Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының



Дата25.02.2016
өлшемі58.18 Kb.
#24787



Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және

кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Астана қаласы 2015 жылғы 16 маусым


Астана қаласы Жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

Астана қаласындағы мұқтаж

азаматтардың жекелеген

санаттарына әлеуметтік көмек

көрсету іс-шараларын іске асыру

жөніндегі жұмысы туралы
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л.Е. Әбуеваның Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмек көрсету іс-шараларының іске асырылуы туралы есебін тыңдап және талқылап, қалада халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар іске асырылатынын, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша шара қабылданатынын атап өтті.

«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалада қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға көрсетілетін қызмет сапасын көтеру жөнінде шара қабылдануда.

Елорада әлеуметтік жағынан тұрғын жағдайдағы тұрғындарға әлеуметтік көмек Астана қаласы мәслихатының шешімдерімен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесіне, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне, Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жол жүру ақысынан босату түрінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне, Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін бекіту және Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу ережесіне сәйкес көрсетіледі.

2014 жылы әлеуметтік көмекпен және қолдаумен мұқтаж азаматтардың 75 мыңнан астам жекелеген санаттары қамтылған. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, көпбалалы аналарға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедек балаларға материалдық көмек тұрақты негізде көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге материалдық көмек көрсетіледі, зейнеткерлер мен азаматтардың басқа да санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру белгіленген.

Әлеуметтік көмек естелік күндер мен мерекелер қарсаңында 5 мың теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем ретінде көрсетіледі. 2014 жылдың 1 тамызынан бастап әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде тоқсансайынғы төлем түрінде туберкулез, қатерлі ісік, адам иммунитетінің тапшылығы вирусынан пайда болған ауру сияқты әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсетіледі, оның ішінде «ЖИТС алдын алу және онымен күрсе жөніндегі орталық» МКҚК диспансерлік есебінде тұрған адам иммунитетінің тапшылығы вирусы бар тұлғаларға.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек кірісті ескерусіз тіс протездеу, санаторлық-шипажай емделу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер мен өзге де қызметтерге ақы төлеуге, ресми мерзімдік баспаларға жазылуға, моншаға, шаштаразға баруға ақшалай төлемдер ретінде көрсетіледі.

Жыл сайын әлеуметтік көмек сомасы өсуде. Мысалы, 2015 жылы әлеуметтік төлемдерге 4 231 496,0 мың теңге көзделген, соның ішінде жергілікті бюджеттен 3 887 643,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 343 853,0 мың теңге, 2014 жылы сомасы 3 295 450,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы сомасы 2 602 820,0 мың теңге, 2014 жылы сомасы 2 222 056,1 мың теңге ақшалай түрде ұсынылады.

Жергілікті бюджет қаражат есебінен 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі 19 372 тұлғаны әлеуметтік қолдауға 938 704,0 мың теңге көзделген. 2014 жылы шамамен 8 мың бала кезінен мүгедектер сомасы 1 098 385,5 мың теңге қызметтермен қамтылған. 1 642 мүгедекке протездеу-ортопедиялық көмек көрсетілген және протездеу-ортопедиялық бұйымдар сатып алынды, 292 адам кресло-арбашамен, сурдо-тифло құралдарымен қамтамасыз етілді және 398 адамға сурдокөмек көрсетілді, 112 адамға ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілер көмек көрсетті, 1 177 мүгедек санаторлық-шипажай емын алды. Осы қызмет түрлеріне 734 331,4 мың теңге жұмсалды.

Жүргізіліп жатқан жұмысқа және әлеуметтік блоктағы бірқатар айтарлықтай өзгерістерге қарамастан проблемалық мәселелер орын алуда. Қаладағы психоневрологиялық интернаттарда орын жетіспеушілігі байқалуда. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың орталықтандырылған дерекқорына сәйкес қалада 19 372 мүгедек бар, олардың ішінде психика ауруларына шалдыққандырдың саны 3 243 адам, соның ішінде 2 697 ересек пен 546 бала. Жұмыс істеп жатқан 2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме толық, оның дәлелі - 100 мыңға жуық госпитализацияға мұқтаж адамның кезекте тұруы.

18 жасқа толмаған мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлім желісін кеңейту мәселесі шешімін таппай отыр.

1 және 2-топтағы мүгедектер мен тұрақты тыс күтімге мұқтаж қарт адамдарды күтумен айналысатын тұлғаларға ақы төлеу мәселесін заңнамалық тәртіпте шешу қажеттілігі туындап отыр.

Мәслихаттың шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін бекіту және Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу ережесінде қарастырылған екінші деңгейдегі банктер ашатын арнайы есеп-шотқа аударылатын біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуда айтарлықтай қиындықтар туындауда.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапына бақылау болмағандықтан Ұлы Отан соғысының 17 ардагерінің пәтерін жөндеу жұмыстарын құрылыс фирмалар орындалған жоқ.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін зерделеу қажет, орталық алып отырған орын-жай көптеген зейнеткерге қызмет көрсетуге ыңғайсыз, қызметкерлер тар жұмыс орындарында орналасуда.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмек көрсету іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» ақпарат назарға алынсын.

2. Астана қаласының әкімдігіне психика ауруларына шалдыққан науқастарды госпитализациялау, 18 жасқа толмаған мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлім желісін кеңейту үшін қосымша орынжай салуға немесе бөлуге қаражат қарастыру мәселесін қарау ұсынылсын.

3. Астана қаласының Қаржы басқармасына жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау және зейнеткерлерге қызмет көрсетуді жақсарту үшін Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына орынжай беру мәселесін қарастыру ұсынылсын.

4. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мен жүргізуде, қолданыстағы заңнама шеңберінде халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде қызметін жандандыру;

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелерде мүгедектерге көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің ұсынылуын тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

Ұлы Отан соғысының 17 ардагерінің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде құрылыс фирмаларға қатысты тиісті шара қолдану және қалалық мәслихатты нәтижелер туралы хабардар ету ұсынылсын.

4. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 1 және 2-топтағы мүгедектер мен тұрақты тыс күтімге мұқтаж қарт адамдарды күтумен айналысатын тұлғаларға ақы төлеу мәселесін заңнамалық деңгейде қарау мәселесімен жүгіну ұсынылсын.

5. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына екінші деңгейдегі банктермен арнайы есеп-шотқа аударылатын біржолғы әлеуметтік төлемдерді алу мәселесін реттеу ұсынылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссия мүшесі, депутат М.Ә. Ораловқа жүктелсін.



Тұрақты комиссия төрағасы У. Досаев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет