арат Төлегенұлы Жыланбаев (19. 8. 1963 ж. т., Қарқаралы ауданы) – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықар. дәрежедегі спорт шебері (1993). 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші.
Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Әкесі - Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы - Жыланбаева Қаден.Ата-аналарынан ерте айырылған.1-шi мен 8-шi сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқыған және тәрбие алған. Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист.
1986 жылдан - суретші-безендіруші.
1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан.
1990 жылдан - «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген.
1991 жылы-КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Федор Склокинде жаттыға бастаған.
1992 жылы қыркүйек айында-Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2-шi орын алды
1992 жылы қазан айында-Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-шi орын алды.
1992 жылы-7 күн-7 марафон халықаралық супермарафонында 2-шi орын алды.
1993 жылы шілде айында-Нанисавик аралындағы жүгіру жарысында 2-шi орын алды.
1994 жылы шілде айында Өлі жазығы супермарафонында 2-шi орын алды.
1996 жылдан бері - жеке кәсіпкер. Екібастұз қалалық мәслихатының 2-ші және 3-ші шақыруларының депутаты (1999-2007). Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз қ.), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті. Гиннестің рекордтар кітабында 7 рекорды енгізілген (1991-1995). Халықаралық кластағы спорт шебері (1994).
Суасты құралдарын жасаудағы ғылым жетістігі
Дербес су асты көлігін (ДСК)- "суасты роботы" деп те атайды. Кейде "операторсыз суасты көліктері" деп аталатын бұл құрылғылар батареялар мен отын элементтерінен қуат алып, судың 6000 метр тереңдігінде жұмыс істей береді. "Дип Дрон 8000" деп аталатын робот 2500 метр тереңдікте жұмыс істеуге қабілетті Көліктің гидролокаторы, құралдармен жұмыс істеуге және жабдықтарды бекітуге қабілетті екі манипуляторы бар. Алты аяқты "Скорпион"- көбіне мұнай өңдеу өнеркәсібі сияқты өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын, жалпы жұмыстар істеуге арналған суасты роботы. "Талисман" деп аталатын суасты роботын Жер серігі арқылы міндеттелген тапсырманың орта жолында қайтадан бағдарламалауға болады. Оның суретке түсіру құрылғысы, қоршаған орта тетіктері бар.
Жылқыны алғаш қолға үйреткен-қазақ даласы
Ботай мәдениеті - жылқының ең алғаш қазақ даласында қолға үйретілгеніне дәлел 2018 жылғы 4 желтоқсан 14:53Бөлісіңіз: АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жылқының тұңғыш рет қазақ даласында қолға үйретілгенін дәлелдейтін Ботай мәдениетін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл пікірді Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Асхат Байұзақов "Алматы ақшамы" газетінде бөліскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кітапхана директоры Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын бір деммен оқып шыққанын айтты. «Риза болдым. Қазақ екендігіме тағы бір мақтандым. «Қаны бір түркі халықтары тарихының әлемдегі көне өркениеттермен терезесі тең тұрғанын халқымыздың бүгінгі буын ұрпағына қалай түсіндіре аламыз?» деген мәселеге осы мақала жауап береді және келешекте бағдар ретінде қызмет етеді деген ойдамын», - деді ол. Асхат Байұзақов қазақ халқының тарихын ғана емес, алдымен ұлы далада өмір сүрген ежелгі протомемлекеттер тарихын оқып, үйренуіміз қажеттігін алға тартады. Оның пайымынша, түпкі тарихын біліп, онымен ұрпақтың мақтаныш сезімін, рухын ояту заман талабы. «Біздің эрамызға дейін Қытайды тізе бүктірген ғұн патшасы Мөде қағанның тарихын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мұндай көне тарих посткеңестік мемлекеттерде кімде бар? Ал сақ дәуіріндегі алтын адамдар ше? Ол - ежелгі Мысыр пирамидаларынан кейінгі ерекше көзге ұратын тарихи құбылыс. Қазақ археологтары қазба жұмыстардың нәтижесінде ежелгі сақ тұрмысы мен қазақтың ХVІІІ ғасырдағы тіршілігінде айырмашылық жоқ деген көзқарасты ұстанып отыр.
Көшпелілер киімі
«Қазақша киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен, оларда тікелей киімге қатысты мағлұматтар жоқтың қасы. Өкінішке орай, көне тарих жайлы көптеген мағлұматтар жинақталған қытай, араб, парсы, армян жазба деректері бұл тұрғыдан әлі зерттелмей келеді. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан да қазақша киім туралы деректер табыла бермейді», - дейді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем-сурет факультетінің аға оқытушысы Ақмарал Сманова. Педагогика ғылымдары кандидатының айтуынша, ұлттық киім - бай тарихи-мәдени мұра. Оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы халықтың хал ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Шетелдік зерттеушілерлердің сөздеріне қарағанда, қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде орта ғасырлардағы түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу пішіні тәсілінде сабақтастық сақталған. Олар адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық, қаусырылатын кеуде киімі - шапанды адамзат өркениетіне қосқан. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың 20-жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.Руденко күпінің қазаққа кем дегенде бұдан 2 мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеген.
Қазақстан-«ядросыз әлем»қозғалысының көшбасшысы
«Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Жарлығының шыққанына биыл 26 жыл болды. Кеңестік әскери арсеналдан мұра болып қалған әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тарту жөніндегі өркениеттік маңызы орасан тарихи актіге 1991 жылы 29 тамызда қол қойылған еді.
Семей сынақ ядролық полигоны жабылған соң, Ресейдің Жаңа жердегі сынақ полигоны, АҚШ аумағындағы америкалықтар мен ағылшындар ядролық сынақ өткізіп келген «Невада» полигоны, француздардың Тынық мұхиттағы полигоны және қытайлықтардың Лобнор ядролық сынақ алаңы өз жұмысын тоқтатты. Жер шарының кез-келген нүктесіне жетерлік бір мың екі жүз ядролық оқтұмсығы бар 110-нан астам баллистикалық зымыранды құрайтын мөлшері жағынан әлемдегі төртінші ядролық әлеует АҚШ және Ресеймен бірлесе отырып, залалсыздандырылды. 2006 жылдың қыркүйегінде аймақтағы өзге де елдермен бірге Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялаған Семей келісіміне қол қойылды. Келісімге қазірдің өзінде 200-ге жуық мемлекет қосылып, 150-ден астамы ратификациялады.
Бүгінде полигон территориясында өлі тыныштық. Тірі жан жоқ. Дәл осы жерде 1949 жылы қуаттылығы 20 килотоннаға жететін Семей полигонының тарихындағы ең бірінші ядролық жарылыс жасалды дегенге сену қиын. Алғашқы атом жарылысынан тек Семей облысының 200 мыңнан астам тұрғыны 100-ден 200-ге дейінгі рентген шамасында радиация алды. Аса күшті зарядты жарылыстар кезінде радиация мөлшері 300 рентгенге дейін жетті. Соның салдарынан 1949-1963 жылдар аралығында 2 млн астам адам айықпас дертке ұшырады, иә болмаса бақилық болды. Кеңес Одағының ядролық тарихы басталатын бұл жердің радиациялық фоны рұқсат берілген мөлшерден мың есе артық. Бұл – полигонның ең лас нүктесі, мамандардың тілімен айтқанда ядролық сынақтардың кіндігі. Аса қауіпті жер – атом көлі. Оның төңірегіндегі жағдай сын көтермейді. Радиациялық мөлшері әлі күнге дейін 500 микрорентген, яғни белгіленген нормалардан ондаған есе жоғары. Көлдің жанындағы жердің радиобелсенділігін арнайы құралдар да анықтап отыр. Семей полигонына қатысты тағы бір мәселе – скважиналар. Жер астында жарылыс жүргізілген жер – скважинаның тек қана «Балапан» алаңында жүзден астамы бар. Кезінде бетондалған болатын, қазір күл-талқаны шыққан. Ал, қолдан жасалған су қоймасы Дегелең маңында 1965 жылғы термоядролық заряд жарылысының нәтижесінде пайда болды. Бұл халық шаруашылығының қажеттілігіне бағытталған бірінші өндірістік жарылыс еді. Су қоймасы еліміздің шөлді аймақтарына мал мен өсімдікті
Біріккен ұлттар ұйымы
Достарыңызбен бөлісу: |