Акциз — тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі.
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ, тiзбесi Салық Кодексінде айқындалған қызмет түрлерiне акциз салынады.
Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері
Бензиннің және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізетін жеке және заңды тұлғалар
Қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын
Акциз төлеушілер
Акцизделетін тауарлар тізбесі
Спирттің барлық түрлері
Алкаголь өнімі
Темекі бұйымдары
Двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жеңіл автомобильдер
Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны
Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар
акциз төлеуден босатылады:
1) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдары жолда жүру уақытында және аралық аялдама пункттерiнде пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар; 2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан пайдалануға жарамсыз болып қалған бұйымдар және материалдар ; 3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың жеке пайдалануы үшiн әкелiнген тауарлар ;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа).
Акциз салынатын объектілер
Акцизделетін тауарларды өткізу, жарғылық капиталға жарнасы, заттай ақы төлеген кезде акцизделген тауарларды пайдалану
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізу
Тәркіленген немесе иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізу
Акцизделетін тауарлар бойынша өткізілетін акцизделетін тауарлардың заттай түріндегі саны
Достарыңызбен бөлісу: |