«Айым» бастауыш мектебі
3 «А» сыныбы бойынша 05.09.-09.09.2022 аралығында
өткізілген үйірме жұмыстарының есебі
06.09.2022 күні сағат 14:00 ден 14:45- ге дейін 3 «А» сыныбында би үйірмесі өткізілді. Тақырыбы: «Би туралы мәлімметермен таныстыру және әңгімелеу». Мақсаты: Би туралы ұғымдарын қалыптастыру. Үйірме барысында оқушыларға би өнерінің ерекшеліктері, оның денсаулыққа пайдасы, музыка мен бидің байланысы туралы әңгімелеп бердім. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен би өнері туралы пікір алмастық. Мысалы: Қандай би түрі ұнайды? Қай халықтың биін білесің? деген сияқты сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын айтты. Балаларға денелерін қыздыру үшін жаттығу жасаттым.
07.09.2022 күні сағат 14:00 ден 14:45- ге дейін «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі өткізілді. Тақырыбы: «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек жұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру». Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу. Сабақ барысында үйірмеге қажетті құрал-жабдықтар, оларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтана отырып пайдалану жөнінде түсіндірдім. Әр халықтың өзіне тән ұлттық киімдері болатынын айтып, қазақ халықының ұлттық киімдеріне тоқталып өттім. Қазақ халқының киімдері жас шамасына қарай ерекшеленетінін әңгімелеп бердім. Оқушыларға ер мен әйел адамға арналған ұлттық киімдердің түрін тақтаға сызып көрсеттім. Олар түрлі түсті қағаздарға үлгіге қарап киімдердің суретңн салып, оны қиып, ақ параққа желімнің көмегімен жабыстырды.
Үйірме жетекшісі: Есимханова М.
Достарыңызбен бөлісу: |