Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2014 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 587 бұйрығына
33-қосымша
Акциз бойынша салық есептілігін
(декларация) жасау қағидалары (400.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (400.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және акциз сомаларын есептеуге арналған акциз бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі – декларация) толтыру тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес толтырады.
Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілерді қоспағанда, орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органында тіркелген салық салуға байланысты бір объектісі бар акциз төлеуші акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объекті үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді.
2. Декларация декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-ден 400.08-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу;
«–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
10. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
12. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2. Декларацияны жасау (400.00-нысаны)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
2) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы немесе жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (ай, жылы) – декларация табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Декларация табыс ету үшін күнтізбелік күн Салық кодексінің 295-бабына сәйкес есепті салық кезеңі болып табылады;
4) декларация түрі.
Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу есебімен белгіленеді;
5) хабарлама нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
6) салық төлеуші санаты.
Торкөз егер төлеуші А жолында көрсетілген санатқа жататын болса, белгіленеді;
7) валюта коды.
«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Kеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
8) табыс етілген қосымшалар.
Табыс етілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді;
9) құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін табыс етілген есептер.
Тиісті торкөз құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін жасалған есеп нысанына қарай белгіленеді.
15. «Төлеуге акциздер есептелді» деген бөлімде:
1) 400.00.001 жолында барлық спирт және (немесе) шарап материалының түрлері бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.01.015 (400.01-нысанының барлық беттері бойынша) жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
2) 400.00.002 жолында алкоголь өнімі, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.02.013 (400.02-нысанының барлық беттері бойынша) жолдарында көрсетілген сомалар көшіріледі;
3) 400.00.003 жолында темекі бұйымдары бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.03.013 (400.03-нысанының барлық беттері бойынша) жолдарында көрсетілген сома көшіріледі;
4) 400.00.004 жолында шикі мұнай, газ конденсаты бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.04.013 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
5) 400.00.005 жолында бензин (авиациялықты қоспағанда) бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.05.003 С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
6) 400.00.006 жолында дизель отыны бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.05.006 С жолында көрсетілген сома көшіріледі;
7) 400.00.007 жолында Салық кодексінің 279-бабы 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.08.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
8) 400.00.008 жолында өзге де акцизделетін тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Бұл жолды жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартпен белгіленген салық режимінде акциз есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер толтырады;
9) 400.00.009 жолында 400.00.001-ден 400.00.008-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі;
10) 400.00.010 жолында салықтан шегерім сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 400.06-нысаны Е бағанының 00000001 жолында көрсетілген қорытынды сома көшіріледі;
11) 400.00.011 жолында 400.00.009 және 400.00.010 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің қорытынды сомасы көрсетіледі;
12) 400.00.012 жолында құрылымдық бөлімшелер үшін немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есептелген акциз сомасы көрсетіледі.
16. «Акциз салудан босатылған акцизделетін тауарлар» деген бөлімде:
1) 400.00.013 жолында Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған басты мекеменің өткізілген акцизделетін тауарлардың барлық құны, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған кездегі акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жолға 400.07.004 жолында көрсетілген сома көшіріледі.
2) 400.00.014 жолында Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған құрылымдық бөлімшенің өткізілген акцизделетін тауарлардың барлық құны, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған кездегі акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол 400.00.014 I, 400.00.014 II, 400.00.014 III, 400.00.014 IV, 400.00.014 V, 400.00.014 VI, 400.00.014 VII, 400.00.014 VIII, 400.00.014 IX, 400.00.014 X, 400.00.014 XI, 400.00.014 XII, 400.00.014 XIII, 400.00.014 XIV жолдарының сомасы болып анықталады;
3) 400.00.014 I жолында акцизден босатылған өткізілген спирттің құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 I B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
4) 400.00.014 II жолында акцизден босатылған өткізілген арақтың және айрықша арақтың құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 II B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
5) 400.00.014 III жолында акцизден босатылған өткізілген ликер-арақ өнімдерінің құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 III B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
6) 400.00.014 IV жолында акцизден босатылған өткізілген шарап құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 IV B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
7) 400.00.014 V жолында акцизден босатылған өткізілген коньяк құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 V B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
8) 400.00.014 VI жолында акцизден босатылған өткізілген бренди құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 VI B жолында көрсетілген сома көшіріледі;
9) 400.00.014 VII жолында акцизден босатылған өткізілген сыра құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 VII B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
10) 400.00.014 VIII жолында акцизден босатылған өткізілген шарап материалы құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 VIII B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
11) 400.00.014 IX жолында акцизден босатылған өткізілген темекі бұйымдарының құны көрсетіледі;
12) 400.00.014 Х жолында акцизден босатылған өткізілген бензиннің (авиациялықты қоспағанда) құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 IХ B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
13) 400.00.014 ХI жолында акцизден босатылған өткізілген дизель отынының құны көрсетіледі. Осы жолға 421.00.009 Х B жолында көрсетілген сомасы көшіріледі;
14) 400.00.014 ХII жолында акцизден босатылған өткізілген шикі мұнай, газ конденсаты құны көрсетіледі;
15) 400.00.014 ХIII жолында акцизден босатылған Салық кодексінің
279-бабы 6) тармақшасында көзделген өткізілген акцизделетін тауарлар құны көрсетіледі;
16) 400.00.014 ХIV жолында акцизден босатылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы бальзамдар басқа құрамында спирт бар өнімнің сомасы көшіріледі.
17. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде жолда «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолын қамтуы тиіс, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;
2) декларацияның тапсырылған күні.
Декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) мемлекеттік кірістер органының коды.
Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
5) декларацияның қабылданған күні.
Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;
6) құжаттың кіріс нөмірі.
Мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) пошта штемпелінің күні.
Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Спирт және (немесе) шарап материалы бойынша салық салынатын операциялар - 400.01-нысанын жасау
18. Осы нысан өз өндірісіндегі спирттің және шарап материалының барлық түрлері бойынша салық салынатын операциялар туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған, мынадай салық төлеушілер толтырады:
1) спирт және (немесе) шарап материалын өндірушілер;
2) спирттің және (немесе) шарап материалының конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратындар;
3) емдік және фармацевтік құралдар өндіру мен медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған спиртті мақсатсыз пайдалануды жүзеге асыратындар, сондай-ақ базалықтан төмен ставка бойынша акцизбен спирт және шарап материалын сатып алғандар және оны алкоголь өнімінің өндірісіне пайдаланбайтындар.
19. Әрбір өнім түріне жеке бет жасалады.
20. «Спирт және (немесе) шарап материалы бойынша салық салынатын операциялар» деген бөлімде:
1) А бағанында салық базасының мөлшері (литр) көрсетіледі;
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі;
4) 400.01.001 А жолында өнімінің түрі көрсетіледі;
5) 400.01.001 В жолында тиісті бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі.
6) 400.01.002 жолында алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілген спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
7) 400.01.003 жолында алкоголь өнімін өндіру үшін сатылмайтын спирт және (немесе) шарап материалы жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.
Бұл жолда алкоголь өнімін өндірушілерге спиртті өткізу туралы мәліметтер, сондай-ақ емдік және фармацевтік құралдарды өндіруге және медициналық қызмет көрсетуге арналған спиртті және (немесе) шарап материалын өткізу туралы мәліметтер көрсетілмейді;
21. 400.01.004 жолында өз өндірісінің қажеттілігі үшін пайдаланылатын спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
22. 400.01.005 жолында акцизделетін тауарларды өзі өндіру үшін пайдаланылған спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
23. 400.01.006 жолында алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге берілген спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
24. 400.01.007 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
25. 400.01.008 жолында заттай төлем кезінде пайдаланылған спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
26. 400.01.009 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелтілген спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
27. 400.01.010 жолында конкурстық массасы өткізу бойынша мәліметтер көрсетіледі;
28. 400.01.011 жолында спирт және (немесе) шарап материалын өндіруші лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан көшірген спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
29. 400.01.012 жолында бүлінуі немесе жоғалуы фактісі анықталған спирт және (немесе) шарап материалы бойынша мәліметтер көрсетіледі;
30. 400.01.013 жолында алкоголь өнімінің өндірісі, емдік және фармацевтік құралдар өндіру мен медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған, бірақ мақсаты бойынша пайдаланылмаған спирт бойынша мәліметтер көрсетіледі;
31. 400.01.014 жолында алкоголь өнімінің өндірісі үшін сатып алынған кезде спиртті және (немесе) шарап материалын жеткізушілерге төленген акциз сомасы көрсетіледі.
400.01.014 жолы 400.01.013 жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Жол спиртті және (немесе) шарап материалын жеткізушіге акцизді есепке алумен төленгенін растайтын төлем құжаттарының негізінде толтырылады;
32. 400.01.015 жолында 400.01.014 жолы шегерілген 400.01.001С 400.01.013С жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын акцизделетін өнімдер бойынша операцияларға есептелген акциздің жиынтық сомасы көрсетіледі.
33. 400.01-нысанының барлық беттері бойынша 400.01.015 жолының сомасы декларацияның 400.00.001 жолына көшіріледі.
4. Алкоголь өнімі, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім бойынша салық салынатын операциялар – 400.02-нысанын жасау
34. Бұл нысан салық кезеңінің ішінде жасалған өзінің өндірісінің алкоголь өнімдері (шарап материалын қоспағанда) бойынша салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
35. Алкоголь өнімінің әрбір түріне жеке бет жасалады.
36. «Алкоголь өнімі, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім бойынша салық салынатын операциялар» деген бөлімде:
1) 400.02.001 А жолында алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі;
2) 400.02.001 В жолында тиісті бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі;
3) 400.02.002 жолында өткізілген өзінің өндірісінің алкоголь өнімдерінің көлемі көрсетіледі;
4) 400.02.003 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген өзінің өндірісінің алкоголь өнімдерінің көлемі көрсетіледі;
5) 400.02.004 жолында заттай төлем кезінде пайдаланылған алкоголь өнімдерінің көлемі көрсетіледі;
6) 400.02.005 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелтілген алкоголь өнімдерінің көлемі көрсетіледі;
7) 400.02.006 жолында салық төлеушінің өзінің өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі;
8) 400.02.007 жолында алкоголь өнімінің өткізілген конкурстық массасының көлемі көрсетіледі;
9) 400.02.008 жолында өндіруші лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан көшірген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі;
10) 400.02.009 жолында бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі;
11) 400.02.010 жолында есепке алу-бақылау таңбасы бүлінген немесе жоғалған кезде салық салынатын базаға енгізілетін алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі. 400.02.010 жолының С бағанының жиынтық сомасы 400.02.010 І, 400.02.010 ІІ және 400.02.010 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
12) А бағанының 400.02.010 І, 400.02.010 ІІ және 400.02.010 ІІІ жолдарында бүлінген немесе жоғалған есепке алу-бақылау таңбасының саны көрсетіледі;
13) В бағанының 400.02.010 І, 400.02.010 ІІ және 400.02.010 ІІІ жолдарында тұтыну ыдысының сыйымдылығы көрсетіледі;
14) С бағанының 400.02.010 І, 400.02.010 ІІ және 400.02.010 ІІІ жолдарында А және В бағандарының тиісті жолдарының туындысы ретінде есептелетін салық базасы көрсетіледі;
15) 400.02.011 жолында 400.02.002-ден 400.02.010-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын есептелген акциздің жалпы сомасы көрсетіледі;
16) 400.02.012 жолында белгіленген акциз ставкасы көрсетіледі;
17) 400.02.013 жолында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі.
37. Осы Қағидалардың 25-тармағы 3) – 11) тармақшаларында көрсетілген жолдар литрде салық базасын көрсетуге арналған.
38. Арақ, ликер-арақ өнімдері, коньяк, бренди үшін салық базасы ретінде 100 пайыздық спирттің литрі қаралады.
39. 400.02.013 жолының 400.02-нысанының барлық беттер бойынша сомасы декларацияның 400.00.002 жолына көшіріледі.
5. Темекі бұйымдары бойынша салық салынатын операциялар –
400.03-нысанын жасау
40. Бұл нысан құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтынушы ыдысына қорапталған және соңғы тұтынушыға арналған фильтрлі сигареталарды, фильтрсіз сигареталарды, папиростарды, сигараларды, сигариллаларды, шегетін, трубкалы, шайнайтын, соратын, иіскейтін, кальянды және өзге темекіні (бұдан әрі – темекі) қоса алғанда, өз өндірісінің темекі бұйымдары бойынша, сондай-ақ конкурстық массасын өткізу бойынша салық кезеңі ішінде жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
41. Бұл нысанды толтыру кезінде акциз ставкасы темекі бұйымдарының бір данасының және/немесе килограмының есебін негізге ала отырып көрсетіледі. Ол үшін темекі бұйымдарының бірлікке белгіленген данадағы өлшемін, акциз ставкасын 1000 бөлу қажет.
42. Темекі бұйымдарының әрбір түріне жеке бет жасалады.
43. «Темекі бұйымдары бойынша салық салынатын операциялар» деген бөлімде:
1) 400.03.001 А жолында темекі бұйымының түрі көрсетіледі;
2) 400.03.001 В жолында тиісті бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі;
3) 400.03.002 жолында өткізілген темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
4) 400.03.003 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
5) 400.03.004 жолында заттай төлем кезінде пайдаланылған темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
6) 400.03.005 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелтілген темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
7) 400.03.006 жолында салық төлеушінің өзінің өндірістік қажеттіліктеріне және акцизделетін тауарларды өзі өндіру үшін пайдаланылған темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
8) 400.03.007 жолында темекі бұйымдарының өткізілген конкурстық массасының саны көрсетіледі;
9) 400.03.008 жолында өндіруші лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан көшірген темекі өнімдерінің саны көрсетіледі;
10) 400.03.008 А жолында ҚР аумағында өткізуге арналған темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
11) 400.03.008 В жолында экпортқа арналған темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
12) 400.03.008 С жолында экпортқа өткізілген темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
13) 400.03.009 жолында Салық Кодексінің 290-бабының 2 тармағына сәйкес салық базасын түзетуні көрсетіледі;
14) 400.03.010 жолында бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
15) 400.03.011 жолында акциздік таңбалары бүлінген немесе жоғалған кезде салық салу базасына енгізілетін темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
16) А бағанының 400.03.011 жолында бүлінген және жоғалған акциздік таңбалардың саны көрсетіледі;
17) В бағанының 400.03.011 жолында данамен, қорапта килограммен темекі бұйымдарының саны көрсетіледі;
18) 400.03.012 жолында темекі бұйымдары бойынша есепті салық кезеңінің ішінде жасалған салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшері көрсетіледі. Осы жол 400.03.008 C жолының сомасын шегерілген 400.03.001-даң 400.03.011-ғе жолдардың сомасы ретінде айқындалады;
19) 400.03.013 жолында акциз ставкасы көрсетіледі;
20) 400.03.014 жолында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген, 400.03.012 және 400.03.013 жолдарының туындысы мен 400.03.009 жолының сомасын шегерілген сомасы ретінде айқындалатын акциз сомасы көрсетіледі.
44. 400.03.014 жолының 400.03-нысанының барлық беттер бойынша сомасы декларацияның 400.00.003 жолына көшіріледі.
6. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша салық салынатын операциялар – 400.04-нысанын жасау
45. Бұл нысан шикі мұнай, газ конденсаты бойынша, сондай-ақ тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген мұнайдың конкурстық массасын өткізу бойынша салық кезеңі ішінде жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
46. «Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша салық салынатын операциялар» деген бөлімде:
1) 400.04.001 жолында экспортқа өткізілетін шикі мұнайдан, газ конденсатынан басқа, өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
2) 400.04.002 жолында экспорт бойынша өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
3) 400.04.002 А жолында Кеден одағы елдеріне экспорт бойынша өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
4) 400.04.002 В жолында үшінші елдерге экспорт бойынша өткізілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
5) 400.04.003 жолында алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге берілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
6) 400.04.004 жолында салық төлеушінің өзінің өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
7) 400.04.005 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
8) 400.04.006 жолында заттай төлем кезінде пайдаланылған шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
9) 400.04.007 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелтілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
10) 400.04.008 жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген шикі мұнайдың, газ конденсатының өткізілген конкурстық массасының көлемі көрсетіледі;
11) 400.04.009 жолында өндіруші лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан көшірген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі көрсетіледі;
12) 400.04.010 жолында бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған шикі мұнайдың көлемі көрсетіледі;
13) 400.04.011 жолында шикі мұнай, газ конденсаты бойынша есепті салық кезеңінің ішінде жасалған салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшері анықталады. Осы жол 400.04.001-ден 400.04.010-ға арасындағы жолдардың сомасы ретінде айқындалады;
14) 400.04.012 жолында акциздің белгіленген ставкасы көрсетіледі;
15) 400.04.013 жолында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген, 400.04.011 және 400.04.012 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын акциз сомасы көрсетіледі.
47. 400.04.013 жолының сомасы декларацияның 400.00.004 жолына көшіріледі.
48. Осы Қағидалардың 37-тармағы 1) – 11) тармақшаларында көрсетілген жолдар тоннада салық базасын көрсетуге арналған.
7. Бензин (авиациялықты қоспағанда),
дизель отыны бойынша салық салынатын операциялар –
400.05-нысанын жасау
49. Бұл нысан бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны (бұдан әрі – мұнай өнімдері) бойынша, сондай-ақ тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген мұнай өнімдерінің конкурстық массасын өткізу бойынша есепті салық кезеңі ішінде жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
50. «Бензин (авиациялықты қоспағанда)» деген бөлімде:
1) А бағанында салық салынатын операциялар бойынша салық базасының мөлшері тоннада көрсетіледі;
2) В бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
3) С бағанында Салық кодексі 289-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын операциялар бойынша акциздің сомасы көрсетіледі;
4) 400.05.001 жолында көтерме саудада өткізілген бензин (авиациялықты қоспағанда) (бұдан әрі – бензин) бойынша акцизді есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл жол 400.05.001 I, 400.05.001 II, 400.05.001 III, 400.05.001 IV, 400.05.001 V жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
5) 400.05.001 I жолында бензинді көтерме саудада өткізу бойынша акциз есептеу туралы мәлімет көрсетіледі;
6) 400.05.001 ІІ жолында бұрын Қазақстан Республикасында немесе импорт бойынша сатып алынған бензинді көтерме саудада өткізу бойынша мәлімет көрсетіледі;
7) 400.05.001 ІІІ жолында алдағы өткізулерге өзінің құрылымдық бөлімшелеріне бензинді тиеп-жөнелту бойынша мәлімет көрсетіледі;
8) 400.05.001 ІV жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген бензиннің конкурстық массасын көтерме саудада өткізу бойынша акциз есептеу туралы мәлімет көрсетіледі;
9) 400.05.001 V жолында өндіруші лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан көшірген бензин бойынша мәлімет көрсетіледі;
10) 400.05.002 жолында бөлшек саудада өткізілген бензин бойынша мәлімет көрсетіледі. Бұл жол 400.05.002 I – 400.05.002 VII арасындағы жолдардың сомасы ретінде айқындалады;
11) 400.05.002 I жолында бензинді бөлшек саудада өткізу бойынша мәлімет көрсетіледі;
12) 400.05.002 IІ жолында бұрын Қазақстан Республикасында немесе импорт бойынша сатып алынған бензинді бөлшек саудада өткізу бойынша мәлімет көрсетіледі;
13) 400.05.002 IІІ жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген бензин бойынша мәлімет көрсетіледі;
14) 400.05.002 ІV жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген бензиннің конкурстық массасын бөлшек саудада өткізу бойынша акциз есептеу туралы мәлімет көрсетіледі;
15) 400.05.002 V жолында бүліну немесе жоғалу фактісі белгіленуіне қатысты, бензин бойынша мәлімет көрсетіледі;
16) 400.05.002 VІ жолында өзінің өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған бензин бойынша мәлімет көрсетіледі;
17) 400.05.002 VІІ жолында өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған, Қазақстан Республикасында одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин бойынша мәлімет көрсетіледі;
18) 400.05.003 жолында 400.05.001 және 400.05.002 жолдарында көрсетілген салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшері, сондай-ақ осы операциялар бойынша есептелген акциздің жиынтық сомасы айқындалады. Бұл жол 400.05.001 және 400.05.002 жолдардың сомасы ретінде айқындалады.
51. «Дизель отыны» деген бөлімде:
-
400.05.004 жолында көтерме саудада өткізілген дизель отыны бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл жол 400.05.004 I, 400.05.004 II, 400.05.004 III, 400.05.004 IV, 400.05.004 V жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
2) 400.05.004 І жолында дизель отынын көтерме сату бойынша мәлімет көрсетіледі;
3) 400.05.004 ІІ жолында бұрын Қазақстан Республикасында немесе импорт бойынша сатып алынған дизель отынын көтерме саудада сату бойынша мәлімет көрсетіледі;
4) 400.05.004 ІІІ жолында алдағы өткізулерге өзінің құрылымдық бөлімшелеріне дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мәлімет көрсетіледі;
5) 400.05.004 ІV жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген дизель отынының конкурстық массасын көтерме саудада өткізу бойынша акциз есептеу туралы мәлімет көрсетіледі;
6) 400.05.004 V жолында өндірушінің лицензияда көрсетілген мекен-жайдан дизель отынын көшіру бойынша мәлімет көрсетіледі;
7) 400.05.005 жолында бөлшек саудада өткізілген дизель отыны бойынша акцизді есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл жол 400.05.005 I, 400.05.005 II, 400.05.005 III, 400.05.005 IV, 400.05.005 V, 400.05.005 VI, 400.05.005 VII жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
8) 400.05.005 I жолында дизель отынын бөлшек сату бойынша мәлімет көрсетіледі;
9) 400.05.005 ІІ жолында бұрын Қазақстан Республикасында сатып алынған немесе импортталған дизель отынын бөлшек саудада өткізу бойынша мәлімет көрсетіледі;
10) 400.05.005 ІІІ жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген дизель отыны бойынша мәлімет көрсетіледі;
11) 400.05.005 ІV жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген дизель отынының конкурстық массасын бөлшек саудада өткізу бойынша мәлімет көрсетіледі;
12) 400.05.005 V жолында бүліну немесе жоғалу фактісі анықталған дизель отыны бойынша мәлімет көрсетіледі;
13) 400.05.005 VІ жолында өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған дизель отыны бойынша мәлімет көрсетіледі;
14) 400.05.005 VІІ жолында өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған, Қазақстан Республикасы аумағында алдағы өткізулер үшін бұрын сатып алынған дизель отыны бойынша мәлімет көрсетіледі;
15) 400.05.006 жолында 400.05.004 және 400.05.005 жолдарында көрсетілген салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшері, сондай-ақ осы операциялар бойынша есептелген акциздің жиынтық сомасы айқындалады. Бұл жол 400.05.004 және 400.05.005 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
52. «Акцизді есептелді» деген бөлімде:
1) 400.05.007 жолында бензин және дизель отыны бойынша есептелген акциз туралы мәліметтер көрсетіледі, ол екі бағаннан тұрады:
2) А бағанында бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі. Бір бюджет жіктемесіне бір жол сәйкес келеді;
3) В бағанында есепті ай үшін есептелген акциз сомасы көрсетіледі.
53. 400.05.003 С және 400.05.006 С жолдарының жиынтық сомасы декларацияның 400.00.005 және 400.00.006 жолдарына сәйкесінше көшіріледі.
8. Салықтан шегерім – 400.06-нысанын жасау
54. Бұл нысан салық кезеңінде акцизделетін өнімдер өндіруге нақты пайдаланылған шикізатқа төленген және Салық кодексінің 291-бабына сәйкес шегерімге жататын акциз сомасын есептеуге арналған.
55. «Шегерім сомасы» деген бөлімде:
1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі, ол 00000001 жолынан басталады;
2) В бағанында бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі;
3) С бағанында есепті салық кезеңінде акцизделетін тауар өндіруге пайдаланылған шикізаттың көлемі көрсетіледі;
4) D бағанында акциз ставкасы көрсетіледі;
5) Е бағанында шегерімге жатқызылатын акциз сомасы көрсетіледі.
56. Е бағанында 00000001 жолының жиынтық сомасы декларацияның 400.00.010 жолына көшіріледі.
9. Акциз салуға жатпайтын акцизделетін
тауарлар – 400.07-нысанын жасау
57. 400.07-нысаны Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциз салуға жатпайтын акцизделетін тауарлар, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған кездегі акцизделетін тауарлар бойынша ақпаратты көрсетуге арналған.
58. «Акциз салуға жатпайтын акцизделетін тауарлар» деген бөлімде:
1) 400.07.001 А жолында Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған басты мекеменің өткізілген акцизделетін тауарлардың көлемі, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған кездегі акцизделетін тауарлардың көлемі көрсетіледі;
2) 400.07.001 I А жолында өткізілген спирттің көлемі көрсетіледі;
3) 400.07.001 II А жолында өткізілген арақтың және айрықша арақтың көлемі көрсетіледі;
4) 400.07.001 III А жолында өткізілетін ликер-арақ өнімінің көлемі көрсетіледі;
5) 400.07.001 IV А жолында өткізілген шарап көлемі көрсетіледі;
6) 400.07.001 V А жолында өткізілген конъяк көлемі көрсетіледі;
7) 400.07.001 VI А жолында өткізілген бренди көлемі көрсетіледі;
8) 400.07.001 VII А жолында өткізілген сыра көлемі көрсетіледі;
9) 400.07.001 VIII А жолында өткізілген шарап материалы көлемі көрсетіледі;
10) 400.07.001 IX А жолында өткізілген темекі бұйымының көлемі көрсетіледі;
11) 400.07.001 Х А жолында өткізілген бензин (авиациялықты қоспағанда) көлемі көрсетіледі;
12) 400.07.001 ХI А жолында өткізілген дизель отыны көлемі көрсетіледі;
13) 400.07.001 ХII А жолында өткізілген шикі мұнай, газ конденсаты көлемі көрсетіледі;
14) 400.07.001 ХIII А жолында Салық кодексінің 279-бабы
6) тармақшасында көзделген өткізілетін акцизделетін тауарлар көлемі көрсетіледі;
15) 400.07.001 В жолында Салық кодексінің 281-бабы 3-тармағына сәйкес акциздерден босатылған басты мекеменің өткізілген акцизделетін тауарлардың құны, сондай-ақ Салық кодексінің 285-бабы 1-тармағына сәйкес төтенше оқиғалар салдарынан бүлінген, жоғалған кездегі акцизделетін тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол 400.07.001 I В, 400.07.001 II В, 400.07.001 III В, 400.07.001 IV В, 400.07.001 V В, 400.07.001 VI В, 400.07.001 VII В, 400.07.001 VIII В, 400.07.001 IХ В, 400.07.001 Х В, 400.07.001 ХI В, 400.07.001 ХII В, 400.07.001 ХIII В жолдарының сомасы болып анықталады;
16) 400.07.001 I В жолында өткізілген спирттің құны көрсетіледі;
17) 400.07.001 II В жолында өткізілген арақтың және айрықша арақтың құны көрсетіледі;
18) 400.07.001 III В жолында өткізілетін ликер-арақ өнімінің құны көрсетіледі;
19) 400.07.001 IV В жолында өткізілген шарап құны көрсетіледі;
20) 400.07.001 V В жолында өткізілген конъяк құны көрсетіледі;
21) 400.07.001 VI В жолында өткізілген бренди құны көрсетіледі;
22) 400.07.001 VII В жолында өткізілген сыра құны көрсетіледі;
23) 400.07.001 VIII В жолында өткізілген шарап материалы құны көрсетіледі;
24) 400.07.001 IX В жолында өткізілген темекі бұйымдарының құны көрсетіледі;
25) 400.07.001 Х В жолында өткізілген бензин (авиациялықты қоспағанда) құны көрсетіледі;
26) 400.07.001 ХI В жолында өткізілген дизель отыны құны көрсетіледі;
27) 400.07.001 ХII В жолында өткізілген шикі мұнай, газ конденсаты құны көрсетіледі;
28) 400.07.001 ХIII В жолында Салық кодексінің 279-бабы
6) тармақшасында көзделген өткізілетін акцизделетін тауарлар құны көрсетіледі;
29) 400.07.002 А жолында акциз салудан босатылған емдік және фармацевтік құралдарды дайындауға жіберілген этиль спиртінің көлемі көрсетіледі;
30) 400.07.002 В жолында акциз салудан босатылған емдік және фармацевтік құралдарды дайындауға жіберілген этиль спиртінің құны көрсетіледі;
31) 400.07.003 А жолында мемлекеттік медициналық мекемелерге жіберілген этиль спиртінің көлемі көрсетіледі;
32) 400.07.003 В жолында мемлекеттік медициналық мекемелерге жіберілген этиль спиртінің құны көрсетіледі;
33) 400.07.004 жолында акциз салудан босатылған акцизделетін тауарлардың жиынтық құны көрсетіледі. Осы жол 400.07.001 В-ден 400.07.003 В-ге жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
59. 400.07.004 В жолының сомасы декларацияның 400.00.013 жолына көшіріледі.
60. Өткізілетін акцизделетін тауар көлемі салық базасына сәйкес айқындалады.
10. Салық кодексінің 279-бабы 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын операциялар –
400.08-нысанын жасау
61. 400.08-нысаны Салық кодексінің 279-бабы 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарлар (бұдан әрі – акцизделетін тауарлар) бойынша, сондай-ақ тәркіленген және (немесе) иесіз, мемлекетке мұралау құқығы бойынша өткен және мемлекет меншігіне тегін берілген жеңіл автомобильдердің конкурстық массасын өткізу бойынша есепті салық кезеңінің ішінде жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
62. «Салық кодексінің 279-бабы 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын операциялар» деген бөлімде:
1) 400.08.001 жолында өткізілген акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
2) 400.08.002 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде берілген акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
3) 400.08.003 жолында заттай төлеу кезінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
4) 400.08.004 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелтілген акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
5) 400.08.005 жолында төлеушінің өз өндірістік қажеттіліктері үшін пайдаланылған акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
6) 400.08.006 жолында тәркіленген және (немесе) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген акцизделетін тауарлар өткізілген конкурстық массасының саны көрсетіледі;
7) 400.08.007 жолында өндіруші лицензияда көрсетілген мекенжайдан көшірген акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
8) 400.08.008 жолында бүліну немесе жоғалу анықталған өз өндірісі акцизделетін тауарлар саны көрсетіледі;
9) 400.08.008 жолында акцизделетін тауарлар есепті салық кезеңінің ішінде жасалған салық салынатын операциялар бойынша салық базасының жалпы мөлшері көрсетіледі. Осы жол 400.08.001-ден 400.08.008-ге жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
10) 400.08.010 жолында қозғалтқыштың 1 текше см. көлемі үшін акциздің белгіленген ставкасы көрсетіледі;
11) 400.08.011 жолында Салық кодексінің 289-бабына сәйкес есептелген, 400.08.009 және 400.08.010 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын акциз сомасы көрсетіледі.
63. 400.08.011 жолының сомасы декларацияның 400.00.007 жолына көшіріледі.
64. Осы Қағидалардың 63-тармағы 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген жолдар текше см салық базасын көрсетуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |