2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi



бет1/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ВОП 1


1. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер - бұл жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi. 
Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң қызметiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медицина ұйымдарында, сондай-ақ жеке практика тәртiбiмен жүзеге асыра алады. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгерге халықты тiркеу дәрiгердiң еркiн таңдауы негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық 
дәрiгердiң мiндеттерi

2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң негiзгi мiндеттерi: 
1) неғұрлым кең тараған аурулар мен жарақаттарға тиiсiнше диагноз қою, емдеу және оңалту; 
2) негiзгi инфекциялық ауруларға қарсы иммундау шаралары; 
3) эндемикалық және басым инфекциялық аурулар профилактикасы және олармен күрес; 
4) ана мен баланың денсаулығын қорғау, соның iшiнде отбасын жоспарлау мәселелерi; 
5) гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салтын қалыптастыру
6) сапалы тамақ өнiмдерiмен жабдықтауға жәрдем көрсету және ұтымды тамақтану жөнiнде ұсыныс жасау; 
7) сапасы жақсы сумен жабдықтауға және негiзгi санитарлық шаралар жүргiзуге жәрдем көрсету; 
8) дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрi-дәрмек формулярына және емдеудiң осы заманғы хаттамаларына сәйкес ұтымды тағайындау және пайдалану болып табылады.

3. Жалпы практикалық дәрiгердiң/отбасылық 
дәрiгердiң мiндеттерi

3. Жалпы практикалық дәрiгердiң/отбасылық дәрiгердiң негiзгi мiндеттерi: 
1) шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету; 
2) емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу; 
3) пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету; 
4) жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу
5) иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу; 
6) аурулардың бұрыннан бар жасырын түрлерiн табуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру, аурудың және қауiптiлік факторларының алдын алу; 
7) тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау; 
8) отбасын жоспарлау жөнiндегi жұмыс
9) отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу; 
10) перзентханадан шығарылғаннан кейiн нәрестеге патронажды жүзеге асыру; 
11) ауру балалар стационардан шығарылғаннан кейiн үйге актив жүргiзу; 
12) денi сау бала күнiн өткiзу; 
13) үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету; 
14) әскери-дәрiгерлiк және әскерге шақырылуға дейiнгi жас өспiрiмдердi және әскерге шақырылатын жастарды шақыру комиссияларымен байланысты жүзеге асыру болып табылады. 
4. Жалпы практикалық дәрiгер/отбасылық дәрiгер заңдарда белгiленген тәртiппен еңбекке уақытша жарамсыз ауруларға сараптаманы жүзеге асырады, қажет жағдайда оларды дәрiгерлiк консультативтiк комиссияға жiбередi. 
5. Жалпы практикалық дәрiгер/отбасылық дәрiгер: 
1) директивалық құжаттарға сәйкес учаскедегi балалар мен үлкендердi диспансеризациялау жөнiндегi кешендi шаралар ұйымдастырады және жүргiзедi; 
2) халықты гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шараларды жүргiзедi; 
3) есеп және есеп беру құжаттамаларының бекiтiлген нысандарын жүргiзедi; 
4) тiркелген халықтың денсаулығын нығайту және сақтау бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады. 
6. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер экономиканың және менеджменттiң негiздерiн бiлуге, өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттыруға және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияның басқа қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге тиіс.

2. 1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет