Қалқаман Сарин өлеңдерінің қазіргі поэзиядағы рөлі



бет1/2
Дата20.09.2022
өлшемі49.73 Kb.
#461037
  1   2
Сарин


Қалқаман Сарин өлеңдерінің қазіргі поэзиядағы рөлі



Жоспар:
І. Кіріспе
1.Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырбаяны
ІІ Негізгі бөлім
1.Ақын өлеңдеріндегі сыршыл лиризм
2.Ақынның сезім болып төгілген жібек жырлары

3.«Тәуелсіз ел – қазағым»
ІІІ Қорытынды


«Өнерпаз көп қой өлмейтін»
І. Кіріспе
1.Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырбаяны

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдары аспирантураны тәмәмдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы. «Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім», т.б. ән мәтіндерін жазған.Бүгінде ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, "Астана" теле-арнасындағы «Кеш емес» ток-шоуында жүргізуші болып істейді.


1.Ақын өлеңдеріндегі сыршыл лиризм
Қалқаман қаламынан туған өлеңдер өзінің ішкі үйлесімдігінен бөлек, тұнық ойға ақындық қуат қосылғанын байқатады. Мысалы, «Күзгі көрініс»
(«Арманымның бейнесі», 61 бет). өлеңдегі суреттер күзгі бақтың көрі­нісін, қозғалыстың барын сездірген жанды құбылысты, адам өмірін түгелдей көз алдыңнан өткізеді.
«Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп» – бұл сөзімізге дәлел бола алады. Алланың бұйрығымен құлаған жапырақты күрең күзге тағзым еткізуі де Қалқаман жасаған соны бейне десек артық айтқандық емес. Ақындық байқағыштық, ұқсата білу дегеніміз осы болса керек. Сонымен қатар, мезгілдің сұрқай көрінісі мен адамның мұңы, көңіл-күйі үндесіп, параллель өрбіп отыруы – ақынның шеберлігі. Немесе,
Арқаның аңғал ақ самалы есіп,
Жаз дәурен келді бақшама көшіп.
Мөлдір бұлақтар шолпысын тағып,
Балғын құрақтар сәт санап өсіп... – осы өлеңнің бір шумағында,
«Әуелеп алыс аққу ұшады,
Ақша бұлттардан ту жасап алып» дегенінде де жанды қозғар сұлу сурет келеді көзге. Ақындық дүниетанымында Қалқаман махаббат пен табиғатқа егіз құбылыс ретінде қарайды. Ой мен сезімді табиғаттың әсем көріністерінен алады. Өз сезімін соған балама етіп ұсынады. Өмірге, ғаламға, шексіз құштар ақынның, шынайы көңілі ылғи тазалыққа, нәзіктікке, сұлулыққа іңкәр. Ол әр өлеңінен байқалып тұрады. Мысалы:
Сары түсті сағыныштан 
Күз моншақ,
Тағып алып тағы келді бізді аңсап.

Немесе, 
Қызыл іңір. Барады Күн қанталап.


Қыр астынан келеді Ай түнді арқалап... 
Қанталап Күн батқасын, Айдың түнді арқалап шығуы да нанымды бейне. Әдемі жеткізген. 2.Ақынның сезім болып төгілген жібек жырлары
Тәуелсіздік тұсындағы орта буын ақындарының арасында Қалқаман Сариннің өлеңдері көпшілікке жақсы таныс. Оның сөзіне жазылған эстрадалық әндер көңілді кештердің, той-домалақтың сәнін кіргізіп жүр. Ақынның лирикалық жырлары талай жастардың мұң-қайғысына ортақтасып, балаң сезімнің желігін басты. Оның жеке басының танымалдығы эстраданың маңдайалды жұлдыздарынан кем емес. Әрине, әдебиетсіз эстрада болмайды.
Жібексезім – Жүрексөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған.
Қалқаман Сариннің баладай аңғал, даладай жомарт шынайы поэзиясын оқып, кейде сүйсініп қаласың. Мұқағали Мақатаевтің қызы Майгүлге жазған өлеңі сияқты өрілген ақынның «Қызым менің» деген жап-жақсы өлеңі бар. Бұл өлеңде ақын мораль мен этиканы ұмытып, қызымен қарапайым әрі еркін тілдеседі. Өлеңнің әр жағынан шынайылықтың лебі еседі. Бұл өлеңді кез келген әкенің қызғалдақтай аялап өсірген қызына айтқан ақ тілегі деп қабылдауға болады.
Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.
Ақынның имандай сезімінің лебі есетін бұл өлең сенімді шыққан. Өзіне артылған жүкті орындап, мақсатына жеткен. Қаламгер мен оқырманның арасындағы комбинация, ықпалдасу, өзара түсінсу бұл өлеңде әдемі суреттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет