Аитв-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын



Дата01.07.2016
өлшемі62.9 Kb.
#169602


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 20 наурыздағы

№ 253 қаулысымен

бекітілген
 

«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын

және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 
1. Жалпы ережелер


1. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.



3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;

  2. құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат.

Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.

Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының өзінің қолына жазбаша хабарлама түрінде беріледі.

Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне береді.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке тұлғаларға (Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға) тегін, жеке тұлғаларға (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға) ақылы көрсетіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызмет беруші айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағындағы көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына не көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу көрсетілетін қызметті берушінің кассасына қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген.

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).

АИТВ инфекциясының бар-жоғына жасырын түрде медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға дербес код беріледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзге де талаптары
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.

13. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режімінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.



14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
__________________________

«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті

түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

қосымша


CERTIFICATE

АНЫҚТАМА

Of test on antibodies to HIV

адамның иммун тапшылығы вирусына антиденені зерттеу туралы

I am (Мен) _______________________________________________________________

(name of doctor) (дәрігердің Т.А.Ә.)
hereby certify that __________________________

________________________________________________________(растаймын) __

(name of patient) (пациенттің Т.А.Ә. латын әріптерімен)
______________________________________________________________________

Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты орысша


___________________________ was tested on (зерттеліп-қаралды) _______________

(date of birth of patient ) (пациенттің туған күні) (date) (күні)


For the presence in his/her blood of antibodies to the human immunodeficiency virus (HIV) and that the result of the test was NEGATIVE.

Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) антидененің болуы теріс нәтижелі.

Stamp:

Мөрі:


Signature:

Қолы:




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет