Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!



Дата24.02.2016
өлшемі82.33 Kb.
#12528
Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2012 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2013 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз.

Барлығымызға белгілі биыл жазғы Олимпиадалық ойындар 2012 және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні атап өтілді.

Сіздерден ауыл шаруашылығы, округтегі бизнес, білім беру, медициналық қызмет көрсету, спорт, мәдениет, құқық қорғау, әлеуметтік саладағы негізгі атқарылған жұмыстарға тоқталуға рұқсат сұраймын.

Ауыл шаруашылығы
Округ бойынша жеке меншік шаруашылықтарында: 3659 бас ірі қара, оның ішінде 1583 сиыр, қой мен ешкі – 6562 бас, жылқы – 906 басы бар. Ал ірі шаруа қожалықтарында 1507 бас ірі қара мал, оның ішінде 704 бас сиыр, қой – 9364 бас, ешкі – 943 бас, жылқы – 1490 бас.

Округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтардың арасынан «Айтказин» ШҚ ерекше атап айтуға болады, себебі бұл шаруашылықта 3 бағыт бойынша асыл тұқымды малдарды өсіреді: ірі – қара мал, қой және жылқы.


2012 жылғы жобаларды іске асыру жұмыстарына тоқталсақ:

  1. «Сібе» шаруа қожалығында 400 басқа арналған тауарлы-сүтті ферманың ашылуы 2012-2013 жылға жоспарлануда, 370 га жер учаскесі бар, қосымша 100 га жер учаскесі Алғабас ауылының аумағынан берілді, 2 трактор «Казагрофинанс» АҚ арқылы сатып алынды. 120 бас ірі қара мал сатып алынды, 1 сиыр қора қалпына келтірілді, инфрақұрылым байланысы 1 км электржелі КТП 380В орнатылуда және 13 жұмыс орнын ашты.

  2. 2012 жылғы жоба - «Айтказин» ШҚ сүт, ет өнімдерін өңдеу цехын ашу. Жалпы қаржы көлемі - 20,0 млн теңге, жер учаскесі дайын, құрылыс материалдары сатып алынуда, көктемде құрылыс жұмыстары басталады.

  3. «Айтказин» ШҚ мал шаруашылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 21,0 млн.теңге несие алды, 65 бас ірі қара мал сатып алынды, 5 км электржелі КТП 380В тартылды, 6 жұмыс орны ашылды.

  4. «Сібе» ШҚ 50 басқа арналған жемдеу фермасын ашты, жалпы көлемі 2,0 млн.теңгеге 50 бас ірі қара мал сатып алынды, 8 жұмыс орнын ашты.

  5. «Айдын» ШҚ мал шарушылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 2012 жылы жалпы көлемі 3,0 млн.теңге несие алып, 15 бас ірі қара мал сатып алды, 2 жұмыс орнын ашты.

  6. «Бигаин» жеке кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуды 2012 жылға жоспарлап «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы 2011 жылы жалпы көлемі 1,5 млн.теңге несие алды, 8 бас ірі қара мал сатып алды, 1 жұмыс орнын ашты.



Әлеуметтік сала
Әлеуметтік саланы айтатын болсақ, біздің округте 1 Ұлы Отан Соғысының ардагері, 59 тыл ардагері тұрады. Зейнеткерлердің жалпы саны – 350 адам құрайды, ай сайын мемлекеттің тарабынан зейнеткерлерге уақытында зейнетақы төленеді.

2012 жылы 18 жасқа толмаған балаларға 60 отбасы жалпы мөлшері 1854600 теңге құрайтын ақшалай көмек алса, 24 отбасы жалпы мөлшері 179300 теңге құрайтын адрестік көмек алды. Тұрғын үй жәрдемақы - 77 отбасы 174800 теңге құрады.

2012 жылдың 1 қаңтарына Бозанбай ауылдық округі бойынша жұмыссыздар саны 41 құраса – 2012 жылдың 31 желтоқсанына 22 кісіні құрады. Жыл бойы Бозанбай ауылында 5 адам оқу оқыды. Ұлан аудыны әкімнің грантына 1 бала оқуға түсті, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 6 бала іс-тәжірибеден өтті. Жыл бойы жұмыспен қамту орталығынан 132 адам әлеуметтік жұмыстарға жұмырдылынды, ай сайынғы жалақы 17439 теңгені құрады.

Жаз мезгілінде тұрғындардан орталықтандырылған сүт жинау ұйымдастырылды, 1 литр сүттің бағасы 40 теңге құрады. Жыл бойы округ тұрғындары Өскемен қаласында, Қасым Қайсенов кентінде өткен ауылшаруашылық жәрменкеге қатысып 12 тонна ет, 8 тонна картоп және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерді сатты.

Жергілікті бюджеттін негізгі кіріс көзімен салықтар болып табылады. Бозанбай ауылдық округі бойынша салықтар 100% төленді.


  1. Бозанбай ауылындағы бұрынғы аурухана ғимараты жөндеуден өткізіліп қалпына келтірілгеннен кейін 80 орындық психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекеменің ашылуы 2013 жылғы 31 қаңтарына жоспарланған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ашылуы 2012 жылғы сәуір айына ұзартылды. Жалпы қаржылық көлемі 456,779 млн.теңге. 3 қабатты ғимарат қайта жоспарланудан өтті, шатыр жабыны, ас дайындау блогы, шарушылық корпусы салынды, айналасы қоршалып асфальт құйылды. Қазіргі уақытта ішкі сылау жұмыстары жүргізілуде. 94 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

  2. ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылында бұрынғы әкімшілік ғимараты 80,0 млн. теңгеге қайта қалпына келтіріліп, 20 орындық стационарымен емхана 2012 жылғы 28 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылды.



Округтегі бизнес
Округ бойынша кіші бизнестің 19 нысаны тіркелген, соның ішінде 18 дүкен, 1 нан пісіретін наубайхана. Осы салада 26 адам жұмыс істейді. Инфляциялық процестерді болдырмау мақсатында шағын бизнес нысандарымен 10 пайыздық үстеме жайлы меморандумдар жасалды.

Бюджет
2012 жылы жергілікті бюджеттен 17млн 638 мың 700 тенге бөлінді, соның ішінде 8 млн 784 мың 300 тенге Әкім аппаратының жұмысын атқаруына бөлінді, соның ішінде салықтар, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, т.б. Көшелерді жарықтандыруға 200 мың теңге бөлінсе, санитарияға 107 теңге бөлінді, абаттандыруға 107 мың теңге, төтенше жағдайларды жоюға 296 мың 400 теңге.

Білім беру
Округ аумағында 2 орта мектеп бар. 2012 жылы 50 орындық интернат және 140 орындық бала - бақша ашылды. Бозанбай орта мектебінде 313 оқушы болса, К.Аханов орта мектебінде 55 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда «Айгөлек» балабақшасында 100 бала, интернатта – 36 бала тәрбиеленуде.

Өткен 2012 жылы Бозанбай орта мектебін 44 түлек бітірді. Бірыңғай ұлттық тесттің нәтижесі бойынша орташа балл 68,8 құрады, 100 баллдан көп жинаған түлек саны – 1.

Мектеп ұжымының квалификациялық деңгейін айтсақ, 5 ұстаз жоғарғы санат иесі, 8 ұстаз 1 санат иесі, 21 ұстаз 2 санат иесі болса, 5 ұстаздың санаты жоқ.

Оқушыларға жақсы және тұрақты білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мектептерде 2 компьютерлік сынып бар, компьютерлер интернет жүйесіне қосылған, 141 бала ыстық тамақпен қамтылған.



Медициналық қызмет көрсету
Округ тұрғындарына медициналық көмекті Бозанбай ауылында орналасқан Бозанбай учаскелік ауруханасы көрсетеді. Ақжартас және Алғабас ауылында 2 ФАП бар.

Бозанбай учаскелік ауруханасында барлығы 47 қызметкер жұмыс атқаруда, соның ішінде 2 дәрігер, 24 медбике, қызмет көрсету радиусы 60 км құрайды. Стационар 20 жататын орынға көзделсе, күндізгі стационар 10 орынға көзделген, және жедел жәрдем пункті үзбей жұмыс атқаруда.



Округ инфрақұрылымы
Округ аумағында «Қазақтелеком» акционерлік коғамы телекоммуникация қызметін сапалы және үзіліссіз, ал «Алтайэнерго» учаскесі электроэнергия қуатымен тұрғындарды және ұйымдарды қамтамасыз етеді.
2012 жылғы инфрақұрылым саласындағы жобалар:

  1. Бозанбай ауылының Аманжолов көшесін жарықтандыру жобасының аяқталу мерзімі 2012 жыл, қаржылық көлемі 8,144 млн.теңге, конкурс бойынша «ГЕН» ЖШС құрылыс жүргізу құқығын жеңіп алды. Жартылай 4095100 теңгеге жұмыстар орындалды. Аяқтау мерзімі 2012 жылғы 31 тамыз айы. Бүгінгі күнге жұмыстар аяқталған жоқ. Аудан аралық экономикалық сотқа шағым беруге құжаттар дайындалуда.

  2. 2012 жылы жоспарланған 3 млн. теңгеге Бозанбай ауылының схемасы әзірленді.

  3. Бозанбай аулының аулаларын абаттандыру - жобаны іске асыру мерзімі 2012 жыл, жалпы қаржылық көлемі 2,0 млн.теңге. Бұзылған 3 ғимарат ( оның ішінде 2 тұрғын үй 1 тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты) қалпына келтірілді. Қалпына келтірілген ғимараттардың орны құрылыс материалдарынан тазартылып, қоқыстары шығарылды, қара топырақпен жабылды.

  4. 2012 жылға кәріз құбырларын тазарту және тазарту құбырларын орнату жоспарланып, жұмыстар уақытында аяқталды.

  5. Тұрғындардың қатысуымен: Ленин көшесіндегі бұрынғы асхана ғимаратының орны тегістеліп қайта қалпына келтірілді. Ауылды көгалдандыру және көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді.


2013 жылға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша республикалық бюджеттен жоспарланған жобалар:

  1. Стадионды абаттандыру – жалпы қаржылық көлемі 69 млн. 493 мың теңге, сметалық жобасы дайын.

  2. Қ.Қайсенов көшесіне жарық өткізу – жалпы қаржылық көлемі 8,144 млн. теңге.

  3. Бұзылған ғимараттардың орнын тегістеп қалпына келтіру – жалпы қаржылық көлемі – 8,2 млн. теңге.

  4. Бозанбай ауылын абаттандыру (сквер, обелиск, тратуар) – 20,0 млн теңге.

  5. Бозанбай ауылдық мәдениет үйін ағымды жөндеу – жалпы қаржылық көлемі 10,0 млн. теңге.

  6. Алғабас ауылындағы жаңа мектептің құрылысын аяқтау.

  7. 6 қираған екі қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда. 4 үйдің құжаттары коммуналдық меншікке өткізілу үшін сотқа жіберілуге дайын. Көп қолданылмаған обьектілерді қалпына келтіру үшін жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Құқықтық қорғау
Бозанбай ауылдық округі аумағында учаскелік полиция пункті бар. Бұл пункт 4 елді-мекенді және Сібе көлдерінің аумағында қызмет көрсетеді. Округте учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Рахимбаев Фархат Бауржанович және инспектор көмекшісі полиция лейтенанты Ибраев Асет Манарбекович жұмыс атқаруда.

Аталған әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын тұрғындардың тарабынан учаскелік инспектордың алдын алу есебінде 65 адам тұрады. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін барлығы 148 хаттама толтырылды.

2012 жылдың 12 айында әкімшілік учаскеде арыз тіркеу кітабында барлығы 148 арыздар, хабарламалар тіркелінді, оның ішінде 22 қылмыс болып табылды.

Азаматтардың өтініштері және арыздары бойынша жұмыс
Өтініштердің саны – 54, соның ішінде:


  • жер мәселесі бойынша – 33;

  • басқа мәселелер – 21.



Округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2 айлық сенбіліктер өткізу барысында округ аумағынан қоқыстар шығарылып, қираған 1 үйдің және бұрыңғы балабақша ғимаратының орны тазаланды. Сондай-ақ сенбіліктер барысында саябақтар мен Ұлы Отан соғысы адгарлерінің ескерткіші маңай тазалынып, қалпына келтірілді.

Округ мекемелері өз ғимараттарының аумағын тазалады. Тазалауға және көгалдандыру жұмыстарына округ тұрғындары белсене қатысты. Сондай – ақ 50 қарағай және 50 қайың бұталары отырғызылды. Гүлзарларға 400 дана гүл отырғызылды.



«Туған жерге тағзым акциясы»
«Туған жерге тағзым» акциясын өткізу барысында Бозанбай ауылдық округінде 51 млн. 410 мың теңгеге 25 меморандум жасасты. Бұл акцияға шаруа қожалықтардың басшылары және Бозанбай ауылының тумалары белсене қатысты.

«Айтказин» шаруа қожалығының басшысы Айтказин Василий Майдановичтің осы акцияға салған үлесі өте зор, себебі Бозанбай орта мектебіне бейнекамера, интернатқа музыкалды аспап, «Айгөлек» балабақшасынана 30 мың теңгеге ойыншықтар сыйға тартты. Бозанбай тірек ауылына қаша орнату үшін 300 мың теңге, мүгедек балаларға арналған коляска алуға 22800 теңге, мүгедек, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ойыншық алуға 50 мың теңге қаржы берді.



«Қуандық» ШҚ басшысы Сабитов Сейташим, «Бақжан» ШҚ басшысы Кадірбеков Саябек Сайлаубекович, «Оқас» ШҚ басшысы Шагатаев Ергали, «Айдын» ШҚ басшысы Тынымхан Алғабек, «Нұр» ШҚ басшысы Болатхан Мухаш, «Ырыс» ШҚ басшысы Ақсембі Ғалымбай, «Береке» ШҚ басшысы Тарлаубай Шуршитбай, «Диірмен» ШҚ басшысы Хурмангалий Ауғанбай, Мукашев Серик және Мами Қадеш.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21-жылдық мерейтойы шеңберінде «21 жарқын іс» акциясы өтті. Акцияға округтің мекемелері, шаруа қожалықтары және жеке кәсіркерлері 860 мың теңге көлемінде жалғыз басты қарияларға және мүгедектерге материалдық көмек көрсетті. Сондай – ақ әлеуметтік жұмыскерлер осы азаматтарға отын жару, көмір кіргізу, үй ағарту жұмыстарына көмек көрсетті. Соның арқасында жалғыз басты қариялар мен мүгедектер отбасылары кысқа дайын болды.

Қоғамдық ұйымдар
Қоғамдық ұйымдардың округтің дамуына өз үлестерін қосуда. Олар: «Ақсақалдар Кеңесі» төрағасы – Шакенов Қуаныш, «Әйелдер кеңесі» төрайымы – Бекбауова Гаухар. Осы ұйымдар барлық қоғамдық іс – шараларға белсенді қатысуда, сондай – ақ түскен араздар мен өтініштерді қарап дер кезінде шешім қабылдайды.

АНТ (ақпараттық насихаттау тобы)
Тұрғындарды ақпараттандыру барысында 2012 жылы ақпараттық насихаттау топтары халықпен республика Президентінің жолдауы бойынша кездесулер өткізді. Оның ішінде округтің қоғамдық-саяси жағдайы, гендерлік саясат, жемқорлыққа, алкогольге, шылым шегуге, нашақорлыққа қарсы қатынас, дін мәселелерін зерттеу мәселелері қаралды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет