«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру» мемлекеттік қызметтер стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі79.58 Kb.
#174270




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН


 

«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы



есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті


(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі
№ 268 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226,


2788-104 телефондары арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама және қағаз тасымалдауыштағы ілеспе хатпен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызметтер көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 

 



2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке:



1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтінішті;

2) есепті айдың аяғындағы немесе акцияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікті;

3) Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынуы тиіс.

12. Өтініш беруші акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге арналған өтінішті еркін нысанда жасайды.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.00-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылады.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметтерді көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317,


413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды


түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің
телефоны: 8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат


9.00-ден 18.00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар


050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.

Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым беру тәртібі осы Стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

5) Комитет төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);

6) Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;

7) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

________________


«Акцияларды орналастыру

қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

1

2

3

4

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің

әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)



90%









_______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет