Алауханов Есберген Оразұлы – 19 мамыр 1958 жылы туылған



Дата25.02.2016
өлшемі26.25 Kb.
#20886

Алауханов Есберген Оразұлы – 19 мамыр 1958 жылы туылған.


Еңбек жолын 1976 жылы Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, «Красная звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі болып бастаған. 1981 - жылдан Сарыағаш аудандық халық сотында сот мәжілісінің хатшысы болып құқық қорғау органдарында жұмысын бастаған. В.И. Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік университетінің заң факультетін, Саратов жоғары милиция мектебін, Қазақ–Түрік халықаралық университетінің экономика факультетін бітірген.

18 наурыз 1993 ж. Сарыағаш аудандық халық сотының төрағасы, 7 қараша 1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық соты - қылмыстық істер алқасының төрағасы, 2000 жылдың 30 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы, 2001-2004 жылдары Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық қаржы полицияларының бастығы қызметтерін атқарды.

Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының Бақытжан Қаратаев атындағы сыйлығының лауреаты (1995), ҚР-ның «Мәдениет қайраткері», заң ғылымдарының докторы, профессор (2004). Санкт-Петербург Криминологтар клубының мүшесі, Қазақстан Криминологтар қауымдастығының құрметті профессоры.

Көлемі 300 баспа табақтан асатын 250-ден аса ғылыми жұмысы, оның ішінде 20-дан аса монография, оқулық жарияланған: «Уголовный Кодекс Казахстана. Каким ему быть?» (1990), «Квалификация хищений, совершенных по подложным документам» (1994), «Қылмыстық құқық. Оқулық (Ерекше бөлім)» (2000), «Рэкет. Күресу проблемалары» (1995), «Проблемы правовой борьбы с вымогательством» (1997), «Криминологические проблемы предупреждения корыстно-насильственных преступлений» (Санкт-Петербург, 2005), «Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алу проблемалары» (2005), «Криминология» қазақ және орыс тіліндегі тұңғыш оқулықтар (2005-2008), «Борьба с коррупцией» (2008), «Профилактика преступлений» (2008), «Налоговые преступления» (2008), «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім» (2008), «Преступные насилия в отношении женщин» (2008), «ҚР Қылмыстық кодексінің түсініктемесі» (жауапты редакторы, 2008).

Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған, 16 қараша 2000 жылы облыстық Әділет басқармасының басшылығымен Өскемен қаласында (сыбайлас жемқорлыққа қарсы) Республикалық ғылыми практикалық конференция өткізілді, 2003 жылдың 12 ақпанында Өскемен қаласында Қазақстан және шетел ғалымдарының қатысуымен өткен «Мемлекеттік тілдің даму барысы туралы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы болды.

Республикалық баспасөздерде шытырман оқиғалы шығармалары, «Ажалдың түсі», «Қасиетті мекендегі қала» т.б. көркем шығармалары жарық көрді. Аударма саласында да жемісті еңбек етіп жүр.

1999 жылдың қыркүйек айында № 57 Сарыағаш сайлау округі бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып қатысты. «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Е. Алаухановтың ғылыми жетекшілігімен 10-нан аса докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды және оның жетекшілігімен 20-дан аса ізденуші ғылыми жұмыспен айналысуда.

ІІМ Академиясы «қылмыстық құқықтық саясат және криминология» кафедрасының профессоры, 12.00.08, 12.00.09 мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациялық кеңестің төрағасы (2006-2007), 12.00.08, 12.00.09 мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы (2008). Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті диссертациялық кеңесі және Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз – Ресей Славян Университеті диссертациялық кеңестерінің мүшесі.

«Научный Мир Казахстана» ғылыми журналының бас редакторы, республикалық «НҰР ОТАН» партиясы Алматы филиалының саяси кеңесінің мүшесі.

1 қыркүйек 2008 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің «сот билігі және қылмыстық іс-жүргізу» кафедрасының меңгерушісі.

Қазақстан криминологтар қауымдастығының вице-президенті.


E-mail: doctor.u@mail.ru

Ұялы: +7 701 111 8828

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет