/ алимент мөлшерін азайту туралы / 16 мамыр 2006 жылғы Шет аудандық сотының сот бұйрығының негізінде менен 12.12.1996 жылы туған қызым-Алияны асырап сақтауға жауапкер Идрисова Айгуль Идрисовнаның пайдасына еңбек ақымнан ¼ мөлшерінде алимент өндіріледі.
Одан басқа 20.02.2009 жылғы Шет аудандық сотының бұйрығымен менен ұлым-Алишер-15.09.2000 жылы, ұлым-Алибек-18.06.2002 жылы, қызым-Амина-08.03.2006 жылы туған балаларды асырап сақтауға жауапкер Ахметова Гульмира Токеновнаның пайдасына еңбек ақымның ½ мөлшерінде алимент өндіріледі.
Менен өндірілген алименттің жалпы көлемі менің еңбек ақымның72%-ын құрайды және ол заңмен қарастырылған мөлшерден асады.
ҚР «Неке және отбасы» Заңының 125 бабына сай С Ұ Р А Й М Ы Н :
Шет аудандық сотының 16 мамыр 2006 жылғы және 20 ақпан 2009 жылғы сот бұйрықтары бойынша алимент мөлшерін Идрисова Айгуль Идрисовнаның пайдасына 12,5% Ахметова Гульмира Токеновнаның пайдасына 37,5%-ға еңбек ақымнан азайтуды.
Тіркемеде:
1. Талап арыз 2 дана.
2. Неке қию туралы куәлік /көшірмесі / ;
3. Балалардың туу туралы куәліктерінің / көшірмесі /;
4. Мекен – жай туралы анықтамасы;
5. Тараптардың жеке куәлік / көшірмесі / ;
6. Алиментөндіру туралы сот бұйрықтарының / көшірмесі /;
7. Талапкердің еңбек ақысының және отбасы туралы анықтамасы.