Қайта құру кезінде



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі23.11 Kb.
#464940
  1   2
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ (1)


ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ
Мақаланың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Ресей заңдарындағы заңды тұлғаның қызметін тоқтату тәртібі мен ерекшеліктеріне басты назар аудара отырып, ашық түрде талдау.
Кез келген заңды тұлға қайта құру кезінде және тарату кезінде өз қызметін тоқтататындығы бізге мәлім. Заңды тұлғаның өз қызметін тоқтатуы оның азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі міндеттері мен құқықтарын тоқтатқанын білдіреді. Заңды тұлға өз қызметін қатысушылардың ерікті тілегінің немесе соттың мәжбүрлі шешімі арқылы тоқтатады.
Екі елдегі діни бірлестіктердің қызметін тоқтатудағы ерекшеліктер.
Ресей Федерациясының "Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңының 14-бабында былай деп жазылған:
Заңды тұлға мына жағдайларда таратылуы мүмкін:

  • олардың құрылтайшыларының немесе діни ұйымның жарғысына уәкілеттік берілген органның шешімі бойынша;

  • сот шешімі бойынша.Ресей Федерациясының Конституциясының, осы Федералдық заңның және басқа да федералдық заңдардың нормаларын бірнеше рет немесе өрескел бұзған жағдайда немесе діни ұйым оны құру мақсаттарына (жарғылық мақсаттарға)қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асырған жағдайда;

Діни ұйымды таратуға және діни ұйымның немесе діни топтың қызметіне сот тәртібімен тыйым салуға негіз болып табылатын әрекеттер:

  • қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзу;

  • экстремистік қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттер;

  • отбасын бұзуға мәжбүрлеу;

  • азаматтардың жеке басына, құқықтары мен бостандықтарына қол сұғу;

  • азаматтардың имандылығына, денсаулығына заңға сәйкес белгіленген залал келтіру, оның ішінде олардың діни қызметіне байланысты есірткі және психотроптық құралдарды пайдалану, гипноз, азғындық және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау;

  • өз-өзіне қол жұмсауға немесе діни себептер бойынша өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайдағы адамдарға медициналық көмек көрсетуден бас тартуға көндіру;

  • міндетті білім алуға кедергі жасау;

  • діни бірлестіктің қатысушылары мен ізбасарларын және өзге де адамдарды діни бірлестіктің пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеу;

  • өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіру қаупіне, егер оны нақты орындау немесе күштеп ықпал ету қаупі бар болса, азаматтың діни бірлестіктен шығуына басқа да құқыққа қайшы әрекеттермен кедергі жасау;

  • азаматтарды заңда белгіленген азаматтық міндеттерді орындаудан бас тартуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандыру;

  • діни ұйымның федералдық мемлекеттік тіркеу органына немесе оның аумақтық органына осы Федералдық заңның 25.1-бабының 2-тармағында көзделген есепті діни ұйымның қызметінде Ресей Федерациясының заңнамасын басқа да бұзушылықтар болған кезде белгіленген мерзімде бірнеше рет ұсынбауы.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 18-бабында былай:
«Діни бірлестіктің қызметін тоқтата тұру және оны тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізіледі»деп,- жазылған,бірақ нақты тәртіптер мен негіздер көрсетілмеген. Бұл тәртіптер Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтарындағы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңының 11-бабында көрсетілген, Бірақ, бұл заң әлдеқашан қолданыстан шыққан. Ал,қазіргі қолданыстағы заңда(«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»)діни бірлестіктердің нақты қай іс-әрекеттері тарату үшін негіз болатындығы ашық көрсетілмеген. Мысалы, Ресей заңнамасында: «отбасын бұзуға мәжбүрлеу, міндетті білім алуға кедергі жасау»,-деген секілді нақты бағытталған әрекеттер түрлері көрсетілген. Бұл тұрғыда заңымыздың кенжелеп қалғаны байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет