Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы «14» сәуір №116 қаулысымен бекітілген
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын
және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары мен «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Стандарт қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификатын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері өтінішті алған сәттен бастап отыз минут ішінде тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің емшара кабинетіне қан сынамасын алуға жолдайды;
2) қан алу алпыс минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің емшаралық кабинеттерінде бөлгіш гелі бар вакутейнерге жүргізіледі.
Қан сынамаларына белгіленген үлгідегі ( жеке 1 данада, тізімдік 2 данада) ілеспе жолдамалар бірге беріліп және «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің зертханасына жіберіледі;
3) қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні ;
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушыны журналға тіркеген нөмірі бойынша талон беру;
2) вакутейнерге тіркеу нөмірін беру;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысына көрсетілетін қызмет нәтижесін қол қоюға жолдау және көрсетілетін қызметті беруші емшара бөлмесіне көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ұсыну.
3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету
процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің емшара бөлмесінің қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті беруші зертханасының қызметкері;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері өтінішті алған сәттен бастап отыз минут ішінде тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің емшара кабинетіне қан сынамасын алуға жолдайды;
2) қан сынамасын алуды көрсетілетін қызметті берушінің емшара бөлмесінің қызметкері жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші зертханасының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының қанында АИТВ-инфекциясының бар-жоғына сынама жүргізеді, көрсетілетін қызметті берушіге өтініш тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызмет нәтижесін растап, қол қоюға дайындау.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок схемада келтірілген.
" АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті
түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу " мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы
Көрсетілетін қызметті беруші
" АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп қаралу " мемлекеттiк қызметі
көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері өтінішті алған сәттен бастап отыз минут ішінде тіркейтін журналда тіркейді
қан сынамасын алуды көрсетілетін қызметті берушінің емшара бөлмесінің қызметкері жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды
көрсетілетін қызметті беруші зертханасының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының қанында АИТВ-инфекциясының бар-жоғына сынама жүргізеді
Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының өзінің қолына жазбаша хабарлама түрінде беріледі
Белгіленген талаптарға сәйкес келуі
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызмет нәтижесін растап, қол қоюға дайындау
3 (үш) жұмыс күні
20 күнен
артық емес
Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі
Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде
" АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп қаралу " мемлекеттiк қызметі мемлекеттiк қызметін көрсету нәтижесіне шағымдану
Шағымды қабылдауды растайтын құжатты алу
Мемлекеттiк қызметін көрсету нәтижесіне шағымдану нәтижесін алу
Достарыңызбен бөлісу: |