Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидаларын бекiту туралы және "Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 30 желтоқсанда № 7367 тiркелдi
"Егемен Қазақстан" газетi 2012 жылғы 21 сәуiрдегi № 172-177 (27251); "Казахстанская правда" от 21.04.2012 г., № 112-113 (26931-26932)
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында және «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидасы бекiтiлсiн.
2. «Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5191 болып тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiнде:
4-тарау алынып тасталсын.
3. «Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6984 болып тiркелген, «Казахстанская правда» газетiнiң 2011 жылғы 8 маусымдағы № 180 (26601), 2011 жылғы 9 маусымдағы № 181-182 (26602-26603) сандарында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi (С.Ә.Ырсалиев):
1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң төрағасы С.Ә.Ырсалиевке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 506 бұйрығымен бекiтiлген
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ағымдағы жылғы жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын меңгерген бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне (бұдан әрi - бiтiрушi) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қағидалар меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарына таратылады.
3. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi - ҰБТ) - орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын бiрiктiретiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерiнiң бiрi.
4. ҰБТ ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу пункттерiнiң (бұдан әрi - ҰБТӨП) базасында өткiзiледi.
5. ҰБТ-ның өткiзiлуiн үйлестiру үшiн облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бiлiм басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрi – Штаб) құрылады.
6. Штаб:
1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын;
2) ҰБТ мәселелерi бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын;
3) ҰБТ-ны өткiзу кезiнде металл iздегiштердiң, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестiредi.
7. ҰБТ-ны өткiзу үшiн ҰБТӨП-те мемлекеттiк комиссиялар (бұдан әрi - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Бiлiм туралы», «Мемлекеттiк құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
8. МК-нiң құрамына әкiмдiк өкiлдерi, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрi – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) бiлiм басқармаларының бастықтары (бұдан әрi – бiлiм басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарының немесе бiлiм басқармаларының бiлiктi қызметкерлерi арасынан тағайындалған хатшы кiредi. МК мүшелерiнiң саны 5 адамнан тұрады.
9. Бiлiм беру ұйымдарында:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бiлiм беру ұйымдарының базасында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе бiлiм басқармаларының бастықтары тағайындалады;
2) аудан орталықтарының бiлiм беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкiмдерiнiң орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бастықтары тағайындалады.
МК-нiң құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бiлiм басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен ҰБТ рәсiмiн өткiзгенге дейiн 2 ай бұрын бекiтiледi.
10. МК:
1) жұртшылық арасында ҰБТ мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
2) жергiлiктi атқарушы органдармен және бiлiм беру ұйымдарымен бiрлесiп бiтiрушiлердi ҰБТӨП-ке және керi жеткiзудi, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бiтiрушiлер тестiлеу өткiзiлетiн күнi таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бiтiрушiлер тестiлеу басталғанға дейiн бiр күн бұрын тасымалданады);
3) медициналық қызметкерлердiң жұмысын қамтамасыз етедi;
4) электр көзi мен телекоммуникациялық байланыстың үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
5) кезекшiлердiң құрамын қалыптастырады;
6) кезекшiлердiң тестiлеуге қатысуын қамтамасыз етедi;
7) қоғамдық тәртiптi сақтауды, тестiлеуге кiргiзу кезiнде металл iздегiштердi, тестiлеу кезiнде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;
8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестiлеу басталғанға дейiн ғимаратты тексеру актiсiн жасау арқылы ҰБТ өтетiн ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшiн тексерудi жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi (бұдан әрi – Министрлiк өкiлдерi) мен апелляциялық комиссияның жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасайды;
10) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшiлерiнен санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кiтаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және фотоаппараттар) болмауына жасалған акт бойынша қабылдауды жүзеге асырады;
11) Министрлiк өкiлiмен бiрлесiп мүгедек бiтiрушiлер, даму мүмкiндiктерi шектеулi, көру қабiлетi нашар (көрмейтiн, нашар көретiн), есту қабiлетi нашар (естiмейтiн, нашар еститiн), өздiгiнен жүрiп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетiмен ауратын бiтiрушiлер үшiн жеке аудитория бөлу туралы шешiм қабылдайды;
12) тестiлеу өткiзiлген күнi осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшiлiктiң назарына iледi;
13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тiзiлiмiн және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;
14) Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бiтiрушiнiң осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактiсi туралы хабардар етедi.
11. МК-ның шешiмдерi МК мүшелерiнiң отырысында қатысушылардың көпшiлiк даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешушi болып саналады.
2. ҰБТ-ны өткiзу тәртiбi
12. ҰБТ-ны тапсыруға ерiктi негiзде жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын меңгерген бiлiм беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бiтiрушiлерi жiберiледi.
13. ҰБТ қазақ және орыс тiлдерiнде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тiлi (оқыту тiлi), математика, Қазақстан тарихы, орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлi және қазақ тiлiнде оқытатын мектептердегi орыс тiлi және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнiнiң бiреуi бойынша өткiзiледi. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететiн шығармашылық мамандықтарына түсушi бiтiрушiлер үшiн таңдау пәнi - ерiктi.
14. ҰБТ-ға қатысуға өтiнiштердi қабылдау мерзiмi - 10 наурыздан 25 сәуiрге дейiн. Өтiнiш бланкiлерiн толтыруды бiтiрушi өзi оқитын бiлiм беру ұйымында жүргiзедi.
15. ҰБТ-ның нәтижесi туралы сертификатқа (бұдан әрi – сертификат) бiтiрушiнiң Т.А.Ә. жеке куәлiк, паспорт немесе туу туралы куәлiк бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бiтiрушiге мектеп директоры осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiтiрушiнiң фотосуретi жапсырылып, мектептiң мөрi басылған, анықтама бередi.
16. Тестiлеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткiзiледi.
17. ҰБТ жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының шеңберiнде жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес әзiрленген тест тапсырмаларының көмегiмен өткiзiледi.
18. Әрбiр пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25.
19. ҰБТ-ны өткiзуге 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлiнедi. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
20. Жауап парағы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мынадай тәртiппен толтырылады:
1) 1-секторда бiтiрушiнiң Т.А.Ә. жазылады;
2) 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңiнен бiтiрушiнiң рұқсаттамасында көрсетiлген талапкердiң жеке коды жазылады. Әр санның астындағы торкөздегi сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.
3) 3 және 4-секторларда емтихан тапсыру кезiнде бiтiрушiнiң отыратын орны және оның сұрақ-кiтапшасының нұсқасы боялады;
4) 5-секторда бiтiрушi ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмiрi қойылады. Лек нөмiрi емтихан болатын күн бойынша анықталады;
5) 6, 7, 8, 9-секторларда қазақ тiлi, орыс тiлi, Қазақстан тарихы, математика пәндерi бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;
6) 10-секторда таңдау пәнi бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;
Әрбiр тапсырма берiлген бес жауап нұсқасынан бiр ғана дұрыс жауапты таңдауды талап етедi. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшенi толық бояу арқылы белгiленедi.
7) 11-сектор боялмайды (шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшiн қарастырылған);
8) 12 сектор (жауап парағының нөмiрi көрсетiлген) боялмайды;
9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңiл бөлiнедi:
жауап парағы қара пастасы бар қаламмен толтырылады;
жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға болмайды;
корректор сұйығын пайдалануға болмайды;
бiр тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды;
10) бiтiрушi жауап парағының оң жақ төмен бұрышындағы «Бiтiрушiнiң қолтаңбасы» деген 13-секторға қолын қояды. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда, бiтiрушiге жаңа жауап парағы берiлмейдi.
21. Жауап парағындағы қызметтiк секторлар толтырылып болғаннан кейiн ғана аудиторияда № 1 отырғызу орнынан бастап сұрақ-кiтапшалар таратылады.
22. Сұрақ-кiтапшалар таратылып болғаннан кейiн бiтiрушiлер сұрақ-кiтапша парақтарының түгел екендiгiн тексередi. Егер, сұрақ-кiтапшаның парақтары түгел болмаса немесе типографиялық ақауы болған жағдайда, бiтiрушi бiрден Министрлiк өкiлiн хабардар етедi.
23. Бiтiрушi сұрақ-кiтапшадағы нұсқа нөмiрiн жауап парағына (4-сектор) көшiрiп жазады және сұрақ-кiтапшаның мұқабасын толтырады.
24. Жауап парағының қызметтiк секторлары мен сұрақ-кiтапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейiн тақтаға ҰБТ-ның басталу және аяқталу уақыты жазылады.
25. Аудиторияларда әрбiр 45 минут сайын уақыт туралы бiтiрушiлерге ескертiледi. ҰБТ аяқталған кезде соңғы 5 бiтiрушi аудиториядан бiрге шығады.
26. ҰБТ өту уақытында аудиторияға тек қана Министрлiк өкiлi немесе Министрлiк өкiлiнiң алып жүруiмен МК төрағасы кiре алады.
27. ҰБТ өткiзiлетiн күндерi ҰБТ өтетiн корпустарда тестiлеу үшiн пайдаланылмайтын аудиториялардың, кабинеттердiң, орындардың (әжетханадан басқа), сондай-ақ бiтiрушiлердiң кiрiп-шығуына арналған есiктен басқа кiрiп-шығатын есiктердiң барлығы жабылады және мөрленедi. Ғимараттан тыс орналасқан ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретiн жолдар мен аумақтарда бөгде тұлғалардың жүруiне жол берiлмейдi.
28. Бiтiрушiлер аудиторияға бiр-бiрден жiберiледi. Бұл ретте бiтiрушiлердiң жеке басын сәйкестендiру анықтаманың, жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбiртегiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Дәлiз кезекшiсi бiтiрушiлердiң бөгде заттарының арнайы бөлiнген орынға қалдыруын қадағалайды. Бiтiрушi отырғызу парағында көрсетiлген нөмiрге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Бiтiрушiлердi аудиторияға жiберу ҰБТ басталды деп хабарланған сәттен бастап тоқтатылады.
29. Егер бiтiрушi жарақат алу, отбасы жағдайы, өтiнiш беру кезiнде тестiлеудi тапсыру тiлiн қате көрсету себептерi бойынша тестiлеуден өте алмау жағдайлары туындаған кезде, бiтiрушiнi қосымша отырғызу жүргiзiледi. Мұндай жағдайда, бiтiрушi МК төрағасының атына емтихан күнiн өзгерту немесе аудиториясының тiлдiк статусын өзгерту туралы өтiнiш бередi. Өтiнiшке растайтын құжаттар қоса тiркеледi. Бiтiрушiнi қосымша отырғызу туралы шешiм МК отырысының хаттамасымен ресiмделедi
30. Оң шешiм қабылданған жағдайда Министрлiк өкiлi бiтiрушiнiң рұқсаттамасына өзгерiстер енгiзедi, тест тапсырмалары тапсыру тiлiне сәйкес бiтiрушiнi қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмiрiн анықтайды.
31. Қосымша отырғызу үшiн ҰБТ-ға келмеген бiтiрушiнiң емтихан материалдары немесе артық емтихан материалдары пайдаланылады.
Ескертпе: қосымша отырғызу, егер ҰБТӨП-те кейiнгi лектер және тестiлеу тапсыру тiлiне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана iске асырылады.
32. Балдарды бағаға ауыстыруды МК осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес жүргiзедi.
33. Бiтiрушiге сөйлесуге, бiр орыннан екiншi орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бiтiрушiмен ауыстыруға, көшiрiп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдiстемелiк әдебиеттердi, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильдi байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктарды, плейерлердi аудиторияға кiргiзуге және пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
34. Бiтiрушi осы Қағидалардың 33-тармағын бұзған жағдайда Министрлiк өкiлi осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тыйым салынған заттың тәркiленуi және бiтiрушiнi аудиториядан шығару туралы актiсiн жасайды және тест нәтижелерiн жою туралы шешiм қабылдайды. Бiтiрушiнiң осы Қағидалардың бұзу фактiсi туралы МК төрағасын хабардар етедi.
35. Бiтiрушiнi аудиториядан шығару және оның тест нәтижелерiн жою туралы шешiм қабылданған жағдайда ол өзi бiлiм алған бiлiм беру ұйымында дәстүрлi емтихандар нысанында қорытынды аттестаттаудан өтедi. Бұл ретте, ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылады.
36. Тестiлеуге берiлген уақыт аяқталған кезде бiтiрушi емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейдi; Министрлiк өкiлi осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда Тестiлеуге берiлген уақыт аяқталған кезде бiтiрушi емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактiнi тiркеу туралы актi жасайды.
37. Тест тапсырмаларын бағалау кезiнде бiрыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелердi шешудi қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестiлеу өткiзу кезеңiнде апелляцияны қарау жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан әрi - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбiр ҰБТӨП-терде апелляциялық комиссия құрылады.
38. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
39. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бiтiрушiге балдар қосу туралы ұсыныстардың негiздiлiгiн қарайды және соңғы шешiм қабылдайды.
40. Республикалық апелляциялық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан бiтiрушiнiң жауап парағының көшiрмесiн, ҰБТ қағидаларының сақталуы туралы мәлiметтердi сұратады және алады.
41. Республикалық апелляциялық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешiмi төрағаның және комиссияның барлық мүшелерiнiң қолдары қойылған хаттамалармен ресiмделедi. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы Ұлттық тестiлеу орталығында сақталады.
42. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.
43. Апелляциялық комиссия төрағасының кандидатурасы бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның, ал оның құрамы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бiлiм басқармаларының бұйрықтарымен бекiтiледi. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелерi және балалары ағымдағы жылы ҰБТ-дан өтетiн өзге де тұлғалар кiре алмайды.
44. Апелляциялық комиссия тестiлеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтiнiштер қабылдайды және қарайды, республикалық апелляциялық комиссияға бiтiрушiге балдар қосу туралы ұсыныс енгiзедi және апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етедi.
45. Апелляцияға берiлетiн өтiнiштi тестiлеуге қатысушының өзi апелляциялық комиссия төрағасының атына бередi. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтiнiштер тестiлеу нәтижесi жарияланғаннан кейiн келесi күнi сағат 14.00-ге дейiн қабылданады және апелляциялық комиссия бiр күн iшiнде қарастырады. Өтiнiш берушiнiң өзiмен бiрге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жiберу рұқсаттамасы болуы керек.
3. Қорытынды ережелер
46. ҰБТ тапсырған бiтiрушiлерге:
сертификат;
жалпы орта бiлiмi туралы аттестат (бұдан әрi – аттестат) берiледi.
47. Сертификат ҰБТ тапсырған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде ҰБТӨП-те берiледi.
Сертификатқа ҰБТ шеңберiнде тапсырылған әрбiр пән бойынша балдары қойылады.
Сертификат МК төрағасының, Министрлiк өкiлiнiң қолымен расталады және оған базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарының мөрiмен бекiтiледi.
48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бiтiрушiлер бiлiм алған бiлiм беру ұйымдары бередi. Аттестатқа ҰБТ шеңберiнде тапсырылған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша МК шешiмiне сәйкес ҰБТ-да алынған бағалары қойылады.
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi
өткiзу ережесiне
1-қосымша
Нысан
Тестiлеу басталғанға дейiн ғимаратты тексеру туралы актi
___________________________________________________________________
(код) (ҰБТӨП атауы)
«_______»_________________20_____жыл. _______сағат ________минут
Мемлекеттiк комиссия мүшелерi: ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Құқық қорғау органдарының өкiлi ___________________________________
(тексеру жүргiзушiнiң аты-жөнi)
___________________________________________________________________
Ғимаратта жарылғыш заттың табылғандығы немесе табылмағандығы (қажеттiсiнiң астын сызып көрсету керек) туралы осы актiнi құрды.
Министрлiк өкiлi актiмен танысты:
______________________________________________________________
(Аты-жөнi және қолы)
_________________________
(Мерзiмi)
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi
өткiзу ережесiне
2-қосымша
Нысан
Тестiлеу басталғанға дейiн аудиторияны тексеру актiсi
_____________________________________________________________________
(код) (ҰБТӨП атауы)
«_______»_________________20_____жыл. _______сағат ________минут
Мемлекеттiк комиссия мүшелерi: _____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Министрлiк өкiлi ___________________________________________________
(құжаттарды алған Министрлiк өкiлiнiң аты-жөнi)
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу ережесi бойынша тыйым салынған шпаргалкалар және басқа заттар:
____________________________________________________________________
№_____ аудиториядан табылғандығы немесе табылмағандығы (қажеттiсiнiң астын сызып көрсету керек) туралы осы актiнi құрды.
Аудитория кезекшiсi актiмен танысты:
______________________________________________________________
(Аты-жөнi және қолы)
_________________________
(Мерзiмi)
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi
өткiзу ережесiне
3-қосымша
Нысан
Дұрыс жауаптар коды
Нұсқа:
|
Сұрақ №
|
1ЛЕК
04.06.2011
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
Қазақ тiлi
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
Орыс тiлi
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
Қазақстан тарихы
|
С
|
С
|
С
|
С
|
С
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Математика
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
Физика
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Химия
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Биология
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
География
|
С
|
С
|
С
|
С
|
С
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Дүниежүзi тарихы
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
Қазақ әдебиетi
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Ағылшын тiлi
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
D
|
D
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
E
|
E
|
E
|
E
|
E
|
Немiс тiлi
|
A
|
A
|
B
|
B
|
C
|
C
|
D
|
D
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
A
|
A
|
A
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
Француз тiлi
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
Орыс мектептерiне арналған қазақ тiлi
|
A
|
A
|
B
|
B
|
C
|
C
|
D
|
D
|
E
|
E
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
A
|
A
|
A
|
D
|
D
|
D
|
B
|
B
|
B
|
Қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
A
|
B
|
B
|
B
|
B
|
B
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
C
|
D
|
D
|
D
|
D
|
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi
өткiзу ережесiне
4-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |