Осакаров ауданы
әкімдігі ҚаулысыНЫҢ
ЖОБАСЫ
Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы
«Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 03/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 20001 жылдың 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес
аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы «Осакаров
ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-162 болып тіркелген, «Сельский труженик» аудандық газетінде 2012 жылдың 25 ақпанда № 8(7284) жарияланған) № 03/02 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып келесі рекдакцияда мазмұндалсын:
«Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
1 бөлім келесі рекдакцияда мазмұндалсын:
«1. Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы көлемінде квота белгіленсін.».
-
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
С.Аймақов
Осакаров ауданының әкімі
Достарыңызбен бөлісу: |