Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің К. Ж. Сагатбековтің 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі



Дата27.02.2016
өлшемі86.03 Kb.
#27893
Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің К.Ж.Сагатбековтің 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Елбасы әр жыл сайынғы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде қандай іс атқарылатынын жіпке тізіп береді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар, Өйткені, ел дамуындағы басым бағыттарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып-жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерді белгілеу қажет болды. Бұл жолдау сонысымен айрықша маңызды.

Қайнарбұлақ ауылдық округінің 2015 жылғы негізгі атқарылған жұмыстар Елбасының жолдауымен және осыдан туындайтын облыс, аудан әкімдігінің биылғы есеп беру негізінде қойылған мәселелерге сәйкес жүргізілді.

Жалпы ауылдық округі әкімдігіне 2015 жылы 20 миллион 566 мың теңге бюджет қаржысы заңға сәйкес толық игерілді.

Сондықтан бұл жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне ауылымыздың өркендеуіне жол ашатынына сенімім бар.

Қайнарбұлақ а/о-нің жер көлемі 196 624 га, 4 елді мекен, 48 қыстақ, барлығы 264 аула бар. Халық саны 1435, оның ішінде экономикалық белсенді халық 715, жұмыспен қамтылғаны 642 адам. 2015 жылы дүниеге келген нәресте саны - 29. Қайтыс болған адам саны - 10.

1 отбасы 2 адам АСП алады, балалар жәрдем ақысын 12 отбасы 44 адам алады.

Аппаз елді мекенінде 3 дүкен, 1 шаштараз жұмыс істеп тұр.

Жалпы селолық округ бойынша ахуал жақсы деп есептеуге негіз бар. Округке қарасты 4 елді мекенде жарық (свет) үздіксіз жанып тұр. Аппаз елді мекенінде 170 «МС-240» цифрлық нүктелері және 6 «ЕЗДЕМА-450» сымсыз телефон нүктелері орнатылған. Жалпақшілік елді мекенінде - 7, Саз елді мекенінде - 12, Милыбұлақ елді мекенінде - 14 «ЕЗДЕМА-450» сымсыз телефон нүктесімен қамтылған. 22 қыстақта сымсыз телефон бар, 3 елді мекенде «Актив», «Билайн» ұялы телефон байланысы бар. Осы жерде бір айта кететін нәрсе округ бойынша 240 телефон нүктесі бар, бірақ қазақтелекомның монтері қысқарып қалды, монтер көрші Нүркен ауылынан келеді, округ тұрғындары телефон істемей қалса әкімшілікке тіркеліп 4-5 нүкте істен шыққанда ғана монтер шақыртылады. Ал 1-ші істен шыққан нүктемен 4-ші істен шыққан нүкте арасы кейде 1 айға созылады. Сонда кейбір үйлер бір, бір жарым ай бойы телефонсыз отырады және сол істемеген уақытқа да абаномент платасын төлейді. Сондықтан Қазақтелеком басшылары осы мәселені қысқарған монтерымызды қайта жұмысқа алса.

Округтегі 96 пайыз үйде ОТАУ-ТВ қондырғысы орнатылған.

Аппаз елді мекенінің көшелерін биылғы жылы күл-қоқыстан тазалауға Қарағанды қаласынан «ACU GO» ЖШС 1 Шансиман, 1 погрузчик келіп 1200 тонна шығарды, 1 рейсі 5000 теңгеден болды. Ауыл тұрғындары М.Сейлханов Камаз автокөлігімен О.Сыздыкбаев мехлопатамен 200 тонна кұл-қоқысты шығарды. Олардың да 1 рейсі 5000 теңгеден болды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауылымызға 2015 жылы 1 500 000 теңге қаражат бөлініп, орталық көшеге 8 күн сәулесінен қуат алатын жарық қондырғылары орнатылды.

2016 жылы осы бағдарлама бойынша 1 372 000 теңге бөлінетін қаражатқа тағы да күн сәулесінен қуат алатын жарық қондырғыларын қоюды жоспарлап отырмыз.



Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектеп бойынша. 2015-16 оқу жылын 31 ұстаз 193 оқушымен бастап жұмыс жүргізіп отыр. Мектепте 11+1 сынып комплектісі бар оның ішінде мектеп алды даярлық тобында 15 бала, сонымен қатар мектепте 3-жастан 5-жасқа дейінгі аралықтағы балалардан жинақталған шағын орталық жұмыс жасайды онда 44 бала тізімге алынған.. 2012-2013 оқу жылының басынан мектеп жанындағы интернаттың жабылуына байланысты мектеп жанындағы шағын орталық интернаттың бөлмелеріне көшіріліп бір топ 9 сағаттық жұмыс режиміне көшті.

Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда елеулі жұмыстар жүргізілуде атап айтар болсақ деңгейлік курстардан (3 айлық) ІІІ базалық деңгей бойынша 5 мұғалім, ІІ негізгі деңгей бойынша 2 мұғалім, І ілгері деңгей бойынша 2 мұғалім барлығы 9 мұғалім сертификатталып отыр.

Көрші Саз ауылынан 16 оқушыға осы күні тасымал ұйымдастырылып отыр.

Жаңа модификациядағы 2 кабинет жұмыс жасайды биология 2009 жылы алынған, биылғы жылы физика кабинеті алынды. Мектепте 3 интерактивті тақта, 19 компьютер, 1 ноутбук, 4 видеопроектор бар. Аталған құрылғыларды мектеп ұстаздары сабақтарында тиімді қолданып келеді.

Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес аз қамтылған 10 оқушы тегін бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Биылғы жылы жаз айларында жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 20 оқушы тегін сауықтырылды. 5 оқушы «Шапағат» демалыс лагерінде болып қайтты. 3 оқушы аудан әкімінің шыршасына қатысып қайтты. Тамыз, Қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып онда «Аппаз» ш.қ басшысы Разақ Мұқанұлы 10 оқушыға, «Наурыз» шаруа қожалығының басшысы Жақыпханов Бауыржан 10 оқушыға барлығы 20 оқушыға аз қамтылған көпбалалы отбасы балаларына оқуға қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті.

Мектеп осы жаз мезгілдерінде АББДжС бөлімі тарапынан бөлінген заттарды пайдаланылып ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Дегенмен де әліде болса жөндеуді қажет ететін тұстары баршылық. Қысқа дайындық барысында 650 тонна көмір оның ішінде 350 тонна қысқа жалынды, 300 тонна ұзын жалынды Қарағанды көмірі түсірілді.

Мектепте оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ұстаздар қауымы жаңа технологияларды пайдаланып жұмыс жасауда. Былтырғы жылы негізгі мектепті 28 оқушы, жалпы орта мектепті яғни 11 сыныпты 7 оқушы аяқтады. ҰБТ қорытындысымен мектеп 12 орын алды. Орташа балл 76, шекті деңгейден аса алмаған, екілік баға алған оқушы жоқ.

Мектеп бітірген түлектердің ішінде ЖОО грантына 1 оқушы, колледждердің грантына 2 мектеп түлегі түсіп оқып жатыр. Негізгі мектепті бітірген түлектердің 8 арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері атанып отыр. Қалған (19 оқушы) оқушылар қайтадан мектептің 10 сыныбына қабылданып оқып жатыр.

Оқушылардың сабақтан бос уақыттарында волейбол үйірмесіне - 20, күрес үйірмесіне - 16, Қарқаралы қаласындағы музыка мектебінің филиалында ән-домбыра класы бойынша - 15 оқушы қатысады.

Биылғы жылы негізгі мектепті 25 оқушы, жалпы орта мектепті яғни 11 сыныпты аяқтайтын 7 оқушы оқып отыр. ҰБТ дайындық барысында оқушылардан 10 рет сынама тесттер алынды. Орташа балл 65 ті көрсетіп отыр.

25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны болатын күні осындан 10,20,30,40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері келіп, мектепппен байланыс жақсы жолға қойылып келеді. Мектеп түлектерінің демеушілігімен әр жылдарда АКТ залына үлкен перде, мектеп фоелеріне жалюздар, видеопроектор экранымен, Мемлекеттік Рәміздер бұрышы, шағын орталыққа аристон т.б заттар алынып берілді.



Мектепте сонымен қатар шешілуге тиіс мәселелер де бар оның ішінде:

  1. Жылу қазандығының ғимаратында бұрынғы жылы тапсырылғанда отжағушылар тынығатын бөлмеле қарастырылмаған, және қазандықтар орнатылған ғимаратқа қосымша көмір кіргізіп қоятын орын жоқ, түтін шығатын мұржа шеткері орнатылған қорыта айтқанда осы жылу қазандығының ғимараты мен ондағы жылу қазандықтарының жұмысын дұрыс жолға қою қажет.

  2. Мектептің терезелерін пластик терезелермен ауыстыру қажет деп ойлаймыз. Себебі бұл мектеп тапсырылған уақыттарда мектеп терезелерінің жақтауларының арасында лай мен жылыту материалдары дұрыс дәрежеде салынбаған оны қайта ашып жабу үлкен қаражатты талап етеді бұл мектеп ұжымының қолынан келмейді.

  3. Мектептің сыртқы есіктері де тозып тұр ауыстыруды қажет етеді.

Тех персонал - 36

Мектеп бойынша - 71 адам жұмыс жасайды.



Жамбыл» дәрігерлік амбулаториясы бойынша. Милыбұлақ, Саз, Жалпақшілік елді мекендеріндегі 3 медпункт қарайды. Барлығы 1 дәрігер, 7 медбике.

Амбулатория ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті. Ауруларды Қарқаралы аудандық орталық ауруханасына жеткізетін жедел жәрдем көлігі бар, оған қажетті жанар-жағар май жеткіліікті мөлшерде беріліп отырады. Алғашқы көмекке қажетті дәрі-дәрмек көлемі де қарастырылған.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тамыз айында «Облыстық Медицина орталығының» мамандары келіп ауыл тұрғындарына кеңес беру –диагностикалық көмек көрсетті.

Ауылымызда қыстақтардағы көмекшілерді флюрографиялық тексерістен өткізу дұрыс реттелмей отыр.

Осы жұмыстарға аудандық ішкі істер бөлімінен көмек болса дейміз.

2015 жылы «Жамбыл» дәрігерлік амбулаториясына жаңа ғимарат салыну басталды, 2016 жылы аяқталады.

Округімізде 2 учаскелік инспектор бар және олар көлікпен қамтамасыз етілген.

Мәдениет саласы бойынша 6 азамат жұмыс жасайды. Округ бойынша 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана бар.

«Білім өмір шырағы» - демекші кітапхана әр оқырманың білімін шыңдап, биік белестерге жетелейді. Ауылымыздың мәдениет үйінде №38 филиал кітапханасы жұмыс жасайды, бүгінгі күні жалпы кітап қоры 18147–ні құрап отыр. Оның ішінде қазақ тілінде-10723. Бұл қорға өткен жылы жаңадан 323 кітап әкелініп қосылды. Кітапханамыздың жалпы оқырман саны 2015 жылға – 612 болса, биылғы жылы көшіп қонуға байланысты 600 оқырманға жоспарланды. Оның ішінде балалар -203, ал жасөспірімдер-135 – ті құрайды. Оқырманға жалпы кітап берілімі 2015 жылға - 9620 болса, биылғы жылы 9600-ға жоспарланды. Ал оқырманның кітапханаға келуі 2015 жылға - 7347 болса, биылғы жылы 7347-ні қайта жоспарланды. Кітапханаға келген оқырмандар сұранысын қанағаттандыру, әр түрлі кештер, слайдтар, кітап көрмелерін ұйымдастыру, конференциялар, портреттік кештер т.б әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылып халыққа елеулі қызмет атқарылуда.

Жыл басынан бастап Желтоқсан мерекесіне дейін еш мереке атаусыз қалмайды. Мерекелік іс-шараларға әкімшілік қызметкерлері, мәдениет үйінің қызметкерлері, ауыл жастары, мұғалімдер мен оқушылар атсалысып қатысады. 22-наурыз жылдағы дәстүрмен ауылымыздың мешітінде құран бағышталып, наурыз көже таратылып арты ән мен күй мерекеге ұласып, соңынан 1974 жылғы ауыл азаматтары мен азаматшалары лоторея ойнатты.

Күлкі күніне орай Аппаз жастар құрама командасы Қарқаралы қаласында өткен «Ду-думан» атты аудандық шоуға қатысып бас жүлде гран приді ұтып алды.

Жылдағы үрдіс бойынша 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні үлкен көлемде аталып өтті. ҰОС-да қаза болған батырларымызға 1 минут үнсіздікпен құран бағыштап, арнайы гүл шоқтары қойылып, соңы мектеп оқушыларының саптық шеруімен жалғасты. Осы күні ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауыл сыртында дәстүрге айналған ат жарысы мен ұлттық ойындар ойнатылды.

Жаздың жайма шуақ күнінде Қарқаралы қаласының саябағында Қазақ хандығының – 550 жылдығы, Ұлы жеңістің – 70 жылдығы және Ассамблеяның – 20 жылдығына байланысты өткізілген мерекелік шараға ат салыстық.

Қазан айында болған Қарттар күні мерекесінде ақ жаулықты әжелерімен, ақсақалды аталарымыздың жылдағыдай батасын алып, дастархан жайылып, мерекелік кеш өткізілді. Осы кешке әкімшілік қызметкерлері, мәдениет үйінің қызметкерлері және мектеп оқушылары атсалысты. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні ауылымызда үлкен көлемде аталып өтті. Мәдениет үйінде Желтоқсан құрбандарын еске алып, мерекелік кеш өткізілді, Салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту барысында Ауыл жастарының қатысуымен 6 командадан құралған волейбол ойыны ойнатылды. 31-желтоқсан Жаңа жыл мерекесі де өз деңгейінде өтті.

Сонымен қатар осы әр мерекелік шаралар, спорттық ойындар ауылымыздың шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен өтетінін айта кету керек.

Округтегі ауыл шаруашылық саласына келсек 2015 жылы округ бойынша 44 шаруа қожалығы тіркеліп тұр.

Шаруа қожалығы ішінде екеуі егін шаруашылығымен айналысады. 2015 жылы «Аппаз» ш/қ 5000 га бидай, 350 га арпа септі. Жаз айларының ыстық болуына және күз айларындағы ауа райының қолайсыздығынан 1465 га бидай және 350 га арпа есептен шығарылды. «Тілек» шаруа қожалығы 100 га бидай септі, жаз айларының ыстық болуына және күз айларындағы ауа райының қолайсыздығынан 100 га егістік алқабы есептен шығарылды.

Екі шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша несие алып, 99 бас жылқы алды.

Өткен жылы округіміздегі «Құрмет» ш/қ жаңа МТЗ-82, прес, КТП-6, ГП2-14, кун-10, «Исатай» ш/қ жаңа МТЗ-82, «Сәуебай» ш/қ жаңа МТЗ-82, 80, КТП-6, «Несіпбек» ш/қ жаңа МТЗ-80 тракторларын сатып алды. Биылғы жылға тағы да жаңа МТЗ-80 – 3 дана, МТЗ-82 – 1 дана, МТЗ-1221 – 1 дана тракторын сатып әкелуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні ауыл шаруашылық техникасын алуға үкіметімізден көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Осы жерде ш/қ басшыларына, жеке кәсіпкерлерге ескертіп кететін жай, бір күнге болсада, 10 жылға болсада жұмыскер алсаңыздар еңбек келісімшартын жасап, ай сайын зейнет ақы қорына қаражат аударып отыру керек.



Ветеринария саласы бойынша. Жалпы мал шаруашылығы бойынша қан алу, бірдейлендіру жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, зеттелді. Атап айтқанда 18 500 бас қой-ешкіден, 4660 бас ірі қарадан қан алынды. 5100 бас ІҚМ, 16600 бас МҰМ сібір жарасына қарсы егілді. Түберкулез ауруына 9000 бас ІҚМ зерттелді. Бұл салада 1 вет пункт меңгерушісі, 4 мал дәрігері, 2 вет санитар (маусымдық) жұмыс атқарады.

Округ бойынша 4 елді мекен, 48 қыстақтың 40 қыстағы жұмыс істеп тұр. Округіміз аудан бойынша ірі, ең қыстағы көп округ, бірдейлендіру базасы толығымен осы ветстанция мамандарына жүктеліп отыр және де бірдейлендіру базасын интернетке кіргізу керек болып отыр, біздің округте интернет болмағандықтан бір маман жиі-жиі ауданға барып бірдейлендіру базасымен жұмыс жасайды. 2015 жылдың қараша айында әкімшілік ғимаратына интернет орнатуына байланысты бірдейлендіру базасына ауылда кіргізіле бастады.



Қорыта айтқанда Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімшілігі қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып. Елбасының жыл сайынғы жолдауында берілген тапсырмаларды үкіметтің қаулыларымен облыстық, аудандық бағдарламаларда көрсетілген ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы тапсырмаларды орындаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет