«Аңыздың ақыры» романы Ә. Кекілбаевты әдебиетшілер қауымы тарихи тақырыпты қаузаған, өмір құбылыстарын шынайы шеберлікпен бейнелейтін реалист суреткер ретінде таниды. Дегенмен бұл сөзіміз жазушы шығармаларындағы романтикалық арнаны жоққа шығара



бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі22.27 Kb.
#461946
  1   2
әбіш


«Аңыздың ақыры» романы
Ә.Кекілбаевты әдебиетшілер қауымы тарихи тақырыпты қаузаған, өмір құбылыстарын шынайы шеберлікпен бейнелейтін реалист суреткер ретінде таниды. Дегенмен бұл сөзіміз жазушы шығармаларындағы романтикалық арнаны жоққа шығара алмайды.
«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланды. Жазушының тарихи тақырыпқа жазылған алғашқы романында романтикалық бейнелеу тәсілін аңғарамыз Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.
«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес. Сыншызерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында атаса, екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.
Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады. Ә.Кекілбаев өз шығармаларында халық жадында сақталған ескі аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады.
Ә.Кекілбаев романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат шығармаларында мифтік-фольклорлық сарынның, аңыз-әңгімелердің жиі көрініс беруі болып табылады. Ә.Кекілбаев туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық сюжетке құрылады. Жазушы аңыз әңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз жібере отырып, мәңгілік мәселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы шығармаларының бірі – «Аңыздың ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» романы тарихи тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ Темір өмірінің бір сәті көрініс бергенімен, бұл
– үйреншікті мағынадағы дерекке негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз шеңберінен шығып, қаламгерлік қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма тудырған.
Мұнда тарих – фон, кезең колориті ғана. Сыншы С.Әшімбаев романның тарихи негізін баса айта отырып: «шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді, Әмірші деп отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты– деген пікір білдіреді.
Ә.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны маңызды емес. Мәселе, оқиғаның қашан және қалай болғанында емес, болған оқиғаның адамгершілік-философиялық мәнінде. Сюжетке өткен дәуір оқиғасы арқау болғанымен, ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік, бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мәні бар мәңгілік мәселелерді қозғайды. Шығарма адамгершілік негізінің тереңдігімен ерекшеленеді. Адам жанының шындығын тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет