Қалалық білім бөлімінің басшысы
Г.Б.Азанның тамыз маслихатына
арнаған баяндамасы
Тақырыбы: «Сапалы білім мен тәрбие беру -Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы»
Мерзімі 21.08.2013 ж.
Басталу уақыты: 10.00 -11.30.
Өтетін орны: «Мұнайшы» мәдениет үйі
Жаңаөзен -2013
«Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның
мемлекеттік саясатының басымдығы»
Қалалық білім бөлімінің басшысы
Азан Гүлайым Бақытқызының
тамыз маслихатында оқитын баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған ««Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» білім саласына ерекше басымдықтар беріп, жаңа міндеттер қойды. Жолдауда «Мұндағы басты міндеттер – дайындықтың жаңа сапаға көшуі,оқытудың тиімді жүйесін құру, ғылыми-зерттеулердің әлемдік деңгейге шығуы мен ғылымның инновациялық процестерге тікелей қосылуы болып табылады» деген болатын.
Біз ұрпағымызды, болашағымызды тәрбиелеу жолында мемлекетіміздің білім саясатын басшылыққа ала отырып, жүктелген міндеттерді атқарып келеміз.Сонымен қатар Елбасы білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты екендігіне тоқталды, нақты тапсырмалар берді. Елбасымыз қай Жолдауында болмасын, ең негізгі фактор ретінде адам өміріне, оның денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді.
Жаңа оқу жылын 21 күндізгі білім беретін, 1 кешкі мектеп, 2 мектептен тыс, 38 мектепке дейінгі мекемелермен бастағалы отырмыз. Былтырғы оқу жылы қорытындысын 22414 оқушымен аяқтадық, бала саны жылдан –жылға артуда.
Жетім және ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп – ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат берілуі үшін 2012 жылы 162 балаға 31 399,0 мың теңге жоспарлы бөлінген, бірақ 2012 жылғы нақты бала саны -128 болып, оның ішінде 14-і патронаттықтағы тәрбиеленушілер, 1-і кәмелетке толған, 113 баланың асыраушысына 21 632,6 мың теңге төленіп, 9 766,4 мың теңге Республикалық бюджетке кері қайтарылды. 2013 жылы 113 балаға 20 386,0 мың теңге қаралған, бүгінгі таңда 93 баланың асыраушысына 11393,00 теңге игерілді. Республикалық комиссияның тексеру қорытындысымен 20 баланың құжаттарын толықтыру тапсырылып, айлық төлемі уақытша тоқтатылды, жинақталуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес қаладағы аз қамтылған отбасылардың оқушы балаларына колдау көрсету мақсатында 2012/2013 оқу жылында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өтті. «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық марафон - акциясына 150 балаға «Өзенмұнайгаз» АҚ мекемелері 3 млн 900 мың теңге, «Нұр Отан» ХДП ғимаратында – 32 балаға 832 мың теңге, Н.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры 154 балаға 4 млн, басқа да мекемелердің қатысуымен барлығы 1284 балаға 31 млн 96 мың теңгеге көмек берілді. Жергілікті бюджет есебінен 2712, 1- сыныпқа баратын оқушыларға мектеп формалары сатып алынды, оған 13 млн 641 мың теңге бөлінді.
2012 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен 13 мұғалімге қосымша ақы төлеу үшін 809 мың теңге игерілді. 2013 жылы осы курстан өткен 41 мұғалімге 8 млн 56 мың теңге бөлінді, яғни 3,2 есеге артып отыр
Білім беру мекемелеріндегі мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі тәрбиешілерге біліктілік санатының көлем үстемақысы көбеюіне байланысты 2012 жылы 1617 штатық бірлікпен қамту үшін 70 млн 74 мың теңге бөлінді, алайда мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілердің жұмыс орнын ауыстыру және басқа себептермен штаттық бірліктің азаюына байланысты нақты 1460 штаттық бірлікке 61 млн 574 мың теңге игерілді. 2013 жылы 1379 штаттық бірлікті қамтуға 62 млн 905 мың теңге қаржы бөлінді.
Қала бойынша білім беру ұйымдарында 2175 педагог қызметкерлер жұмыс жасайды.
Салыстыру уақыты
|
01.07.2012 ж.
|
01.07.2013 ж.
|
Білім беру ұйымдары
|
мектеп
|
балабақша
|
мектеп
|
балабақша
|
барлық педагогтар саны
|
1638
|
448
|
1697
|
478
|
Жоғары білімді
|
1106 (67%)
|
176 (39%)
|
1134 (66%)
|
265 (55%)
|
Жоғары категориялы
|
131 (7%)
|
36 (8 %)
|
170 (10%)
|
49 (10%)
|
Бірінші категориялы
|
494 (30%)
|
74 (16%)
|
529 (31%)
|
92(19%)
|
Жас мамандар
|
25 (1%)
|
5 (1%)
|
73 (4 %)
|
15 (3 %)
|
Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерге қажетті мұғалім саны -74 (орыс тілі мен әдебиеті – 12, орыс тілінде оқитын мектептерге бастауыш сынып мұғалімі-10, математика - 15, физика - 7, химия-3, дене тәрбиесі - 10,ағылшын тілі-4, тарих-5, ән-саз-3, технология – 5)
2011 жылы мүгедек бала саны – 10, үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды жабдықпен, бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 7 балаға 4 млн 943 мың теңге бөлінді. 2012 жылы мүгедек бала саны – 44 болып, 8 балаға 10 млн 848 мың теңге жоспарланған жабдық алынды, ал 2013 жылы мүгедек бала саны – 55 болды, 522,0 мың теңге 1 балаға қаралған, бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету ағымдағы жылдың қыркүйек айында жоспарланған. Мүгедек бала саны жылдан жылға артуда, республикалық деңгейде берілген тапсырма орындалып отыр.
Білім беру нысандарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен орта мектептердің /№1,2,5,6,20 мектептердің/ 2011 жылы лингафон-мультимедиялық кабинетімен биология кабинеттерін жасақтауға 33 млн 920 мың теңге, 2012 жылы /5,8,9,15 мектептердің/ химия кабинеттерін жасақтауға 20 млн 470 мың теңге, 2013 жылы /2,4,7,17,19 мектептердің/ химия кабинеттерін жасақтауға 20 млн 485 мың теңге бөлінді. 2012 жылы жергілікті бюджеттен қаладағы барлық мектеп ғимараттарының ішкі және сыртқы жағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейне бақылау жүйесін орнатуға 46 млн. 200 мың теңгеге толық қамтамасыз етілді. 2013 жылы қаламыздың 7 (жеті) балабақша ғимаратына бейне бақылау жүйесін орнату үшін жергілікті бюджеттен 4 млн.800мың теңге бөлініп, қазіргі таңда орындалуда.
Сонымен қатар ескірген компьютер техникаларын жаңалау барысында және білім беру жүйесін ақпараттандыру мақсатында 2013 жылы жергілікті бюджеттен 55 млн.теңгеге барлығы (конфигурациясы 12+1) 25 компьютер кабинеттері және 15 млн. 300 мың теңгеге барлығы 17 интербелсенді тақталары сатып алынды. Бүгінгі таңда 32 балаға бір компьютерден келеді және мектептерде барлық пән бойынша интербелсенді тақтамен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Жаңаөзен қаласын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына» сәйкес республикалық бюджеттен «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық мектептің құрылысы басталып, 2013 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Аталған бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен Теңге ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы аяқталысымен №14 орта мектептегі үш ауысымның жойылуына және «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысының аяқтылысымен «Рахат» кентіндегі әсіресе №15 және №18 орта мектептегі бала санының қалыпқа түсуіне жағдай туады.
2013-2014 оқу жылында 2, 9 сыныптарға қайта басылып шығатын оқулықтар 100-120% көлемінде және қала мектептеріндегі оқушы санының артуына байланысты қорландыру циклы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 146 және 2012 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрықтармен бекітілген білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат еткен жетіспейтін оқулықтары 20% көлемінде сатып алынды және барлық оқушылар жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін 100 пайызға қамтылады.
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат туралы мәлімет
№
|
Оқу жылы
|
Сынып
|
Дана
|
Бөлінгені
|
Барлығы
|
Тасымалдауға
|
Сатып алуға
|
2
|
2013-2014
|
2, 9, 1сыныпқа ағылш.тілі
қорландыру циклы
бойынша 3,4,5,6,7,8,10,11
|
128 138
|
82 140 000
|
5 000 000
|
77 139 110
|
2013 жылы жергілікті бюджеттен 30 млн 643 мың теңге бөлініп, №8,10, 14, 15, 18 орта және №12, 16 бастауыш мектептер жанынан ашылған 7 лагерьге - 2120, Кендірлі демалыс орынындағы «Ақбөбек» лагеріне-1260, облыс көлеміндегі «Балдаурен», «Толқын» лагерьлеріне-75, Республика көлемінде Астанаға-37, Алматыға-390, Көкшетауға -1922 және шет елдердегі Қырымның «Какаду», «Казакеивич» лагерьлеріне- 1150, Түркияның «Банана клаб» лагеріне -162, Италияның Чезенитико қаласына-5 бала демалды. 2012жылы қамтылған бала саны-6883 болса, 2013 жылы жазғы сауықтырумен қамту барлығы 7121 балаға артып отыр.
Қалада 2012/2013 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 47,7%, үлгерім 99,9% болды. Өткен оқу жылының білім сапасы – 48,6%,, үлгерім 99,9% болған. 1-4 сыныптар бойынша 10061 оқушының 1665-і үздік, 4286-ы жақсы оқып, білім сапасы 80% , үлгерім 99,9 % болды. 5-9 сыныптарда 10757 оқушының 698-і үздік, 3593-і жақсы оқып, білім сапасы 40 %, үлгерім 100% болды.10-11 сыныптар бойынша 15596 оқушының 66-ы үздік, 382-і жақсы оқып, білім сапасы 28% , үлгерім 99,9% болды. Бастауыш пен орта буындар арасында білім сапасы мен үлгерімі бойынша көп алшақтық байқалады. Білім берудің сатылық кезеңдерінен өту барысында өзара сабақтастықтың болмауына байланысты білім сапасы 80% дан 40%-ға, 40% дан 28 %-ға күрт төмендеген. Төмендеу себебі мектептің педагогикалық кеңестерінде білім сапасына толыққанды сараптау жүргізілмегенінен байқалды.
Мектептер
|
2011/2012
|
2012/2013
|
Үлгерім
|
Сапа
|
Үлгерім
|
Сапа
|
№1 о.м
|
100
|
49,2
|
99,9
|
48,6
|
№ 2 о.м
|
99,7
|
32,5
|
99,9
|
34,1
|
№ 3 о.м
|
99,8
|
39,7
|
100
|
36,7
|
№4 о.м
|
100
|
44,1
|
100
|
39,7
|
Гимназия
|
100
|
61,9
|
100
|
62
|
№6 о.м
|
100
|
53,5
|
100
|
54
|
№7 о.м
|
100
|
60,5
|
100
|
58,5
|
№8 о.м
|
100
|
48,3
|
100
|
49,5
|
№9 о.м
|
100
|
38,1
|
99,9
|
41
|
№10 о.м
|
100
|
42,5
|
100
|
49,4
|
№12 б.м
|
100
|
64,8
|
100
|
66,7
|
№13 б.м
|
100
|
67,9
|
100
|
65
|
№14 о.м
|
100
|
46,7
|
100
|
46,3
|
№15 о.м
|
99,9
|
41,5
|
100
|
39,4
|
№16 б.м
|
100
|
67,6
|
100
|
64,7
|
№17 о.м
|
100
|
46
|
99,9
|
43,6
|
№18 о.м
|
100
|
41,3
|
100
|
39
|
№19 о.м
|
100
|
54,8
|
100
|
52,7
|
№20 о.м
|
100
|
64
|
100
|
56,6
|
№21 о.м.
|
100
|
37,9
|
100
|
42,8
|
Лицей
|
100
|
70,3
|
100
|
71,5
|
Барлығы
|
99,7
|
48,6
|
99,9
|
48,6
|
Кестеден көрсетілгендей, №1орта мектептен 1- сынып оқушысы, №2орта мектептен 11-сынып оқушысы, №9орталау мектептен 3-сынып оқушысы, №17орта мектептен 1-сынып оқушысы үлгермеушілер қатарында. Алдағы оқу жылында осы оқушылармен және үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмыс түрлері күшейтіліп, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.
2012-2013 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тестке 16 жалпы білім беретін орта мектептен -510 оқушы қатысты, бұл барлық түлектердің 61,5 %-ы №8 орта мектептің 1 оқушысы Нұрбергенова Ботакөз денсаулық жағдайына байланысты ДКК қорытындысымен тесттен босатылды. 2012 жылғы орта балл 58,7 болса, 2013 жылғы 64,4. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 5,7 балға жоғары. (облыс бойынша 2012 жылы 65,66, 2013 жылы 69,39, яғни 3,73 балға жоғары)
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткен оқу жылымен салыстыратын болсақ:
мектеп саны
|
қатысқан оқушы саны
|
Шекті деңгей-ден өтпеген оқушы саны
|
«қанағаттанарлықсыз баға алған оқушы
|
орта ұпай
|
«Алтын белгі» белгісін алған оқушы саны
|
2012
|
2013
|
2012
|
2013
|
2012
|
2013
|
2012
|
2013
|
2012
|
2013
|
2012
|
2013
|
16
|
16
|
682
|
510
|
226
|
235
|
140
|
56
|
58,7
|
64,4
|
1
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |