Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
қысқаша жадынама
Акционерлік қоғамның (бұдан әрі – акционерлік қоғам) акционерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.
Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.
1. Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға.
Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:
- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды ұсыну;
-
қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;
-
дивидендтер алу;
- қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу;
- тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу;
- қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алу;
- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең артықшылықпен сатып алу.
Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің қоғамның жай акцияларына айырбасталатын жай акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционер қоғамның артықшылықты акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы бар.
Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды жеңілдікпен сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді және ол Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасының 2006 жылғы 12-тамыздағы № 151 қаулысымен бекітілген Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқықтарын іске асыру ережесімен анықталады.
Акционер акцияларды не қоғам акцияларына айырбасталатын өзге бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғам акцияларын орналастыру туралы хабардар еткен күннен бастап отыз күн ішінде оны сатып алуға өтініш беруге құқылы.
Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін қажет акциялар санын білмеген жағдайда орналастырылатын бағалы қағаздарды басқа акционерлермен бірге жалпы меншік құқығы бойынша сатып алуға құқылы.
- қоғам таратылған жағдайда жеке меншік мүліктің бөлігіне.
Сонымен қатар акционер құқылы:
- қоғамнан жарғының көшірмесін және Заңмен көзделген қоғамның басқа құжаттарының көшірмелерінің берілуін талап етуге.
Қоғам одан жарғының көшірмесін талап етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны беруге міндетті. Өзге құжаттар қоғам жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынылады, сонымен қатар қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларға шектеулер қоюға жол беріледі.
Қоғам акционерден құжаттар көшірмелерін бергені үшін көшірме жасау шығыстарынан аспауы тиіс төлемді ұстап қалуға, ал ол жеткізіліп берілуі қажет жағдайда – жеткізіліп берілгені үшін төлем ақы алуға құқылы;
- акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралып отырған мәселелер бойынша жеке және өз өкілі арқылы дауыс беруге;
- қоғам берешегінің пайда болу мерзіміне қатыссыз алынбаған дивидендтеріне ақы төлеуді талап етуге.
Белгіленген мерзімде дивидендтерге ақы төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы төленеді және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кері қаржыландыру ресми мөлшерлемесін негізге алып есептелген дивидендтер мен өсімпұл сомасы төленеді.
Дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беруші акцияларының отыз және одан артық пайызын иеленген тұлғалардың акцияларды сату туралы ұсыныстары жарияланған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде тұлғалардың ұсыныстарын, сондай-ақ сот тәртібімен осындай тұлғаның сатып алудан бас тарту шағымын қабылдауға;
- қоғамға тиесілі акцияларды сатып алу туралы талаптарды мынадай шешімдерді қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы білдіруге:
1) акционерлердің жалпы жиналысы - осы мәселе қаралып отырған акционерлердің жалпы жиналысына акционер қатысқан және қайта құруға қарсы дауыс береген жағдайда қоғамды қайта құру туралы;
2) егер акционер осы шешімммен келіспеген жағдайда Заңмен және қоғам Жарғысында белгіленген тәртіппен қабылданған қоғамның мүдделілігі бар ірі мәміле немесе мәміле жасау туралы;
3) акционерлердің жалпы жиналысы – егер акционер аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе немесе осы шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаған жағдайдағы осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқығын шектеу жөніндегі қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен акцияларды сатып алу кезіндегі акциялар құнын анықтау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғам талап етуді алған күннен бастап 30 күн ішінде акционерден акцияларды сатып алуға міндетті. Қоғам акционерлерінің сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялар санынан асып кеткен жағдайда бұл акцияларды қоғам оларға тиесілі акциялар санына теңбе-тең түрде сатып алады.
- қоғамның бағалы қағаздарын салу. Бұл құқық қоғам жарғысының ережелерімен шектелуі немесе алынып тасталуы мүмкін емес. Акцияонердің дауыс беру құқығы бар және егер өзгесі кепілдік беру талаптарында көзделмеген болса, өзі салған акциялар бойынша дивидендтер алуға құқылы;
- эмитенттен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа түсіру барысында, оның ішінде оның қызметіндегі бағалы қағаздар ұстаушылардың мүддесін қозғайтын өзгерістер туралы және заңнамада белгіленген тәртіппен аффилиирленген тұлғалар туралы ақпаратты ашуды талап етуге (қосымша қара. Акционерлер мен инвесторлар алдында қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу туралы қысқаша жаднама).
2. Ірі акционер – қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан артық пайызы тиесілі болатын (жиынтықты түрде) арада келісімдер жасау негізінде іс-қимыл жасайтын акционер немесе бірнеше акционерлер.
Қоғамның ірі акционерінің мынадай құқықтары бар:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа шағым-талап жасауға;
- Директорлар кеңесіне Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге ұсыныс жасауға;
-
Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап етуге;
-
Қоғамға аудиторлық қоғамның аудитті өз есебінен жүргізуін талап ету. Сонымен қатар ірі акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы.
Аудит қоғамның ірі акционерінің талап етуі бойынша өткізілген жағдайда қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті.
3. Артықшылықты акция Заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын білдірмейді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің мынадай басымдықтары бар:
- қоғам жарғысымен белгіленген кепілдік берілген мөлшерде алдын-ала анықталған дивидендтерді алуға жай акциялардың меншік иелері – акционерлер алдындағы және осы Заңмен белгіленген тәртіппен қоғамды тарату кезінде жеке мүліктің бөлігіне басым түрдегі құқығы;
- көзбе-көз тәртіппен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысына және олар қарайтын мәселелерді талқылауға қатысу құқығы;
- артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектейтін шешім жөніндегі мәселе бойынша қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс алу құқығы. Осы мәселе бойынша шешім мына жағдайда қабылданған болып есептеледі, егер шектеу үшін орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс берсе (сатып алынғанын шегергенде);
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату мәселесі бойынша дауыс беру құқығы;
дивидендке белгіленген төлем жасау мерзімі аяқталған күннен бастап үш ай ішінде артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленбеген жағдайда қоғам акционерлерінің жалпы жиналысындағы дауыс беру құқығы.
4. Акционерлердің құрылтай (бір ғана құрылтайшының шешімімен) жиналысы немесе жалпы жиналысы жарғы капиталы мен дивидендтерді қалыптастыруға қатыспайтын бір «алтын акцияны» енгізуі мүмкін.
«Алтын акцияның» иеленушісі акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының жалпы жиналысының қоғамның жарғысымен белгіленген шешімдеріне вето жасау құқығын иеленеді.
«Алтын акциямен» расталған вето салу құқығы беріп жіберілуі тиіс емес.
Акционерлердің жоғарыда көрсетілген құқықтарын шектеуге жол берілмейді. Қоғам жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Акционер акционерлердің құқығы мәселелері бойынша ақпарат және түсіндірме алу мақсатында акционерлік қоғамға және уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі), ал даулы жағдайлар пайда болса және өз құқықтарын қорғау үшін – жауап беруші акционерлік қоғамның мекен-жайы бойынша уәкілетті органға немесе сотқа өтініш жасауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |