«Ақындар айтысы, жыршылар» бағыты бойынша тапсырмалар І кезең 2015 жылғы 5 желтоқсанға дейін «Ертіс дарыны»



Дата04.07.2016
өлшемі11.41 Kb.
#176030
«Ақындар айтысы, жыршылар» бағыты бойынша тапсырмалар

І кезең

( 2015 жылғы 5 желтоқсанға дейін «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на, Ленин к., 127 тапсырылады)

Айтыс өнерінің табиғаты

Тапсырмалар жазбаша түрде 12 беттік дәптерде толығымен орындалып тиісті адреске («Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы, Ленин к., 127) жіберілуі керек. Соңында қарастырылған әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Тек интернет парақшаларынан алынған жұмыс қабылданбайды.

Мақсаты: Айтыскер өзінің ақындық талантын шыңдау үшін айтыс өнерінің қыр –сырын, жақсы білу керек. Бұл ақынның білімділігін көрсетеді. Сондықтан айтыскер ақынның теориялық білімін дамыту мақсатында осы тақырып ұсынылып отыр .

Міндеттері: төмендегі әр тақырыпшаларды

Орындалу мерзімі: 2015 жылдың қараша – желтоқсан айлары

Қарастыратын мәселелер:

  • айтыстың шығу тегі, қазақ айтысының даму тарихы;

  • айтыстың өзіне тән ерекшелігі (синкреттілік, өнер жарысы, лиризм, драматизм);

  • айтыстың жанрлық ерекшелігі (түре, сүре, бәдік, жануарлар айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ, салт, қайым айтыстар);

  • айтыстың түрлері (1. Тұрмыс – салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б) Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар. 2. Ақындар айтысы а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс)

Тапсырманы дайындаған

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбек Әміренов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет