Ана- өмір шуағы
1-оқушы: \Айсұлтан\ -Қайырлы күн асыл аналар! Ұлағатты ұстаздар! Қызғалдақтай қыздар!
2-оқушы :\Зере\-Жер ананы бусантып,тіршілікке нәр беріп,бар әлемді жақсылыққа бөлеп шуақты көктеммен бірге 8-наурыз аналар мерекесіде келіп жетті.Мерекелеріңіз құтты болсын!
3-оқушы .\Нұрасыл\ -Осынау көркем мерекенің қай кездеде орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
4-оқушы :\Айсұлтан\ -Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі де тек аналар мен ажарлы.
5-оқушы :\Жансейіт\ - Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соқса,бүгінгі мерекелік кешімізде сіздерге арналады.
6-оқушы :\Ерасыл\ - Маған арнап бар асылды жинадың
Мейіріміңді, жүрегіңді арнадың
Әлем сенің табаныңда бас иер
Жан анашым құтты болсын мейрамың!
7-оқушы :\Зере\ - Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі "жаным" деген сая маған
Хормен : Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті жан, аналар!
Ән :\ Алтын анам\
Мұғалім : -Ананың жүрегі,ананың махаббаты,ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.Бала үшін ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейріміне жетпейді.Едеше балаларыңыздың сіздерге деген ыстық лебізін тыңдаңыздар.
Нұрару : Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам
Мадина : Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Қарақат: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы, анашым
Томирис: Ана –дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана-дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана-деген бәйтерегі өмірдің
Ана-деген алтын қазық, алтын бақ.
Ерасыл :
-Ана! Ана!Ана! осы сөздің өзі адамға қандай күш береді!Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.Ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |