ЖОБА
Бірлескен «Алматы облысының әкімшілік - аумақтық құрылысындағы кейбір қайта құрулар туралы» Алматы облысы мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысының жобасы
Алматы облысының әкімшілік –
аумақтық құрылысындағы кейбір
қайта құрулар туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2), 3)-тармақшаларына сәйкес, Алакөл, Ескелді, Іле, Қарасай аудандарының жергiлiктi өкiлді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданының Достық кенті – Достық ауылы, Ескелді ауданының Қарабұлақ кенті – Қарабұлақ ауылы, Іле ауданының Өтеген батыр, Покровка кенттері – Өтеген батыр, Покровка ауылдары болып қайта құрылсын.
2. Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 2921 гектар болатын Жаңатұрмыс ауылын қоса отырып, осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
3. Алматы облысының статистика департаменті облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ресми және мерзімді басылымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста жариялау Алматы облысының мәслихатына жүктелсін.
5. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевке жүктелсiн.
6. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі Алматы облысы
мәслихатының хатшысы
_____________ А. Баталов ______________ Е. Келемсеиіт
Алматы облысы мәслихаты сессиясының төрағасы
_______________ Т.Жапарқұл
Достарыңызбен бөлісу: |