Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 27 тамыз №593 Астана қаласы
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Ресубликасы Кодексінің 32-бабына сәйкес акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтмасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р.Әмірғалиев) осы бұйрықты оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. «Әйелдер консультациясы (кабинеті) қызметін ұйымдастыру жөніндегі ержені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы № 612 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2473).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы «____»______ № _____ бұйрығымен бекітілген
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
-
Жалпы ережелер
1. Осы Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕҰ ) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатымен акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Акушерлік – гинекологиялық көмек мынадай АЕҰ-да көрсетіледі:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (бұдан әрі –МСАК):
емхана (қалалық, аудандық, ауылдық);
дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт;
2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – КДК):
консультациялық- диагностикалық орталықтар / емханалар.
3. МСАК денсаулық сақтау ұйымдарында әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша тәуліксіз медициналық бақылауды жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер/педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер және мейіргерлер көрсетеді.
КДК денсаулық сақтау ұйымдарында әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша тәуліксіз мамандандырылған медициналық көмекті акушер – гинеколог дәрігерлер және басқа мамандар көрсетеді.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес АЕҰ-дың жұмыс режимі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
2. Негізгі функциялар
5. МСАК және КДК денсаулық сақтау ұйымдарының құрамындағы акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер (кабинеттер) әйелдерге жүктілік кезеңінде және жүкті емес кезең мен босанғаннан кейінгі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастырады, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау, сондай-ақ ұрпақты болу жүйесінің гинекологиялық ауруларын:
1) «қауіпті факторлар бойынша» әйелдерді бөле отырып жүктілік, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынулардың алдын алу және оларды ерте анықтау мақсатында жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау;
2) күндізгі стационарлар, перзентханалардың жүктілік патологиясы бөлімшелері, перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын сақтай отырып, экстрагениталды патологиясымен бейінді емдеу мекемелеріне уақытылы емдеуге жатқызуға мұқтаж жүкті әйелдерді анықтау;
3) жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді республикалық деңгейде медициналық ұйымдарда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алуға (бұдан әрі – ЖММК) жіберу;
4) жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде серіктестік босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, тууды жоспарлаған жүкті әйелдерді босандыру мекемелерінде болу мүмкіндігін беру, жүкті әйелдерді қауіпті жағдайлар, тиімді перинаталдық технологиялар, қауіпсіз ана, емшек сүтімен қоректендіру және перинаталдық күтім қағидаттары туралы ақпараттандыру;
5) жүкті және босанатын әйелдердің патронажын жүргізу;
6) отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтерді көрсету;
7) бала көтеретін жастағы әйелдерді тағайындаумен зерттеп-қарау, қажет болған жағдайда экстрагениталды, гинекологиялық патологияларды уақтылы анықтау және оларды диспансерлік есепке алу үшін қосымша әдістерді пайдалану және арнайы мамандарды тартумен терең зерттеп-қарау;
8) әйелдердің ұрпақты болу және соматикалық денсаулығының деңгейіне байланысты ана мен бала үшін жүктілік кезеңін жақсарту мақсатында жоспарланған жүктілікке уақтылы дайындау үшін динамикалық бақылау тобына енгізіледі;
9) экстрагениталды ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеріп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу;
10) қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалан отырып, соның ішінде стационарды алмастыратын жағдайда гинекологиялық аурулары бар науқастарды зерттеп-қарау және емдеу;
11) мамандандырылған медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызуға дайындау үшін гинекологиялық аурулары бар науқастарды анықтау және зерттеп-қарау;
12) оңалту және санаторийлік-курорттық емдеуді қоса алғанда, гинекологиялық аурулары бар науқастарды диспансерлеу;
13) қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалан отырып, кіші гинекологиялық операцияларды жасау;
14) жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді, гинекологиялық аурулары бар науқастарды зерттеп-қарау және емдеу кезінде өзара іс-қимыл сабақтастығын қамтамасыз ету;
15) жүктілік, туу және гинекологиялық аурулар бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа тұрақты немесе уақытша ауыстыру қажеттілігін және мерзімін анықтау, белгіленген тәртіпте әйелдерді еңбекке жарамдылықты тұрақты жоғалту белгілерімен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
16) медициналық-әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дәрігерлер және орта медицина персоналының біліктілігін арттыру;
18) практикаға қазіргі заманғы қауіпсіз диагностикалау және емдеу технологияларын, дәлелді медицина қағидаттарын есепке ала отырып, науқастарды профилактикалау және оңалту шараларын енгізу;
19) персонал мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, инфекцияның таралуының алдын алу үшін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау;
20) ақпараттандыру саласында іс-шаралар өткізу және саламатты өмір салтының әртүрлі аспектілері бойынша халықтың санитариялық мәдениетін арттыру, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, емшек сүтімен қоректендіру, отбасын жоспарлау, аборттар мен ЖЖБИ, соның ішінде АИТВ-инфекциясы және басқа әлеуметтік мәні бар аурулар профилактикасы;
21) акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер (кабинет) жұмысының көрсеткіштерін талдауды жүргізу;
22) халықпен, дәрігерлермен және акушерлермен мынадай нысанда: жеке және топтық әңгімелесулер, лекциялар, витраждар, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (теледидар, радио және интернет) білім беру жұмыстарын жүргізу жолымен қызметтерді көрсетеді. Білім беру жұмысын жүргізу саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен бірлесе жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстарды есепке алу медициналық ұйымдардың ақпараттық-білім беру жұмысын тіркеу жорналында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 038-1/е нысаны бойынша тіркеледі (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы).
3. Жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету
6. Әйелдердің жүктілік және оның сақтау бойынша алғашқы жүгіну кезінде акушер-гинеколог дәрігер міндетті түрде:
анамнезбен егжей-тегжейлі танысуы керек, туыстарындағы әлеуметтік мәні бар аурулардың бар-жоғын анықтау керек (қант диабеті, артериялық гипертензия, туберкулез, психикалық бұзылулар, онкологиялық аурулар және т.б.) көп ұрықтық жүктілік, туа біткен даму кемістігі бар және тұқым қуалаушылық аурулары бар балалардың тууы;
бала кезінде және ер жеткен жаста бастан өткерген ауруларға (соматикалық және гинекологиялық), операцияларға, қан және оның компоненттерін құюға назар аудару;
ұрпақты болу функцияларының ерекшелігін зерделеу;
сәйкесінше тіркелімдердің ақпаратын пайдалану, алдыңғы жүктілік ағымын және оның өлімін анықтау (преэклампсиялар, эклампсиялар, жүктілікті соңына дейін көтере алмау, өлі туылғандар, балалардағы туа біткен даму кемістігі, босанған кездегі операциялар, уақытынан бұрын босану, жаңа туылған нәрестелердің үлесі, босану мен аборттардан кейінгі асқынулар, ерте неонаталды өлім жағдайлары, нәрестелер өлімі, контрацепциялардың әртүрлі әдістерін пайдалану);
ерінің денсаулық жағдайын нақтылау, қанының тобы және резус құрамы;
өндіріс сипатын зерделеу, ерлі-зайыптылардың жұмыс істейтінін жері, теріс қылықтары;
ерте есепке тұруды жүзеге асыру және акушер-гинеколог дәрігер жүктілікті анықтаған күні тіркелу;
уақтылы зерттеп-қарау үшін 12 аптаға дейін жүкті әйелдерді ерте қамту;
жүктілікті көтеруге қарсы айғақтардың болуын анықтау;
жүкті әйелдер тіркелімінен алдыңғы жүктілік және бұрын анықталған соматикалық аурулар ағымы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін пайдалану;
ұрпақты болу денсаулығын сақтау саласында диагностикалау және емдеу хаттамаларын сақтауы қажет.
7. Акушерге физиологиялық, асқынбаған жүктілікті қадағалап қарауға рұқсат беріледі.
8. Жүктілікті қадағалап қарау кезінде:
міндетті зертханалық зерттеп-қараудың бастапқы кешенін (жалпы қанды талдау, жалпы несепті талдау, қанының тобы және резус-фактор, Вассерман, HBsAg (гепатит В) реакциясына қанды талдау, адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) пациенттің келісімі бойынша, тазару дәрежесіне бактериоскопия сүртіндісі);
айғақтары бойынша тазалық дәрежесіне сүртінді бактериоскопиясын;
және 10-13 апта 6 күн және 16-20 апта 6 күн мерзімінде ұрықтың хромосомды аурулары мен туа біткен аномалияны анықтау үшін сарысу генетикалық маркерлерге қанды зерттеу;
жүктіліктің 10-14, 20-22, 32-34 апта мерзімінде ультра дыбыстық зерттеудің үш реттік скринингі;
жүктіліктің 30 апта мерзімінде және медициналық айғақтар бойынша бірінші баруда учаскелік терапевтің (ЖПД) тексеріп-қарауы. Учаскелік терапевт (ЖПД) медициналық айғақтары болған жағдайда жүкті әйелді бейінді мамандарға жібереді, экстрагениталды патология болған жағдайда жүкті әйел акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің терапевт дәрігерінде диспансерлік есепке алуға жатады;
жүкті әйелдерді босануға дайындау жөніндегі мектепке жіберу;
зертханалық-диагностикалық зерттеулер мен консультациялардың барлық нәтижелерін енгізе отырып, жеке жүкті әйелдер тіркелімін жүргізу.
9. Әйелдер арасындағы сұрау салу және зерттеп-қараудың барлық деректері, сондай-ақ тағайындаулар мен консультациялар жүкті әйелдер мен босанатын әйелдердің жеке картасына және алмастыру-хабарлау картасына әрбір бару кезінде ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген №111/е, №113/е нысандары бойынша жазылады.
10. Зерттеп-қарау нәтижесін алғаннан кейін:
1) мынадай қауіп факторларын:
бала көтеру;
преэклампсиялар, эклампсиялар;
ұрықтың дамуының тежелуі;
экстрагениталды аурулардың өршуі;
қан кету;
жатырдың жыртылуы;
ірің-септикалық асқынулардың дамуы;
ұрықтың туа біткен ақауларының дамуы және хромосомды патологиясын есепке ала отырып, жүкті әйелдің осы және өзге топқа жататыны айқындалады.
2) ана мен ұрықты қазіргі заманғы зерттеп-қарау технологияларын пайдаланумен жүкті әйелдерді бақылаудың жеке жоспары құрылады.
11. Одан кейінгі тексеріп-қарау және зерттеулердің қосымша деректері жүкті әйелдердің акушер-гинеколог дәрігерге әр баруы кезінде картада белгіленеді.
12. № 111 /е нысанында дәрігер немесе акушер әрбір бару уақытында әйелдердің жағдайын айқындайды, әрбір баруы кезінде 20 аптадан бастап гравидограмма (жатыр түбінің биіктігінің графикалық көрінісі) толтырылады. Жүктілік кезінде дене салмағының қосылу мөлшерін бағалауда дене бітіміне қарай жүкті әйелдің бойының-салмағының көрсеткіші ескеріледі (дене салмағының индексі саналады). Дене салмағының индексінде ауытқулары бар пациенттердің есебін жүргізу қажет.
13. №111/е нысаны әрбір акушер-гинеколог кабинетіндегі картотекада сақталады. №113/е нысаны жүкті әйелге бірінші бару кезінде беріледі және картотека бақылау орны бойынша және басқа медициналық ұйымдарға ұсыну үшін барлық жүктілік кезінде өзінде болады.
14. Картотекада патронажға жататын, стационарлық емдеудегі, уақытша есептен шыққан және босанған әйелдердің картасы бөлек бөлінеді.
15. Белгіленген күннен кейін 3 күн ішінде қабылдауға келмеген жүкті әйелдер үйдегі акушер патронажына немесе мейіргердің патронажына жатады, оның өзімен бірге тонометрі және стетоскобы болуы тиіс. Патронажға бару нәтижесі туралы деректерді акушер №111/е нысанына және №113/е нысанына енгізеді. Айғақтар бойынша үйдегі патронажды акушер-гинеколог дәрігер жүргізеді.
16. Қауіп факторлары бар жүкті әйелдердің патронажына учаскелік терапевтер, жалпы практика дәрігері, учаскелік педиатрлар мен мейіргерлер тартылады.
17. Экстрагениталды патология бойынша жүктілікке қарсы айғақтармен әйелдердің жүктілікті көтеру мүмкіндігі туралы мәселені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашадағы №5864 тіркелген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 Жүктілікті жасанды үзуді жүргізу қағидаларына сәйкес аумақтық емхананың комиссиялық дәрігерлік-консультациялық комиссиясы айқындайды.
18. Акушер-гинеколог дәрігер және акушер жүкті әйелді уақтылы емдеуге жатқызуды бақылауды жүзеге асырады.
19. Акушерлік асқынулармен жүкті әйелдер перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидатын есепке ала отырып, босандыру ұйымдарында жүктілік патологиясы бөлімшесінде емдеуге жатқызылады. Экстрагениталды аурулары бар болған жағдайда жүкті әйелдерді бейіні бойынша мамандандырылған бөлімшеге емдеуге жатқызу жүзеге асырылады.
20. Тәулік бойғы бақылауды талап етпейтін жүкті әйелдер айғақтары бойынша күндізгі стационарға жіберіледі.
21. Акушер-гинеколог дәрігер ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 084/е нысаны бойынша жүкті әйелдің басқа жұмысқа ауысуы туралы дәрігердің қорытындысына сәйкес (084/е нысаны) жүкті әйелдерді жеңіл жұмысқа және кәсіби зияндылығына байланысты емес жұмысқа ауыстыруға анықтама береді.
Жеңіл жұмысқа және кәсіби зияндылығына байланысты емес жұмысқа ауыстыру дәрігердің қорытындысына және еңбек заңнамасына сәйкес жүктіліктің кез келген мерзімінде жүзеге асырылады.
22. Акушер-гинеколог дәрігер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктілік, босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын береді.
23. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген №036/е нысаны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу кітабында тіркеледі. Білім алушы жүкті әйелдерге студент, колледждің, кәсіби-техникалық училищенің оқушысына еңбекке уақытша жарамсыздық туралы, мектепке, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын баланың ауруы, карантин және оның болмауының басқа да себептері туралы анықтаманы кітабында түбіртекті сақтай отырып анықтамалар беріледі (№ 095/е нысаны).
24. 30 апта мерзімінде міндетті қайта зерттеп-қарау кешеніне: қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, Вассерман реакциясына, пациентті ақпараттандырып келісім бойынша АИТВ-ға тазару дәрежесіне қынаптағы сүртіндіні бактериоскопиялық зерттеу кіреді. Айғақтары бойынша терапевтің, басқа мамандардың қайта консультациясы қажет.
25. АИТВ-ға экспресс – тестпен зерттеп-қарауға, кейіннен қатты фазалы иммуноферментті талдауда зерттеп-қарауға (бұдан әрі – ИФТ):
босандыру ұйымдарында АИТВ-инфекциясына 2 реттік зерттеп-қараусыз немесе босануға түскенге дейін 3 аптадан аса бір реттік зерттеп-қаралғандар;
белгісіз АИТВ-статусымен босануға;
алмастыру картасыз босануға түскен жүкті әйелдер жатады.
26. Босандырудың қарастырылған әдісі мен деңгейі жүктіліктің 36-37 аптасына дейін белгіленеді.
27. Фетоплацентарлы кешеннің тамырларының доплерометриясы және ұрықты диагностикалаудың басқа функционалды әдістері (кардиотокография, биофизикалық бейінді анықтау) айғақтары бойынша жүкті әйелдерге жүргізіледі.
28. Жүкті әйел мекенжайын ауыстырған жағдайда оны одан әрі нақты тұрғылықты жері бойынша дәрігер немесе акушер бақылауы қажет. Жүкті әйелдің шығуы туралы жазба медициналық құжаттамада белгіленеді (№111/е нысаны және №113/е нысаны).
29. Босанған әйелдерге асқынбаған босанудан кейін үй жағдайында медициналық қызмет көрсетуді (патронаж) стационардан шығарылғаннан кейін бірінші үш тәулікте акушер немесе мейіргер жүргізеді. Босанғаннан кейінгі асқыну жағдайларында патронажды дәрігер жүргізеді.
Белсенді патронажға, сонымен бірге босандыру стационарлық ұйымдардың (телефон немесе жазбаша хабарландыру) мәліметі бойынша босанғаннан кейінгі асқыну жағдайындағы босанған әйелдер жатады.
30. Патронаж кезінде жай-күйін сұрау, босанғандарды дұрыс тексеріп-қарау, АҚ, пульсты, дене қызуын өлшеу және сүт безі және ішін пальпациялау, жыныстық жолдардың шығындыларын бағалау жүзеге асырылады. Қынаптық зерттеу айғақтар бойынша жүргізіледі. Босанғандармен баланы емшек сүтімен қоректендіру кезеңіне, отбасын жоспарлау және контрацепциялық құралдар, сондай-ақ контрацепцияны іріктеу үшін консультацияға жүгіну мерзімдері бойынша жаңа түскен жүкті әйелдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
31. Босанған әйелдердің акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) баруы босанғаннан кейін 10 және 30 тәулікте жүргізіледі.
32. Жұмыс істейтін әйелдерге қосымша босанғаннан кейінгі демалысты акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттің) акушер-гинеколог дәрігер немесе асқынған босанулар жағдайында келіп түскен босандыру ұйымдары ресімдейді.
33. Босану сырқатнамасынан үзінді, сұрау деректері, босанған әйелдерді тексеріп-қарау және арнайы зерттеп-қарау 111/е нысанына енгізіледі.
34. №111/е барлық нысандары босанғаннан кейінгі кезеңнің соңына дейін (42 күн) «Босанғандар» картотекасының арнайы жәшігінде сақталады. Босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін № 111/е нысанында контрацепция әдісі және флюрорография күні көрсетілген босанғаннан кейінгі эпикриз ресімделеді.
35. Барлық босанғандар перзентханадан шыққанға дейін босанғаннан кейінгі кезеңде кеуде жасушаларының ағзасын флюорографиялық зерттеп-қарауды өтеді.
36. Асқынған босанулардан, операциялық араласулар, перинаталды жоғалтудан кейін қауіп факторлармен босанғандарды диспансерлеу бейінді мамандармен бірлесіп жүктілікті тіркеу орны бойынша бір жыл ішінде жүргізіледі.
4. Гинекологиялық көмек көрсету
37. Халыққа амбулаториялық-емханалық гинекологиялық көмекті ұйымдастыру гинекологиялық аурулардың профилактикасы бойынша, оларды ерте анықтау, диспансерлік бақылау, гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарға емдеу және оңалту көмегін көрсету, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге жіберу бойынша іс-шаралар жүргізуді қарастырады.
38. Гинекологиялық ауруларды анықтау акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) жүгінген әйелдерді қабылдау, оның ішінде жүктілік бойынша, МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинеттерінде әйелдерді тексеріп-қарау, әйелдерді профилактикалық тексеріп-қарау жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
39. Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) алғашқы рет жүгінген әрбір әйелге ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген №025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ашылады.
40. Анамнезді анықтау кезінде тұқым қуалаушылық, бастан өткерген аурулар және операцияларға (соның ішінде гинекологиялық), менструалды функция, жыныстық өмір, ерінің денсаулығы, жүктіліктің ағымы және одан болған өлім, контрацепция әдістерін қолдану және еңбек жағдайы мен тұрмыстық жағдайы, қазіргі ауруларының дамуы ерекшелігіне назар аудару қажет. Бала көтеру жасындағы әйелдерді акушер-гинеколог дәрігер контрацепция әдістері туралы ақпарат және әйелдердің денсаулық жағдайын есепке ала отырып жеке әдістерді таңдауға көмек береді.
41. Әйелдердің барлық зерттеп-қарау, манипуляциялар мен операциялар, тағайындаулар мен консультациялар деректерін акушер-гинеколог дәрігер пациенттің амбулаториялық медициналық картасына жазады(№025/е нысаны).
42. Әйел айғақтары бойынша жүгінген кезде оны міндетті сүртінділердің цитологиялық бактериоскопиялық зерттеулермен, қанның RW-ға зерттеп-қараумен акушер-гинеколог дәрігер тексеріп-қарайды. Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинет) жүгінген барлық пациенттердің сүт бездерін тексеріп-қарау және пальпациялау жүргізіледі.
43. Әйелдерді профилатикалық тексеріп-қарау кезінде гинекологиялық аурулар анықталған жағдайда әйелдерге тұрғылықты жері бойынша емдеу тағайындалады.
44. Түпкілікті диагнозды белгілеу кезінде диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес науқасты емдеу және диспансерлік бақылау туралы мәселе шешіледі. Диспансерлік бақылауға жататын әрбір әйелге ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген № 030/е нысаны бойынша диспансерлік қадағалау бақылау картасы толтырылады.
45. Диспансерлеу науқас сауыққан кейін немесе оның акушерлік-гинекологиялық бөлімше (кабинет) қызмет көрсететін ауданнан шығуына байланысты тоқтатылады. Диспансердегі науқас медициналық ұйымның аумағынан шыққан жағдайда оған тұрғылықты жері бойынша бақылау ұсынылады.
46. Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу акушерлік-гинекологиялық бөлімшеде (кабинетте), гинекологиялық бөлімшелерде жүзеге асырылады. Емдеу емшараларын акушер (емшара мейіргері) жасайды. Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды, тәулік бойғы бақылауды талап етпейтін, күндізгі стационар жағдайында емдеуге болады
47. Акушерлік-гинекологиялық бөлімше құрылымында кіші операция және амбулаториялық операциялардан кейін науқастардың уақытша болуы үшін демалу бөлмесі қарастырылған.
48. Кіші гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар амбулаториялық қарсы айғақтар болмаған кезде жүргізіледі: жатыр мойнының биопсиясы, цитологиялық зерттеулер жатыр қуысының ішіндегіні (шприцпен) аспирациялау, жатыр мойнының диатермокоагуляциясы/эксцизиясы, крио және лазеротерапия, вакуум-аспирация (қауіпсіз аборт), дәрі-дәрмекпен аборт, жатырішілік контрацептивтерді енгізу және оны сылып тастау. Кіші гинекологиялық операциялар амбулаториялық операциялар жазбасы жорналында ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша тіркеледі.
49. Стационарлық емдеу көрсетілген науқасқа емдеуге жатқызуға жолдама беріледі, ал жоспарлы науқастарға Емдеу жатқызу бюросы порталы арқылы жолдама беріледі. Учаскенің акушері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№025/е нысаны) әйелдерді нақты емдеуге жатқызу туралы жазба жасайды. Науқас стационардан шыққан кейін бөлімшенің (кабинеттің) акушер-гинеколог дәрігері гинекологиялық бөлімше дәрігерінің ұсынымдарын назарға алады. Стационарлық науқастың медициналық картасының үзіндісінен мәлімет амбулаториялық пациенттің медициналық картасына ауыстырылады (№025/е нысаны). Үзінді науқаста қалады.
50. Әйелдерде аборттың алдын алу үшін қазіргі заманғы контрацепция әдістерін пайдалану бойынша жеке өзінің таңдауы және оларға оқыту қажет. Күрделі экстрагениталды аурулардың болуы және әйелдің жүктілікті көтеруі және босануы оның денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін басқа жағдайларда, сондай-ақ күрделі тұқым қуалайтын аурулар кезінде ұдайы контрацепцияның тиімді әдістерін таңдау қажет.
51. Жүкті әйел жүктілікті жасанды үзу үшін жолдама алуға жүгінген кезде акушер-гинеколог дәрігер жүктілік мерзімін анықтағаннан кейін медициналық абортқа медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігін, жүктілікті үзу қаупі мен зиянын түсіндіреді, ұрпақты болу денсаулығын сақтау және контрацепцияның қазіргі заманғы құралдар мен әдістерін жеке таңдау мәселелері бойынша консультация жүргізеді. Жүктілікті жасанды үзу (аборттар) үшін зерттеп-қарау және емдеуге жатқызу заңнамада белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
5. Ауыл халқына акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету
52. Әйел халқына амбулаториялық-емханалық көмек аудандық емханаларда, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың акушерлік-гинекологиялық кабинеттерінде, фельдшерлік-акушерлік, фельдшерлік және медициналық пункттерде көрсетіледі.
53. Шалғай және жетуі қиын аудандардың, сондай-ақ алыс мал жайылымында мал шаруашылығымен айналысатын ауыл халқына акушерлік-гинекологиялық көмекті: педиатр, терапевт, тіс дәрігері, акушер, балалар мейіргері көшпелі бригада құрамында акушер-гинеколог көрсетеді. Көшпелі бригадада акушер-гинеколог дәрігердің жұмысына басшылықты аудандық акушер-гинеколог, өңірдің жетекшісі басшылық жасайды.
54. Көшпелі бригадалар құрамына кіретін акушер-гинеколог дәрігер:
1) әйелдерді профилактикалық тексеріп-қарау, зертханалық зерттеулер;
2) жүкті әйелдерді және гинекологиялық ауруы бар науқастарда тексеріп-қарау, зерттеп-қарау;
3) қажет болған жағдайда – шұғыл медициналық көмек көрсету;
4) контрацепция әдістері мен құралдарына әйелдерді оқыту;
5) халыққа арналған әңгімелесулер мен дәрістер;
6) саламатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатында халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
55. Көшпелі бригаданың акушер-гинеколог дәрігерінің қызметі ол жұмыс істейтін базада сол мекеменің құжаттамаларында айқындалады. Қайта шығу кезінде акушер-гинеколог фельдшерлік-акушерлік пункт акушерінің тағайындауын және ұсынымдарын орындалуын тексереді.
56. Көшпелі бригадалар орнында жұмыс істеу үшін жүкті әйелдерге, босанатын, босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету үшін, профилактикалық тексеріп-қарау және науқастарды қабылдауды жүргізу үшін қажетті мүкәммалдармен, медициналық жабдықтармен, аспаптар жиынымен жарақтандырылады.
57. Қолайлы акушерлік-гинекологиялық анамнезбен, көшпелі бригада арасындағы кезеңде жүктіліктің қалыпты ағымымен дені сау әйелдер фельдшерлік-акушерлік пункт немесе учаскелік аурухананың акушерлерінде бақыланады.
58. Қауіпті факторларымен жүкті әйелдер үшін диспансерлік бақылау жоспары және емдеуге жатқызу мерзімдерін көрсетілген перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарына сәйкес тиісті деңгейде босандыру белгіленеді
59. Жүктілік және босануына байланысты әйелдерге ең жеңіл жұмысқа ауыстыру қажеттілігі немесе демалыс беру туралы анықтамаларды, асқынған жүктілігі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын ауылдық учаскелік немесе орталық аудандық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері береді.
60. Ауданның ауыл халқына акушерлік-гинекологиялық көмекке ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты ауданның бас акушер-гинекологы, өңірдің облыстық жетекшісі жүзеге асырады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7931 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |