Айыртау ауылық округі әкімінің 2012 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!



Дата23.02.2016
өлшемі143.97 Kb.
#2912
Айыртау ауылық округі әкімінің 2012 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті ауыл тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді.

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, сіздерге 2012 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға қойылатын міндеттері туралы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Округ әкімінің есеп беру кездесуіне ШҚО мұрағат және құжаттандыру басқармасының бастығы Алдияр Акылбекович Аубакиров және Ұлан ауданы білім бөлімінің бастығы Қуат Барысоыич Окасов қатысып отыр.

Айыртау ауылдық округінің Айыртау ауылы 2012 жылдың басынан Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың қолдауымен Ұлан ауданы бойынша тірек ауылының бірі болды.

Округ бойынша 700 аула, тұрғындар саны – 3239, оның ішінде: Айыртау ауылында - 502 аула, тұрғыны - 2249, Ново-Канайка ауылында-180 аула, тұрғыны - 935 адам. Сартымбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ ауылдарында 18 аула, тұрғындар саны – 55. 2012 жылда Айыртау ауылына 50 адам, Ново-Канайка ауылына 12 адам тіркеуге отырды, Айыртау ауылынан 58 адам, Ново-Канайка ауылынан 28 адам тіркеуден шықты. -24

Округ бойынша жалпы оралмандар -74 жанұя, 442 адам. Олардың ішінде: МХР-нан 55 жанұя, 316 адам, Өзбекстаннан - 11 жанұя, 64 адам, ҚХР–нан 13 жанұя, 73 адам.



Округ бойынша өнеркәсіп

Айыртау ауылында 1 наубайхана орналасқан. Ол: «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-і, директоры М.Н. Уразбаев. Қазіргі уақытта наубайхананы Кадырбеков Саят деген азамат сатып алып, жұмыс атқарып жатыр. Өткен 2012 жыл бойынша «№3 Хлебозавод» ЖШС-імен сауда орындарында 1 нанның бағасы 48 теңге, бір жыл ішінде 1 сұрыпты 407000 нан пісірілді, 72000 қоңыр нан 55 теңге, нан-тоқаш өнімдері 65 911 дана 17 теңгеден 25 теңгеге дейін сатылды. Сонымен қатар сауда нүктелеріне Өскемен қаласынан түрлі нан, тоқаш және тәтті кондитерлік бұйымдар әкелінеді. Сондықтан біздің кәсіпкерлердің осы бағытта өнеркәсіп қорын нығайтуларына барша мүмкіндік бар.



Округіміздің басты бағыты ауылшаруашылығы болып табылады. Округ аумағында 71 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 2 - ЖШС-і және 71- шаруа қожалығы Шаруа қожалықтарының 3-інде 100 га-дан астам егістіктері бар, олар жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының 66 пайызын құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда ірі қара мал саны:






Жеке аулаларда

ш/қожалығында

Барлығы

ІҚМ

1897

1084

2981

қойлар

3010

3352

6362

ешкілер

440

266

706

жылқылар

699

662

1361

шошқалар

24

164

188

құстар

698

215

913

Салыстырма:






01.01.2012

01.01.2013

% өсуі

ІҚМ

2732

2981

109

қойлар

5927

6362

107

ешкілер

590

706

119

жылқылар

1196

1361

113

сонымен қатар тұрғындар шаруашылығында -5359 центнер ет, 32314 центнер сүт, 70300 дана жұмыртқа өнімдері өндіріледі.

Округтің жалпы жер көлемі 42 629 га құрайды. Ауыл шаруашылығына негізделген жер 27952,9 га, соның ішінде егістік - 8410,1 га, шабындық-1288 га, жайылым -14088,4 га, Банитет балы -18 құрайды. 2012 жылы 29649 га дәнді-дақылдар егілді. Жалпы бидай 1 га-дан 8 центнер егілді, олар: «Уланская МТС» ЖШС - 754,8 га бидай, «Степное» ш/қ. иесі - Бельчуевскиий – 1188,3 га бидай, «Алина» ш/қ басшысы Раев- 636,7 га бидай, «Уланская МТС» ЖШС – 69,2 га соя екті. Хамидов Махмуд деген азамат Айыртау жерінен жер алып, картоп, көкөніс отырғызып, өнімін көрді және де зерттеу үшін соя отырғызды.

Асыл тұқымды мал ұстайтындар:

«Дина» ш/қ 381 бас «Жәбе» жылқыларын, 1800 бас қазақтың құйрықты қойларын;

«Бейсханова» ш/қ – 118 бас Сементал тұқымды сауынды сиырлар;

«Қаба» ш/қ – 3 бас қазақтың ақ шашты бұқасын сатып алды.

«Ақшатау» ш/қ қазақи ақ шашты 1 бас бұқа, 5 бас тайынша сатып алды.

«Бейсханова» ш/қ. 553, мың теңге, «Қаба» ш/қ 405 мың теңге жемге субсидия алды. Асыл тұқымды мал сатып алуға «Ақшатау» ш/қ 642 мың теңге, «Қаба» ш/қ 107 мың теңге субсидия алып, қазақи ақ шашты асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды.

«Дина» ш/қ қой етін өндіруге 750 мың теңге, жылқы етін өндіруге 368 мың теңге субсидия алды.

«Бейсханова» ш/қ сүт өндіруге 4,5 млн. теңге, жылқы етін өндіруге 1 млн 656 мың теңге, қымыз өндіруге 2 млн 400 мың теңге субсидия алды.

«Атамекен» ш/қ қымыз өндіруге 600 мың теңге субсидия алды.


Шағын бизнес

Округ аумағында 22 шағын бизнес субъектілері тіркелген – олар: 14 дукен, 2 дүңгіршек, 1 шаштараз, 1-ТЖО (СТО), 1- ұлттық киім тігу шеберханасы, 1 «Уланская МТС» ЖШС, 1 «Балдаурен» балабақшасы, 1 дәріхана. Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін субъект басшыларымен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы меморандум жасалды. Сонымен қатар апта сайын басты қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі.

Айыртау ауылында 2 дүкенде (Мадина, Карина), Ново-Канайка ауылында 1 дүкенде (Алтай) әлеуметтік бұрыш бар, аз қамтылған 15 отбасына толайым бағамен тауар өнімдері сатылады., «Мадина» дүкенінде 53 тенге әлеуметтік 1 сүрып үны сатылды
2012 жылғы бюджет
2012 жылы Айыртау ауылдық әкімшілік аппаратының функционалдық қызмет етуіне және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін аудан бюджетінен 12 млн 293 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:

1. Айыртау әкімшілігі аппаратын ұстауға – 7 млн 857,0 ткңге,

2. Көше жарығын ұстауға және электр қуатының төлеміне 456,мың теңге бөлінді

3. Округтің санитарлық тазалығына 100,0 теңге бөлінген, округтегі 2 ауылдың қоқыс төгу орындарын тегістеуге;

4. Жанабеков көшесінің жолы тегістелді. – 177 мың теңгеге жұмыс атқарылды.

5. Әкімшілік баласында түрған 1,9 км су қүбырының жөндеу жұмысына және насосты ауыстыруға 600,0 теңге;

6. Абай, Жанабеков көшелерін жарықтандыруға 3 млн 703,0 теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау

Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыста 10 адам қоғамдық жұмыс атқарды (аумақтарды экологиялық сауықтандыру (көгалдандыру және көркейту), елді мекен аумақтарын тазартуға, шаруашылық кітаптарды жүргізуге, ағымдағы құжаттармен хат-хабарды жеткізуге, мәдени көлемді шараларды өткізуге көмек көрсету жұмыстарына қамтылды. Жұмыссыздар ішінен 3 адам жұмыска орналасты.

- 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алушы 22 отбасына аудандық бюджеттен 588600 теңге бөлінді, 51 адамға тұрғын үй көмегіне 531900 теңге қаражат бөлінді, Округ бойынша 32 адамға әлеуметтік көмек 252020 теңгеге көрсетілді, оның ішінде: Айыртау ауылы бойынша 18 адамға 151540 теңге, Ново-Канайка ауылы бойынша 14 адамға 100480 мың теңгеге .

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 4 адам қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бойынша оқу оқыды, 3 жасөспірім кәсіптік оқуларында» оқып жатыр. Жастар іс тәжірибесі бойынша 2 адам жұмыс істеді. 12 адам «Балдаурен» бала бақшасында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеді

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік пен мал шаруашылығын дамыту үшін 3 адамға 7 млн. теңге несие бөлінді, олар: Маханов Шариппай мен Маханова Айнұр - 3 млн. 6 млн. «Балдаурен» бала бақшасының ашылуына ЖК «Агзамова С:З. көмек ретінде бала бақшаның ас беру бөлмесіне жихаздар мен жабдықтар алды және Ахметов Мухтархан 1 млн. теңгеге жеке мал шаруашылығын дамытуға.

Округ аумагында бір Ұлы Отан соғысының ардагері жане 66 тыл енбеккері тұрады, 3 ауған соғысына қатысушы, 2 Чернобыль апатына қатысушы, 1 топ мүгедегі 3 адам, 2 топ мүгедегі 83 адам, 3 топ мүгедегі 48 адам.

Округте 252 зейнеткер, мемлекет жыл бойы зейнеткерлерге төлейтін зейнетақы 95 млн.878 мың 752 теңгені құрайды. Сонымен қатар әртүрлі жәрдемақылар, арнаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы көмегі, тұрғын үй көмегі, бюджет жұмысшыларының еңбекақысы: Гагарин орта мектебінің 66 мұғалімдер мен тех персоналының еңбекақысы жылына 43 млн.567000 теңгеге, Қанай орта мектебінің 39 мұғалімдері мен техперсоналының еңбекақысы жылына 23 млн.теңге, Ново-Канайка ауылында орналасқан ОПА-ның 206 қызметкерлеріне 174 млн.629000 теңге қаражат жұмсалды.

Округте 4,5 ставкада 5 әлеуметтік жұмыскер жұмыс істейді, Айыртау ауылында 4 әлеуметтік жұмыскер, олар: Кенишпаева Жанар Оралбековна, Матайбаева Гульнар Калымбаевна, Ахметова Майсара Темірғазыевна, Алькенова Гульбаршын Мауткановна және Ново-Канайка ауылында 0,5 ставкада Канапиянова Альмира жұмыс істеді. Биылғы жыл басынан Тлеубердинова Бакыт Аманжоловна жұмысқа кірді. Барлығы 24 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер және 5 мүгедек балаларға қызмет көрсетеді. 2012 жылы күз айында Таврия ауылында өткен әлеуметтік қызметкерлер арасындағы конкурстан Айыртау ауылының әлеуметтік жұмыскерлері 2-ші жүлделі орынға ие болды.

31 қазан күні Айыртау ауылының ауыл клубында аудан аралық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған семинар өткізілді. Семинарда конкурсқа қатысқан әеуметтік жұмыскер Алькенова Г.М. мадақтау граматасымен марапатталды.
Білім

Айыртау ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп орналасқан: «Гагарин орта мектебі» ММ және «Қанай орта мектебі» ММ, оларда 353 оқушы оқиды Гагарин орта мектебінде 259 оқушы, Қанай орта мектебінде 94 оқушы оқиды. Гагарин атындағы орта мектебіндегі мини центрге 16 мектеп жасына дейінгі балалар 3 сағатқа қатысады.

2012 жылы округ бойынша 21 түлек мектеп бітірді, оның екеуі грантқа түсіп, арнаулы орта оқу орындарында оқиды. Гагарин орта мектебі бойынша орташа балл 62,3 құрайды. Бүгінгі күні мұғалімдер штаты толық іріктелген. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 7 мұғалім, 16 мұғалім бірінші дәрежелі, 7 мүғалім екінші дәрежелі, 6 мұғалімнің дәрежесі жоқ. Мектепте техникалық жағдай жасалған, 28 компьютер бар, біреуі ғаламторға қосылған. Гагарин атындағы орта мектеп ғимаратының қасбетіне күрделі жөндеу жұмыстарына 31 млн.891 мың теңге бөлінген, облыстық бюджеттен – 21 млн.271 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 млн.620 мың теңге бөлініп, «Өскемен-пласт» ЖШС-нің атқарған жұмыстары:

1.) Мектеп ғимаратының қабырғалары паклямен, арнайы көбікпен бітеліп, сыланды.

2.) Сыртқы қабырғасы ескі сылақтан тазартылып қайта сыланып, сырланды

3.) Барлық мектептің терезелері мен есіктері алынып, пластикалыққа ауыстырылды.

4.) Сыртындағы 10 табалдырық жаңадан жасалды.

5.) Мүгедектерге арналған «пандус» жасалды.

- Мектептің сыртқы қашалары көк бояумен сырланды.

- 38 млн.теңгеге «НТ-ДОС» ЖШС-і шатырына жөндеу жұмыстарын жасады.


Қанай орта мектебі бойынша орташа балл 57,7. Ұстаздардың мамандық деңгейі: 1 мұғалім жоғары дәрежелі, 7 мұғалім бірінші дәрежелі, 6 мұғалім екінші дәрежелі, дәрежесі жоқ 6 мұғалім. Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Округ бойынша ыстық тамақпен 127 бала қамтылған.

2012 жылы атқарылған күрделі жұмыстар:

1. аудандық бюджеттен бөлінген 78 мың 300 теңгеге жаңа электр қазандығы алынып, ауыстырылды.

2. 60 мың теңгеге 47 шиферсатып алынып, төбесінің шиферлері ауыстырылды;

3. 45 мың теңгеге 4 компьютер сатып алынды;

4. 150 мың теңгеге мұғалімдер кабинетіне жихаздар сатып алынды;

5. 70 мың теңгеге 2 сыныпқа екі сынып тақтасы алынды.

6. 100 мың теңгеге жаңа ағаштар сатып алынып, жаңадан дәретхана салынды.

- Жеке кәсіпкер С.З. Агзамова мамыр айында өз қаражатына 30 млн теңгеге 75 орындық «Балдаурен» балабақшасын ашты; қазіргі уақытта бабабақшада 24 адам жұмыс істейді.
Мәдениет
- 2012 жыл бойы ауыл клубында 66 мерекелік іс шара өткізілді.

Жаз уақытында Айыртау ауыл клубы ғимаратының қабырғалары тгістеліп, сырланды. Шатырға шығатын башқыштары жөнделіп, ғимарат сыртындағы қашалары сырланды. 2012 жылғы шілде айында Айыртау ауыл клубында той, жабдықтар өткізілуіне Ұлан ауданы МСЭ басқармасы тиым салған, сол себепті ауыл тұрғындары тамыз айында жиын өткізіп, барлық тұрғын бір ауыздан клубта той, жабдық өткізу үшін қажетті зат-жихаздар алу үшін ауыл тұрғындары өз еріктерімен қаражат жинауды қолдады. 5 адам қаражат жинаушылар 151 мың теңге жинаған ақшаға: Аристон, 4 камфорлы электроплита, смеситель, мойка және басқа керек жарақтар алынды.

-Ново-Қанайка ауыл клубында 32 мерекелік іс-шаралар өткізілді. Ауыл клубының іші-сырты жаз уақытында ақталып, сыланып, ағартылды. Төбесіне 8 шифер алынып, ауыстырылды. 15 мың теңгеге теплофон алынды, терезелерінің шторлары ауыстырылды.

2012 жылғы ақпан айынан бастап спорттық ойындар жарысы өткізілді, жаз айында Ұлан ауданы әкімі жүлдесіне өткізілген спорттық халық ойындары спартакиядасында Айыртау ауылдық округі командасы спорттық ойындардың қорытындысы бойынша 1-ші жүлделі орынға ие болды. Күз айында округіміздің спортшы ардагерлер мен жастардың басын қосып, дастархан жайылып, алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапаттап, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.



Медициналық қызмет көрсету

Округ аумағында 7 медицина қызметкерлері бар, 6 адам орта медициналық білімімен., 2 медициналық мекеме: 1 дәрігерлік емхана, 1 – фельдшерлік пункт. Тұрғындарға қызмет көрсететін 1 санитарлық автокөлік бекітілген. Өткен жыл бойы 32 бала дүниеге келді, 29 адам қайтыс болды. Оның ішінде 6 адам қартаиуына байланысты, 6 адам онко ауырымен.

Дәрігерлік емхана Айыртау ауылдық округінің Айыртау ауылында орналасқан, аудандық орталық ауруханасымен ара-қашықтығы 70 км. Ново-Канайка ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Сартынбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ учаскелеріне көшпелі қызмет көрсетіледі. Дәрігерлік емханада тіркеуде

1 жасқа дейінгі - 35

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар - 214

жасөспірімдер - 120

егде тұрғындар - 2269 адам

әйелдер - 796

Жаз уақытында Айыртау дәрігерлік амбулатория ғимаратының сыртқы қабырғасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Инфрақұрылым

Айыртау ауылында су құбырын жөндеуге 2 жобалық сметасы жасалды, біреуі 8 млн.500 мың теңгеге, екіншісі 5 млн.500 мың теңгеге. Екінші смета бойынша Абай көшесінде су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Оразгалиев, Танабаев көшелеріне жобалық смета жасалды.

- Ұлан өзенінен өтетін көпірге 2 млн 200 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді.

- 1996 жылдан бері бос тұрған бұрынғы асхана ғимаратын 5 миллионға сатып алып, қазіргі уақытта су құбырын өткізу жұмысы жүргізіліп, барлық құжаттары аудандық бөлімдермен заңдастыру үшін келісім жасауға тапсырылды, алдағы мамыр айыныда дәмхана ашу жоспарда.

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданынан келген «Режебалинов» ш/қ иесі И.М. Режебалиев Айыртау ауылында мал бордақылау алаңын ашу үшін 15 млн. теңгенің жұмысын атқарды (2 мал ұстау қорасын сатып алып, алаң орналасатын жер учаскесінің маңайын бетонмен қоршау жасады)

- Демеушілер Бельчуевский мен Раев ақшалай көмек берді ол ақшаға сыр алынып Айыртау ауылында кіре беріс орталық Мусин, Тохтаров көшелеріндегі үйлердің қашалары тегістеліп, сырланды.

Ново-Канайка ауылы бойынша 1,5 шақырымдық су құбыры ОПА-ның балансында. Осы су құбырымен ауыл тұрғындары қолданады


Телекоммуникация

Ауылдық округтің Айыртау ауылында АТС филиалы тұрғындарға қызмет көрсетеді, Айыртау ауылында 274 абонентке сыммен, 84 сымсыз телефон қойылған, 63 адам ғаламтор орнатты

Ново-Канайка ауылында сыммен 127 телефон, сымсыз 20 телефон орнатылған.
Құқық қорғау

Айыртау ауылдык округіне УПИ ага лейтинант Д.К.Елеусизов кызмет көрсетеді. Кызмет көрсету аумағында округке қарасты 5 елді мекен бар: Айыртау, Ново-Канайка ауылдары, учаскелер: Түкүл, Ұзын-Бұлақ, Сартымбет.

2012 жылдың 12 айы бойы бірталай мақсатты іс шаралар өткізді.

Жыл бойы 200 әкімшілік хаттамалар жасалды. Хаттама бойынша 1 млн 332 мың 480 теңгеге айыппұл жасалды. 47 мың теңге айыппұл төленбеді, яғни, 96%.

- Мәжбүрлі ішімдіктен емделуге 2 адам жолданды әр қайсысы үшайдан

- Участкеде 18 қылмыстық іс жасалды, оның ішінде 8 мал (ұрлық) 175 бап, оның ішінде: 5 қылмыс ашылды, ашылмаған – 3.

-257 бап 3 тармаққа сәйкес, 2 тәртіп бұзушылық тіркеліп, 2 –уі де анықталды.

- 185-бап, 1-тармақ – 1 (автокөлік ұрлау) – ашылды

-103-бап, 1 тармақ – 2 (денеге зақым түсіру) – ашылды.

- округ бойынша тұрақты жанжал шығарушылар: Токтаганов Кайырбек Ауталипович, Морозов Виталий, Джарбулов Бауыржан, Сулейменов Мейрамхан.

- 4 жүргізуші ішімдік ішіп көлік жүргізген, барлық 4-уі 2 жылға жүргізу құқығынан айрылды,

- 1 қару алу,

- 2012 жылы өз күшімен 37 қаңғыбас ит атылды.

- 72 адам (377-бап, 1-тармақ) - әкімшілік жазаланды (мекен жайда тіркеусіз тұруы) 582480 мың теңгеге.

- 2012 жылы округте «Ұлан дәрігер» КММ арқылы 45 ит атылды.
Қоғамдық жұмыстар

Округте 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады.21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша реидтер жүргізіліп тұрады.

Ардагерлер кеңесі жыл бойы 5 мәжіліс өтізіп, 2 өтініш қарастырылды.

Әйелдер кеңесі жыл бойы 3 мәжіліс өткізіп, 2 өтініш қарастырды. 1 аз қамтылған отбасының тұрмыс жағдайы тексерілді.

2012 жыл бойы заңды тұлғалардан 24 сұраныс пен өтініш, жеке тұлғалардан 20 арыз-өтініш түсті.

Өтініштердің мінез-сипаты:

Заңды тұлғалар, сот орындаушыларынан 23 сұраныс, 1 жер учаскесін заңдастыру;

Жеке тұлғалардан 18 өтініш жер учаскесін заңдастыруға және 2 әр түрлі сұрақтармен.

Заңға сәйкес барлық арыз-өтініш, сұраныстарға жауап беріліп, қанағаттандырылды.

Округтің «Ардагерлер», Әйелдер» кеңесі» мүшелерінің басын қосып, тірек ауылдық елді мекендерін құру және дамыту бойынша іс-шараларды үйлестіру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына «Ардагерлер», «Әйелдер» кеңесінің мүшелері және әр көшеден 1-2 белсенді адамдар келісімдері бойынша сайланды. Маусым айынан бастап округте 14 рет тұрғындармен көше-көшеде бас қосу жиыны өткізілді. Жиында көтерілген сұрақтар: Көше тазалығының сақталуы, әр адам өз үйінің сыртқы келбетін жақсарту, әдемі кейіпке келтіру, ақтау, терезелерін сырлау, қашаларын дұрыстап, сырлау, не ауыстыру жайлы ұсыныстармен бөлісті. Және де көшеде бос жүрген бұзауларды табынға қосу жайлы пікірмен бөлісті. Әр көшеге сайланған көше жетекшілерімен таныстырды. Ұсыныстарды тұрғындар бір кісідей қабылдады.


ШҚО әкімінің тапсырмасын орындауда:

Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша ШҚО әкімі жариялаған 2 айлық кезеңінде округте сенбіліктер өткізілді. «Восток» ш/қ техникасы қоқыс шығару тасымалымен айналысты, 1 тасымалы 1000 теңге. 4,5 га қоқыс төгетін жер учаскесі заңдастырылған.

Ново-Канайка ауылында облыстың психиатриалық ауруханаға қарасты техникасы көмек көрсетті. Округ бойынша көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, 12 шақырым көшелер мен жолдар, 0,10 га скверлер мен алаңдар, 4 су тартқылардың қоршауы тазартылып, су бұратын белдеулер көтеріліп жөнделді. Көп жылғы тазартылмаған қоқыстар шығарылып, 2 этажлы иесіз бос қалған үйлер маңайы тазартылды. 150 тонна қатты қоқыс шығарылды.

Мектептер, мәдени ошақтар, Обелиск маңайы, әкімшілік ғимараттары маңайында 55 көшеттер, 30 бұталар, 100 гүлзарлар отырғызылды.

«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты аудандық жастар марафонына 30 жасөспірім 3 кезең қатысып, жасыл желектерді, жасалған гүлзарларды күту, Обелиск маңайын абаттандыру, су қоймаларының, Ұлан өзені маңайларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Айыртау ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар орындары тазартылды.

Жыл бойы барлық мерекелік іс шаралардың өтуіне округтің жеке кәсіпкерлері мен ш/қ басшылар демеушілік көрсетті, олар:

1 . ЖК – Сахариев Сабырбай

2. Сагындыков Кадыр М.

3. «№3 Хлебозавод» - Уразбаев М.Н.

4. Рагызбаева Корлан Нургожаевна

5. Федько Лидия Григорьевна

6. Ргызбаев Адылбек Бигазинович

7. Рагизбаева Б.А.

8. Сагандыкова Ж.

9. Нургалиева Г.

10. Алтаева Э

11. Шаихов С.

12. Мухаметжанов Т.А

13. Канапина Р.А.

14. Нұрханова Алғиза

15. Касина Баян


Айыртау ауылдық округі әкімінің 2013 жылға жоспары


  1. Қанай ауылында жаңа мектеп салу жұмыстары 2013 жылғы наурыз айына басталады, құрылыс құны – 318 млн. теңге 80 орындыққа




  1. Айыртау ауылында жеке кәсіпкер Режабалиев Илхамжан мамидалиевич бастаған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары аяқталып, 500 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді , жаңа жұмыс орындары ашылады.



  1. Жеке кәсіпкер Рагызбаева Бакытжан 50 адамға арналған дәмхана ашу.

  2. Айыртау ауылдық клубының жөндеу жұмыстары.




  1. Жеке кәсіпкер Нұрханова Алғиза дүкен ашуды жоспарлауда.




  1. «Уланская МТС» ЖШС

800 га бидай

200 га – соя

300 га – көпжылдық шөп

«Колос» ш/қ

132 га көпжылдық шөп егү

Раев - 600 га бидай

Бельчуевский – 1188 бидай

«Хамидов» ш/қ

15 га жеміс

15 га картоп

40 га соя

Гасанов Фируз -130 га картоп, көкөніс отырғызуды жоспарлап отыр




  1. Айыртау ауылында 8,5 млн. су құбырын жөндеу жұмыстары




  1. Оразгалиев көшесіне жарықтандыру өткізу.




  1. «Бейсханова» ш/қ жылқы сатып алуды жоспарлап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет