Лептоспироз
Орындаған: Сагиндиков А.
Шымкент 2024жыл
СРС
Васильев-Вейль ауруы Лептоспироз - Leptospira туыстығына жататын қоздырғыштарымен шақырылатын, зооноздар тобына жататын, бүйрек , бауыр және жүйке жүйесінің зақымға ұшырауымен, қызбамен, миалгиялармен, улану, геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру. Өзектілігі Лептоспироз - кең таралған ауру. Барлық континентер мен елдерде кездеседі. Ресейде 77 %, Қазақстанда-9,7 %, Украинада-6,4 %, Белоруссияда-2,6 %, Өзбекістанда-2,3 %. Өлім-жітімділігі жоғары көрсеткіштерде : 3-10%- 25-40 %. Тарихи мәліметтер - Аурудың клиникалық көріністерін неміс ғалымы А.Вейль 4 науқаста анықтап жазған.
- 1888 жылы С.П.Боткиннің шәкірті Н.П.Васильев осы аурудың 17 жағдайы жайлы жариялаған.
Этиологиясы Spirochaetaceae – тұқымдастығы Leptospiraceae – туыстығы Олар 2 түрге бөлінеді: паразиттік Interrogans және сапрофиттік Biflexa. Лептоспиралар – грамм теріс микроорганизм. Гидрофильдер тобына жатады. Эпидемиологиясы Лептоспироз- табиғи ошақты зооноз. Адам аурудың көзі болып табылмайды. Аурудың көзі – әртүрлі жабайы және ауылшаруашылық жануарлар. Ошақтар: Берілу жолдары: Контактілі
Алиментарлы
Ауру әсіресе суға шомылу мерзімінде, яғни жаз айларында өршиді – тамыз айында жиі кездеседі. Бірақ қалалық ошақтарда ауру жыл бойы кездеседі.
Патогенезі
Жұқтыру
І-лік бактериемия және І-лік паренхиматозды бекіну
Қайталанған бактериемия мен токсинемия
ІІ-лік паренхиматозды бекіну
Иммунитеттің қалыптасуы, аурудың ақыры немесе нәтижелері
Ауруға барлық жастағы адамдар сезімтал, жиі ересектер мен жасөспірімдер ауырады. Қауіпті топтағыларға : ауылшаруашылық жұмысшылары, ет комбинатының қызметкерлері, күріш өсіріп жинайтын адам дар, ветеринарлар, аңшылар жатады. Инкубациялық кезең – 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек – 7-14 күн болады. Клиникалық көрінісі - Ұзақтығы 4-5 күн. Негізгі белгі- қызба. Аса тән клиникалық белгі- бұлшықеттерінің ауруы.
Бастапқы
- Бауырдың, бүйректің ОЖЖ зақымдануы, геморрагиялық синдроммен көрінеді.
Өршу
- Аурудың 20-25 күні басталады. Дене қызуы қалыпқа келеді. Мүшелердің қызметінің қалыпқа келуі өте баяу өтеді. 20-60 % аурудың қайталануы болады.
Айығу
Асқынулары Диагностикасы - Эпидемиологиялық анамнез
- Клиникалық көріністері
- Лабораторлы көрсеткіштер
- Микроскопия
- Бактериологиялық
- Биологиялық
- Серологиялық
- ПТР
Емі Этиотропты емі бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн. бұлшықетке, менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе эритромицин бұлшықет ішіне 500 мг 6 сағат сайын, сирек доксициклин- емдеудің 1 күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған. Патогенетикалық ем Патогенетикалық ем Инфузинды ерітінділер, диуретиктер, аскорбин қышқылы, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 60-120 мг тәулігіне). Арнайы ем Лептоспираға қарсы геторологиялық гамма-глобулин бұлшықет ішіне 10-15 мл- 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл. Диспансерлік бақылау -6 ай бойы. Алдын алу - Аурудың көзіне қарсы шаралар
- Аурудың берілу жолдарын үзу
- Вакцинация жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |