Шәкіров Кәрімжан Нұрымұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қаласында 1954 жылдың 5сәуірінде дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік аяқтап, , жолдамамен криминалистика кафедрасына ассистенттік лауазымға жіберілгеннен кейін , 1979 жылдан ғылыми-педагогикалық қызметін іске асыруды бастады.
ҚазМУ-дың аспирантурасын тәмамдаған соң, 1990 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады. 2002 жылы Қырғыз-Ресей Славян университетінде докторлық диссертациясын қорғады. 2011 жылы Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі білім саласын бақылау комитетінің «Құқықтану профессоры» құрметті атағы берілді.
1985 жылы біліктілікті арттыру мақсатында Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы БКИ-дан өтті. 2011 жылы Гамбургте өткен халықаралық семинарда «Жоғарғы білім, білімділік саясаты және Германия университетінің бейнесі» атты тақырыпта, 1999 жылы АҚШ-та USAID халықаралық бағдарламасы бойынша заң саласындағы білімді ұйымдастыруды зерттеу мақсатында «Құқық мектебінің жұмыстарын басқару және АҚШ-та құқықты оқыту», 1998 жылы «Сорос-Қазақстан» Қоры құқықтық реформасының бағдарламасы бойынша Будапештің СOLPI институтында машықтанудан ( сынақ мерзімі) өтті. Венгрия, Будапешт, Еуропалық Құқық академиясының мүшесі.
Тәжірибелік жұмыста 1990-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ ҰЗИ-да соттық сарапшы, ғылыми ақпарат және сараптық тәжірибені талдап қорыту бөлімінің меңгерушісі, 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы орынбасарының кеңесшісі, конституция тәжірибесін талқылау бөлімінің меңгерушісі, 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ақпаратты-аналитикалық орталығындағы құқықтық ақпарат секторының меңгерушісі ,1995-1997 жылдары Қазақ ұлттық Заң институтының кафедра меңгерушісі,1997-2007 жылдары Құқықтық Академия колледжінің - Жоғарғы құқық «Әділет» мектебі проректоры, директоры қызметін атқарды.
1997-1998 жылдары «Сорос-Қазақстан» Қорының құқықтық реформа бағдарламасының сарапшысы; 2006-2008 жылдары Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі жанындағы Республикалық Оқу- Әдістемелік бірлестігінің «Құқық» мамандықтары тобының мүшесі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы «Құқықтану» мамандығы бойынша диссертация кеңесінің мүшесі. «Құқық және заң» және «Әділет- ғылыми еңбектер» журналдарының редакция алқасының мүшесі, «ҚазҰУ Жаршысы» журналының «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық» сериялары бойынша редакция алқасының бас редакторы.
Қазіргі таңда: ҚР СІМ сыртқы саясат Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президент жанындағы стратегиялық зерттеулердің Қазақстандық институтының Қазақстан-Ресей сараптама Кеңесінің мүшесі, ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Төрелік сотының мүшесі, ҚР-сының криминалистер Ассоциациясының вице-президенті.
Құқықтың өзекті мәселелері: қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот сараптамасы және оқытушылық қызметі бойынша 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы. ҚР Парламенті және ҚР Әділет министрлігінің жобалары бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде бірнеше рет ресми шешімдер ұсынды.
2005 жылы «ҚР Конституциясына-10 жыл» медалі және 2009 жылы «ҚазҰУ-ға 75-жыл» мерейтой медалімен марапатталды. «Сот сараптамасы: теория және тәжірибе мәселелері» монографиясы «Әділет» құқықтану Академиясының ««Әділет» Академиясының он ең үздік басылымдары» дипломымен марапатталды.
2013 жылы ҚР-дың ғылым және білім министрлігінің республикалық байқауының қорытындысы бойынша «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атағы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |