- Дайындаған: Қибадуллина С.Ғ.
- Тексерген: Жаданова Г.С.
- Халықаралық биологиялық
- қатердің белгісі.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ - 1935-1936 жылдары Япония елінде Маньчжурида арнайы лабораториялар жасалды, бірнеше жылдан соң армиялық зерттеу отряды құрылды. Олар бактериологиялық қауіпті заттар жасап шығарып, әскери қызметкерлерге және Қытайға тәжірибелер жүргізе бастады. Биологиялық қару туралы мәліметті халық 1949жылы ғана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін биологиялық қаруды АҚШ , Австралия , Канада жасап шығарды.
Биологиялық қару - Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
-
- Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
- Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірінші кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам(жануарлар)ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді. Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрін-бейді,ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына және ағзаның күйіне байланысты.Инкубациялық кезең 2-5 күнге созылады.
- Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеттерінің негізін биологиялық құралдар құрайды,оларға ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялық агенттер жатады. Олар адамдардың немесе жануарлардың (өсімдіктер) ағзасына еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) тудыруға қабілетті.Оларға жататындар: ауру тудырушы микробтар мен вирустардың жеке түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |