Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Бұл  жөнінде  Аничков  былай  деп  жазады



Pdf көрінісі
бет164/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299
9-20

Бұл  жөнінде  Аничков  былай  деп  жазады:  «...

Кенесары  үш  жүздің  ең  атақты  деген  батырлары 

мен  билерін,  бай    мен  бағыландарын  шақырып, 

Үш  Алаштың  баласының  басын  қосып,  әкесіне 

ұлан-асыр  ас  берді.  Сол  астың  соңында  оны  Үш 

Жүздің  баласы  ақ  киізге  салып,  бір  ауыздан  хан 

көтерді.  Созаққа  жасаған  осы  жорықтың  алдында 

Жанқожа  батыр  Түркістан  шәріне  барып,  1162 

жылы  қайтыс  болған,  исі  түркінің  әулиесі  Әзіреті 

Сұлтан Қожа Ахмет Яссауиге зиярат қылды. Оның 

келгенін естіп, Түркістан  маңайында отырған қа-

зақ  ауылдарының  бас  көтерер  азаматтарының  

бірі  қалмай  батырға  сәлем  беріп  жүздеседі.  Оның 

алдында  қоқандықтардың  сазайын  тарттырайық 

деп Кенесары Жанқожа батырға арнайы хат жазып, 

Кіші Жүз қазақтарынан көмек сұраған еді» [2, 21-б.].

Жанқожа бұл ұсынысты қабыл алды. Кенесарының 

ұсынысын  қабыл  алғанын  дастандағы  төмендегі 

деректерден де көруге болады:



...Уәде берді Ер Жәкең,

Аттанбаққа Созаққа.

Кіші Жүздегі батырға, 

Хабарлады жан-жаққа.

Қолына түскен батырмен,

Сол Созаққа бармаққа.

Кенеге күшін көрсетіп,

Өзбектен кегін алмаққа.

Азары өткен өзбектің,

Көрсеткен  бұрын  қазаққа  [3,  79-б.].  Орнықбай 

Сұлтановтың  жазған  дастанның  нұсқасында  Кене-

сарының  жіберген  хабарын  құп  көргендігі  туралы 

мынадай дерек келтіреді:



... «Аттанам» – деп Жанқожа,

Алмасын буды беліне.

Атасы бір қазақтың,

Қоқанда кеткен кегіне.

«Қорған салды әкеліп,

Мынау тұрған Ақмешіт-

Кіші Жүздің жеріне».

Үйсін менен Дулаттың,

Ор қазып тұр төріне.

Айналасын олжалап, 

Өзі келіп ұрынды,

Тек жүре алмай жөніне.

«Бітір менен зекет» деп

Мал алып тұр күніге.

Соның үшін кектімін,

Созақтың  суайт  бегіне  [3,  326-б.].  Орнықбай 

Сұлтановтың  «Жанқожа  батыр»  дастанындағы  бұл 

деректен  Жанқожа  батырдың  Қоқандық  бектердің 

бұқара  халыққа  жасап  отырған  қысымшылығынан 

бұрыннан  хабардар  екенін  және  үлкен  қынжылыста 

отырғанын  байқауға болады.

Осылайша,  Жанқожа    айтулы  алты  жүз  сарбазы-

мен  Созаққа  аттанды.    Жорыққа  қатысқан  сарбаздар 

жөнінде  мынадай  деректер  де  бар:  «Жорыққа  қа -

тысқан  екі  мыңдай  сарбаздың  құрамында  мына 

батырлар  болған:  Тілеу-Қабақ  Шынтемір,  Сары-

бопа,  Жақайым  Пірімжар,  Жылқаман,  Толыбай,  Май-

дан  Бажақ,  Көпжасар,  Жолақ,  Жалмырза,  Бекбауыл, 

Қаржаубай,  Боранбай,  Қарасақал  Дабыл,  Қадір,  Ша -

ғырай,  Сәдір,  Шөмекей  Тоғанас,  тоқымтыққан  Қыс-

таубай, Қаракесек Ақтан, Айдарбек Сатыбалды, Із-

бас, Құрманай Тәңірберген, Әжі Мейрамәлі, Төрт қара 

Таттыбай, Мырзалы, Аққасын, Беласар» [3. 104-б.].

Бұл  батырлардың    Созақ  шайқасына  қатысқаны 

ту ралы дерек дастанда да кездеседі.Кенесары Жан-

қожаға  «кезегің  келді,  ендігі  Созаққа  жорықты  өзің 



баста» дегенде  Жанқожа Төремұрат жырауға «сар-

баздары  жігерлендір»  деп  бұйрық  береді.  Сонда, 

Төремұрат  жырау  батырлар  жиналған  кезде  былай 

өлеңдете сөйлейді:

...Атаның арын арлайтын,

Мінекей, ерлер, күн жетті.

Атаға ұсап ұл туса

Жүрген жері жендет-ті.

Хан болып халқын сұраған,

Шын ашуы келгенде,

Жауға қардай бораған.

Салтанатың кем емес,

Нәріктің ұлы Шорадан.

Айғыр дауыс Таттыбай, 

Дұшпанды еттей тураған.

Онан туған Мырзалы,

Қайратың асқан тумадан.

Қыл белбеулі қырық ердің,

Біреуі мынау – Киікбай

Бекбауыл, Бажақ сол ерден,

Асылдан түскен қиықтай.

Анық батыр ат қояр,

Дұшпанды көрсе ұйлықпай.

Арқаңа сүйеу – Жанқожа,

Қара мойыл сырықтай.

Аққа сыйын Беласар,

Беліңе садақ жарасар.

Екі талай жер болса

Ердің көңілін ер ашар.

Ұмтылыңдар қалаға,

Сендерден қалса, хан ашар.

Дарбазасы ашылса, 

Кейінгі әскер, қол басар.

Ежелден абырой, үлгі алған,

Қамалды бұзып жол салған.

Қандыкөз туған жақсылар,

Екпініңнен жау қашар.

Шал төртқара Таттыбай,

Қожа, Төре бұзбады.

Ақырында хан Кене,

Жанқожаны қозғады.

Батырды жұртқа мат қылмай,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет