураном-238 или торием-232 с образованием делящихся нуклидов (например, плутония-239 или урана-233).
См. также коэффициент воспроизводства, бридер.
|
Қайта өндіру
Breeding
Шикізат материалынан (қайта өндіруші) екінші ретті ыдыраушы отынның көбеюі, яғни өндіруші материалдың ыдыраушыға ядролық ауысуы. Ядролық реакторда тізбектік ыдырау реакциясында пайда болатын нейтрондар тек реакцияны ұстап тұруға ғана қатыспайды, сондай-ақ уран-238-бен немесе торий-232-мен жұтылып ыдыраушы нуклидтерді (мысалы, плутоний-239 немесе уран-233) түзуге де жұмсалады.
Сон. қ. қараңыз: қайта өндіруші коэффициенті, бридер.
|
Вре́мя жи́зни
Lifetime, average life, life span
-
Средняя продолжительность сущест-вования возбуждённых состояний молекул, атомов или ядер, которое заканчивается их спонтанным переходом в менее возбуж-дённое или основное состояние.
-
Средняя продолжительность жизни нестабильных (радиоактивных) ядер и элементарных частиц.
-
Средняя продолжительность жизни квазичастиц в твёрдом теле и в жидком гелии (например, неравновесных электрон-ов проводимости и дырок в полупро-водниках).
См. также возбуждение атома или молекулы.
|
Өмір сүру уақыты
Lifetime, average life, life span
1. Азырақ қозған немесе негізгі күйге өздігінен ауысуымен аяқталатын, молекуланың, атомның немесе ядролардың қозған күйдегі өмір сүруінің орташа ұзақтығы.
2. Орнықсыз атомдар ядросы мен элементар бөлшектер өмірінің орташа ұзақтығы.
3. Қатты денедегі және сұйық гелийдегі квазибөлшектердің орташа өмір сүру ұзақтығы (мысалы, жартылай өткізгіштердегі тепе-теңсіз өткізгіштік электрондар және кемтіктердің).
Сон. қ. қараңыз: атомның немесе молекуланың қозуы
|
Вскрытие твэлов
Fuel element break, fuel element disclosure
Первая операция технологической схемы регенерации ядерного топлива. Состоит в отделении на специальном электроконтактном станке хвостовиков твэлов, не содержащих топлива (станок частично погружен в ванну с водой для исключения выделения газов и аэрозолей), и в измельчении активной части твэлов на специальных агрегатах с пресс-ножницами.
См. также твэл.
|
Твэлдерді ашу
Fuel element break, fuel element disclosure
Ядролық отын регенерациясының техноло-гиялық схемасының бірінші операциясы. Отынсыз твелдер құйрықтарының арнайы электроконтакті станоктағы бөлім (станок газдар мен аэрозольдардың бөлінуін болдыр-мау үшін су толтырылған ваннаға бөлшектей енгізілген) мен пресс-қайшылары бар арнайы агрегаттарда твелдердің белсенді бөлігінің ұсақталуынан тұрады.
Сон. қ. қараңыз: твэл.
|
Выброс радиоактивных веществ
Radioactive release.
Поступление радионуклидов в атмосферу в результате работы ядерной установки (например, атомной станции).
|
Радиоактивті заттардың шығарылып тасталуы
Radioactive release.
Ядролық қондырғының (мысалы, атом станциясының) жұмысы нәтижесінде атмосфераға радионуклидтердің бөлінуі.
|
Выгорание ядерного топлива
Nuclear fuel burn-up
Снижение концентрации любого нуклида в ядерном топливе вследствие ядерных превращений этого нуклида при работе реактора.
|
Ядролық отынның жануы
Nuclear fuel burn-up
Реактордың жұмысы кезінде ядролық отындағы кез келген нуклид концентрациясының осы нуклидтің ядролық ауысуы әсерінен төмендеуі.
|
Выделения
Precipitates, emissions
Частицы новой фазы (обычно мелкодисперсные), образовавшиеся при распаде пересыщенного твердого раствора.
|
Бөлінулер
Precipitates, emissions
Асыра қанықтырылған қатты ерітіндінің ыдырауы кезінде пайда болған жаңа фаза (әдетте ұсақ дисперсті) бөлшектері.
|
выделения зернограничные ⁄ grain boundary precipitates – выделения по границам зерен. Выделения зернограничные зарождаются и растут по границам зерен при небольшом переохлаждении пересыщенного твердого раствора.
|
дәндішекаралық бөліну ⁄ grain boundary precipitates – дәндердің шекаралары бойынша бөлінуі. Қаныққан қатты ерітіндінің аздап суытылуы кезінде дәндішекаралық бөліну туындайды және дәннің шекарасы бойынша өсіп жетіледі.
|
выделения межфазные ⁄ interphase precipitates – частицы новой фазы, зарождающиеся на границе раздела двух фаз.
|
фазааралық бөлінулер ⁄ interphase precipitates – екі фазаның бөліну шекарасында туындайтын жаңа фаза бөлшектері.
|
Выдержка радиоактивных материалов
Decay cooling
Хранение радиоактивных материалов для уменьшения их активности за счёт естественного распада радионуклидов.
|
Радиоактивті материалдарды ұстап қалу
Decay cooling
Радионуклидтердің табиғи ыдырауы есебінен олардың белсенділігін төмендету мақсатында радиобелсенді материалдарды сақтау.
|
Вырождение (энергетических уровней)
Degenerasy, degeniraiting
Существование двух или более стационарных состояний квантовой системы (атома, молекулы) с одинаковыми значениями энергии.
|
Ажырау (энергетикалық деңгейлердің)
Degenerasy, degeniraiting
Энергияның бірдей мәніне ие, кванттық жүйенің (атомның, молекуланың) екі немесе бірнеше стационарлық күйлерінің болуы.
|
Вы́ход (реакции, процесса, прибора)
Yield, efficiency
Характеристика эффективности реакции, процесса, прибора.
|
Шығыс (реакцияның, процестің, құралдың) Yield, efficiency
Реакцияның, процестің, құралдың эффективтілік сипаттамасы.
|
выход люминесценции квантовый / quantum yield of luminescence — отношение числа излучённых квантов люминесценции к числу квантов, поглощённых веществом.
|
люминесценцияның кванттық шығысы / quantum yield of luminescence — люминес-ценцияның сәулелендірген кванттар санының затпен жұтылған кванттар санына қатынасы.
|
выход люминесценции энергетический / energy efficiency of luminescence — отношение энергии, излучённой при люминесценции, к энергии возбуждающего её света, поглощённой веществом.
|
люминесценцияның энергиялық шығысы / energy efficiency of luminescence — люминесценция кезінде сәулеленген энергияның жұтылған немесе қоздырушы жарық энергиясына қатынасы.
|
выход прибора квантовый / quantum yield of photoeffect — количественная характеристика прибора, регистрирующего дискретное число частиц (квантов, электронов и пр.). Выражается отношением числа статистически независимых частиц, регистрируемых прибором, к числу статистически независимых частиц, падающих на приемник прибора.
|
құралдың кванттық шығысы / quantum yield of photoeffect — бөлшектердің (кванттардың, электрондардың) дискреттік санын тіркейтін құралдың сандық сипаттамасы. Құралмен тіркелетін статистикалық тәуелсіз бөлшектер санының құралдың тіркегішіне түсетін статистикалық тәуелсіз бөлшектер санына қатынасымен анықталады.
|
выход радиационно-химический / radiation-chemical yield, G-value — количественная характеристика радиационно-химических реакций. Равен числу возникших или разложившихся частиц (радикалов, ионов, атомов, молекул), сшивок или разорванных связей в полимерах и т.п. при поглощении системой энергии излучения в количестве 100 эВ. Обычно обозначается буквой G, после которой в круглых скобках пишется формула вещества, претерпевающего радиационно-химическое превращение.
|
радиациялық-химиялық шығыс / radiation-chemical yield, G-value — радиациялық-химиялық реакцияның сандық сипаттамасы. Жүйенің энергия шамасы 100 эВ болатын сәулені жұтуы кезінде полимерлерде және т.б.-да пайда болған немесе ыдыраған бөлшектердің (радикалдардың, атомдардың, молекулалардың), қосылған немесе ажыраған байланыстардың санына тең. Әдетте G әрпі арқылы белгіленеді, одан кейін дөңгелек жақшада радиация-химиялық түрленуге түсетін заттың формуласы жазылады.
|
выход радиационный квантовый ⁄ radiation quantum yield – число образовавшихся центров окраски на один поглощенный гамма-квант
|
радиациялық квантты шығыс ⁄ radiation quantum yield – жұтылған бір гамма–квантқа келетін пайда болған бояу орталықтарының саны.
|
выход радиационный энергетически ⁄ radiation energy yield – энергия ионизирующего излучения, затрачиваемая на образование одной электронно – дырочной пары в среде.
|
радиациялық энергетикалық шығы ⁄ radiation energy yield – ортада бір электронды–кемтіктік жұпты жасауға жұмсалатын, иондаушы сәулелену энергиясы.
|
выход фотоэффекта квантовый / quantum yield of photoeffect — отношение числа электронов, вышедших из облучаемой поверхности при фотоэффекте, к числу поглощённых за то же время фотонов.
|
фотоэффектінің кванттық шығысы / quantum yield of photoeffect — фотоэффекті кезінде сәулелендірілген беттен шығатын электрондар санының, сол уақытта жұтылған фотондардың санына қатынасы.
|
Вязкость
Viscosity, toughness
В широком смысле — это явления переноса, определяющие диссипацию энергии при деформации среды. В более конкретных случаях ее можно трактовать как свойство жидкостей и газов сопротивляться внешним силам, вызывающим перемещение одной части газа или жидкости относительно другой.
|
Тұтқырлық
Viscosity, toughness
Кең мағынасында — ортаның деформациялануы кезінде энергия диссипациясын анықтаушы, тасымалдау құбылысы. Анағұрлым нақты жағдайларда сұйықтың немесе газдың қандай да бір бөлшегінің басқасына қатысты орын ауыстыруын туындататын, сұйықтықтар мен газдардың сыртқы күштерге қарсы тұрушы қасиеті деп талқылауға болады.
|
вязкость динамическая ⁄ dynamic viscosity – количественная характеристика сопроти-вления жидкости или газа смещению одного слоя относительно другого.
|
вязкость динамическая ⁄ dynamic viscosity – бір қабаттың екіншісіне қатысты ығысуына сұйықтықтың немесе газдың қарсыласуының мөлшерлік сипаттамасы.
|
вязкость кинематическая ⁄ kinematic viscosity — отношение вязкости динамической к плотности жидкости или газа.
|
кинематикалық тұтқырлық ⁄ kinematic viscosity — динамикалық тұтқырдың газ немесе сұйықтық тығыздығына қатынасы.
|
вязкость разрушения ⁄ fracture toughness – сопротивление материала распространению трещины (трещинастойкость) обычно при скоростях нагружения 0,02 –0,2 мм ⁄с.
|
бұзылу тұтқырлығы / fracture toughness – жүктеменің әдетте 0,02 –0,2 мм ⁄с жылдамдығы кезінде жарықшақтардың таралуына (жарықшаққа бекемдік) материалдың қарсыласуы.
|
вязкость ударная ⁄ impact strength , impact elasticity – энергетическая характеристика материала – отношение работы разрушения при ударном изгибе образца к начальной площади его поперечного сечения в плоскости излома, Дж ⁄ см⁄2.
|
соққылы тұтқырлы ⁄ impact strength, impact elasticity – материалдың энергетикалық сипаттамасы –үлгінің соққылы иілімі кезінде жұмыс қирауының иілім тығыздығындағы бастапқы ауданның көлденең қимасына тең.
|
вязкость циклическая ⁄ cyclic toughness – трещиностойкость материала при циклическом нагружении.
|
циклды тұтқырлы ⁄ cyclic toughness – циклдық жүктеме кезіндегі материалдың жарықшаққа бекемдігі .
|
Г
Газ
Gas
Агрегатное состояние вещества, в котором его частицы слабо связаны силами взаимодействия и движутся свободно, занимая весь предоставленный им объем. Часто газом называют совокупность слабо взаимодействующих элементарных частиц или квазичастиц.
|
Газ
Gas
Бөлшектері өзара әлсіз байланысқан және оларға берілген көлемнің түгелін қамти отырып, еркін қозғалатын, заттың агрегаттық күйі. Көбінесе өзара әлсіз әрекеттесетін қарапайым бөлшектер немесе квазибөлшектердің жиынтығын газ деп атайды.
|
газ вырожденный ⁄ degenerate gas – газ, свойства которого существенно отличаются от свойств идеального газа вследствие квантово-механического влияния частиц друг на друга, обусловленного их неразличимостью.
|
туынды газ ⁄ degenerate gas – кванттық-механикалық айырмашылықсыз бөлшектердің бір-біріне ықпалы салдарынан идеал газ қасиеттерінен өз қасиеттері едәуір ерекшеленетін газ.
|
газ идеальный ⁄ perfect gas – газ, молекулы которого принимаются за материальные точки и которого можно пренебречь потенциальной энергией взаимодействия молекул по сравнению с их кинетической энергией.
|
идеал газ ⁄ perfect gas – кинетикалық энергиясымен салыстырғанда молекула-ларының өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясын ескермеуге болатын және молекулалары материалдық нүкте ретінде қабылданатын газ.
|
газ ионизованный ⁄ ionized gas – газ, в котором атомы (все или значительная их часть) потеряли по одному или по несколько принадлежавших им электронов и превратились в положительные ионы. В особых условиях могут образовываться и отрицательные ионы.
|
иондалған газ ⁄ ionized gas – атомдары (барлығы немесе едәуір олардың бөлігі) өзіне тән электрондарын бір-бірден немесе бірнешеуін жоғалтатын және оң иондарға айналатын газ. Айрықша жағдайларда теріс иондарға айналуы да мүмкін.
|
газ конвертированный ⁄ converted gas – природный газ после разложения и окисления углерода до СО, т.е. в основном состоящий из CO и H2.
|
айырбасталған газ ⁄ converted gas – СО дейін көміртекті қышқылдандыру мен ыдыратудан кейінгі табиғи газ, яғни ол негізінен CO және H2 құралған.
|
газ плазмообразующи ⁄ plasma-forming gas – инертный или другой газ (Ar, N2, H2, He и др.), вводимый в источник плазмы для ее получения.
|
плазмажасаушы газ ⁄ plasma-forming gas – плазма алу үшін оның плазма көзіне енгізілетін инертті немесе басқа (Ar, N2, H2, He және басқа) газ.
|
газ разреженный ⁄ diluted gas – газ, находящийся под давлением ниже атмосферного.
|
сиретілген газ ⁄ diluted gas – қысымы атмосфералық қысымнан төмен газ.
|
газ реальный ⁄ actual gas, imperfect gas – газ, в котором существенную роль играет взаимодействие между его молекулами.
|
нақты газ ⁄ actual gas, imperfect gas – өз молекулалары арасындағы әсерлесу маңызды рөл ойнайтын газ.
|
газ технологический ⁄ technological gas – газ, который необходим для выполнения технологичесой операции, например создания газоразрядной плазмы. В плазменных технологиях наиболее важными газами являются кислород, азот, водород, тетрафторметан, аргон, гелий, гексафторид серы, воздух.
|
технологиялық газ ⁄ technological gas – технологиялық операцияларды, мысалы газразрядты плазмаларды жасауда қолданылатын газ,. Плазмалық технологияларда ең маңызды газ оттек, азот, сутек, тетрафторметан, аргон, гелий, күкірт гексафториді, ауа болып табылады.
|
газ электронный ⁄ electron(ic) gas – совокупность свободных электронов в металле.
|
электронды газ ⁄ electron(ic) gas – металдағы еркін электрондар жиынтығы.
|
Газопроницаемость
Gas permeability
Свойство твердого тела пропускать через себя газ при наличии перепада давления.
|
Газөткізгіштік
Gas permeability
Қысым түсіп кеткен жағдайда қатты дененің өзінен газ өткізу қабілеті.
|
Га́мма-дефектоскопи́я
Gamma-ray inspection
Метод дефектоскопии, основанный на использовании радиоактивного гамма-излу-чения в качестве носителя информации; выявляет внутренние дефекты (несплош-ности любой природы), а также значитель-ные неоднородности состава исследуемой среды.
|
Гамма-дефектоскопия
Gamma-ray inspection
Радиобелсенді гамма-сәулені ақпарат тасымалдаушы ретінде қолдануға негізделген дефектоскопия тәсілі; ішкі ақауларды және де зерттелетін ортаның елеулі біртексіздігін анықтайды.
|
Га́мма-излуче́ние
Gamma radiation
Вид ионизирующего излучения – электро-магнитное излучение, испускаемое при радиоактивном распаде и ядерных реак-циях, распространяющееся со скоростью света и обладающее большой энергией и проникающей способностью. Эффективно ослабляется при взаимодействии с тяже-лыми элементами, например, свинцом.
|
Гамма-сәулелену
Gamma radiation
Иондаушы сәулеленудің түрі – радиобелсенді ыдырау мен ядролық реакция кезінде шығарылып, жарық жылдамдығымен таралатын және өте үлкен энергия мен өтімділік қасиетке ие электромагнитті сәулелену. Ауыр элементтермен, мысалы, қорғасынмен әсерлескенде әлсірейді.
|
Га́мма-ква́нт
Gamma-ray photon, gamma , gamma quantum
Фотон большой энергии (условно выше 100 кэВ).
|
Гамма-квант
Gamma-ray photon, gamma, gamma quantum
Үлкен энергиялы (негізінен 105 кэВ-тен жоғары) фотон.
|
Гамма – спектроскопия – см.ст. спектроскопия.
|
Гамма – спектроскопия – спектроскопияны қараңыз.
|
Га́мма-спектро́метр
Gamma-ray spectrometer
Прибор для измерения спектра гамма-излучения.
|
Гамма-спектрометр
Gamma-ray spectrometer
Гамма-сәулелену спектрін өлшеуге арналған құрал.
|
Гамма-эквивалент источника
Gammaequivalent of source
Условная масса точечного радиоактивного источника радия-226, находящегося в равновесии с короткоживущими продуктами распада и создающего на некотором расстоянии от земли такую же мощность дозы, как и данный источник на том же расстоянии.
|
Радиоактивті көздің Гамма-эквиваленті
Gammaequivalent of source
Ыдыраудың өмір сүру ұзақтығы қысқа ралиобелсенді өнімдермен тепе-теңдікте болатын және жерден белгілі бір қашықта осы қашықтықтағы аталған көздің доза қуатындай қуат туғызатын Радий-226 нүктелік радиоактивті көздің шартты массасы.
|
Гамма серы () / Sulfur hexafluoride –
В нормальных условиях – абсолютно инертный газ в плазме образует высокореактивные атомы фтора и радикалы фторида серы, поэтому представляет собой один из наиболее агрессивных плазменных технологических газов.
|
Күкірт гаммасы () / Sulfur hexafluoride – қалыпты жағдайда плазмада абсолют инертті газ жоғары реактивті атом фторын және күкірт фторидінің радикалын түзеді, сондықтан өзін ең агрессивті плазмалық технологиялық газ ретінде ұсынады.
|
Генера́тор Ван-де-Гра́афа
Van de Graaff generator (electrostatic accelerator)
Электростатический ускоритель с генератором высокого постоянного напряжения, в котором для переноса электрических зарядов используется диэлектрический транспортер в виде гибкой ленты.
|
Ван-де-Грааф генераторы
Van de Graaff generator (electrostatic accelerator)
Электр зарядын тасымалдау үшін иілгіш лента түріндегі диэлектрлік тасымалдаушы (транспортер) қолданылатын жоғары кернеулі генераторы бар электростатикалық үдеткіш.
|
Генератор плазменной установки переменного напряжения
AC plasma set up generator
Источник питания плазменных установок. По частоте генерируемого напряжения различают низкочастотные (до 10 кГц), среднечастотные (10 – 1000 кГц), высоко-частотные (1 – 100 МГц) и сверхвысоко-частотные (0,1 - 100 ГГц) генераторы.
|
Айнымалы кернеулі плазмалық қондырғы генераторы
AC plasma set up generator
Плазмалық қондырғылардың қоректену көзі. Өндірілуші кернеу бойынша төмен жиілікті (10кГц-ке дейін), орта жиілікті (10 – 1000 кГц), жоғары жиілікті (1-100МГц) және өте жоғары жиілікті (0,1-100ГГц) генератор деп бөледі.
|
Генератор изотопный
Isotopic generator
1. Генератор, преобразующий тепло, выделяемое радиоактивным нуклидом, в электрический ток в большинстве случаев посредством термоэлектронной эмиссии.
2. Устройство для получения корот-коживущих радионуклидов. Обычно представляет собой хроматографическую колонку с поглощенным на сорбенте «материнским» сравнительно долгоживу-щим радионуклидом, при радиоактивном распаде которого образуется (генерируется) «дочерний» короткоживущий радионуклид.
Иногда изотопным генератором называется сам долгоживущий материнский радио-нуклид.
|
Изотоптық генератор
Isotopic generator
1.Радиобелсенді нуклид бөлген жылуды, көбінесе термоэлектрондық эмиссия көмегімен электрлік токқа түрлендіргіш генератор.
2. Өмір сүру ұзақтығы қысқа радионуклидтерді алу үшін қолданылатын қондырғы. Әдетте, радиобелсенді ыдырауы кезінде «балалық» қысқа өмір сүруші толқын пайда болатын, сорбентте жұтылған салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүруші «аналық» радионуклидпен жұтылған хроматографиялық бағананы құрайды.
Кейде изотопты генератор деп өмір сүру ұзақтығы көп аналық нуклидтің өзі аталады.
|
Генератор магнитогидродинамический Magnetohydrodynamic generator
Генератор для непосредственного преобраз-ования теплоты в электрическую энергию, действие основано на возникновении элек-трического тока в плазме или другой прово-дящей жидкости, движущейся в магнитном поле.
|
Магниттігидродинамикалық генератор Magnetohydrodynamic generator
Жылуды электр энергиясына тікелей айналдыруға арналған генератор, бұл әрекет плазмада электр тогының немесе қозғалатын магнит өрісінде басқа өткізгіш сұйықтықтың туындауына негізделген.
|
Генера́тор пла́зменный
|