Аймақтағы қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы
1. Инфляция
Павлодар облысының статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы ақпан айында инфляция 0,1% (2015 жылғы қаңтарда - 0,6%) деңгейінде қалыптасты.
2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда халыққа ақылы қызмет көрсетулерге баға – 1,1%-ға өсті, азық-түлік тауарларына – 0,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға баға – 0,7%-ға төмендеді.
2014-2015 жылдардағы Павлодар облысы бойынша айлық инфляция және оның құрамдас бөліктерінің динамикасы (алдыңғы айға %)
2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда азық-түлік тауарлары тобында сүт өнімдеріне - 1,0%-ға, соның ішінде, қаймаққа – 2,9%-ға, зарарсыздандырылған сүтке - 2,2%-ға, айранға - 0,6%-ға, нанға – 0,6%-ға, соның ішінде, бірінші сортты ұннан пісірлген бидай нанына – 0,9%-ға, пісірлген шұжыққа – 0,6%-ға, жемістерге – 0,1%-ға, соның ішінде, көп орамға – 3,0%-ға, қызылшаға - 0,4%-ға өсуі байқалды. Сонымен бірге қантқа - 9,0%-ға, жұмыртқаға - 5,5%-ға, құс етіне – 5,2%-ға, жармаларға – 2,5%-ға, соның ішінде, қарақұмық жармасына - 5,0%-ға, сұлыға - 0,6%-ға, тауықтың сан етіне - 1,6%-ға, балық және теңіз өнімдеріне, сүзбеге, мәйекті ірімшікке, күрішке - 1,2%-ға, май және той майға - 1,1%-ға, соның ішінде, өсімдік-сары майға – 0,7%-ға, сары май тұздалмаған, маргаринге - 0,3%-ға, кондитерлік өнімдерге - 0,9%-ға, бас пиязға - 1,0%-ға, алмаға - 0,8%-ға бағаның төмендеуі байқалды.
Одан басқа, алкоголь ішімдіктеріне – 1,6%-ға баға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар ішінде 2015 жылғы ақпанда фармацевтикалық өнімдерге - 2,4%-ға баға өсті. Сонымен бірге сұйытылған газға - 8,0%-ға, ЖЖМ – 7,9%-ға, соның ішінде – дизельдік отынға – 8,3%-ға, бензинге - 8,1%-ға, көлікке – 2,2%-ға бағаның төмендеуі байқалды.
Халыққа ақылы қызмет көрсетулер ішінде 2015 жылғы ақпанда баға негізгі жалға берілген тұрғын үй үшін нақты жалгерлік төлем – 5,0%-ға, тұрғын үй иелерінің белгілеген жалгерлік төлемі - 4,3%-ға, байланыс қызметтеріне - 4,4%-ға, электр энергиясына - 3,5%-ға өсті.
2. Депозит нарығы. Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 147 746,6 млн. теңгеге дейін 3,6% төмендеді (2015 жылғы қаңтарда - 153 274,8 млн. теңге). Заңды тұлғалардың депозиттері 33 106,0 млн. теңгеге дейін 2,1% көтерілді, жеке тұлғалардың депозиттері 114 640,7 млн. теңгеге дейін 5,1% төмендеді.
2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттер 64 666,5 млн. теңгеге дейін 5,7% төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер 83 080,1 млн. теңгеге дейін 1,9% төмендеді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 44,8%-дан 43,8%-ға дейін төмендеді.
2015 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 7,7%-ға дейін көтерілді, ал жеке тұлғалардың - 7,3%-ға дейін төмендеді.
3. Кредит нарығы. Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,3% көтеріліп, 304 555,2 млн. теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер ақпан айында 0,2% төмендеді және 284 511,9 млн. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы кредиттер 20 043,3 млн. теңгені құрай отырып, 7,0% көтерілді. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 93,8%-дан 93,4%-ға дейін өсті.
Ұзақ мерзімді кредиттер 251 066,7 млн. теңгені құрап, 2,3% көтерілді, қысқа мерзімді кредиттер 53 488,5 млн. теңгені құрап, 8,5% төмендеді. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 80,7%-дан 82,4%-ға дейін көтерілді.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер ақпан айында 0,3% көтерілді және 149 569,7 млн. теңгені құрады, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 154 985,5 млн. теңгені құрап, 0,2% көтерілді. Нәтижесінде жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 50,89%-дан 50,91%-ға дейін шамалы көтерілді.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері 2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 61 432,3 млн. теңгені құрай отырып, 3,6% көтерілді немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 20,2% құрады.
2015 жылғы ақпанда салалар бойынша алғанда экономиканың өнеркәсіп (23,5%), сауда (16,5%), көлік (4,8%) және құрылыс (3,5%) сияқты салалары неғұрлым белсенді кредиттелуде.
2015 жылғы ақпанда 2015 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 11,8% дейін көтерілді, ал жеке тұлғаларға - 2015 жылғы қаңтар деңгейінде қалды (17,0%).
4. Павлодар облысының төлем жүйесінің саласында 2015 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай көрсеткіштерді атап көрсетуге болады: облыс банктері айналысқа 653,7 мың төлем карточкасын шығарды, карточкаларды ұстаушылардың саны 603,8 мың адам болды, пайдаланылған төлем карточкаларының саны 303,7 мың бірлік жасады. Тауарлар немесе қызметтер үшін төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдер жүргізілетін РОS-терминал саны 3081 дана, импринтер саны - 6 дана, облыс аумағында 579 банкомат, 95 банктік киоск орналасқан, қызмет көрсететін сауда кәсіпорындарының саны 1 734 кәсіпорын болды. Ағымдағы жылдың сәуір айында төлем карточкаларын пайдаланумен қолма-қол жасалмайтын төлемдер саны 862,6 млн. теңге сомасында 106,7 мың транзакция болды, қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар 22 351,4 млн. теңге сомасында 624,2 мың транзакция жасады.
5. Валюта нарығы
2015 жылғы қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,35 - 184,45 теңге аралығында өзгерді. 2015 жылғы қаңтардың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 184,45 теңге болды.
2015 жылғы қаңтарда қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 4,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 1,1 млрд. АҚШ доллары болды.
Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 5,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
РММ Павлодар филиалы
Достарыңызбен бөлісу: |