Алда алар асулар ауқымы кең
Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Б. Батырбаевтың 2015 жылы атқарылған жұмысы және 2016 жылға арналған жаңа міндеттер туралы есебінің тезистері
1. БЮДЖЕТ
2015 жылға ауданның бекітілген бюджеті 4123,4 млн. теңге. Оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен түскен жәрдемқаржы мен трансферттер 3154,4 млн. теңге, өзіндік кіріс 970 млн. теңге.
Ұлан ауданының 2015 жылдың 31 желтоқсанына бюджет 3856,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде өзіндік кіріс 900,6 млн. теңге, бұл жалпы түсімнің 23,7 % құрайды.
2. ӨНЕРКӘСІП
2015 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 3873,3 млн. теңгені құрайды. Өнеркәсіптік өнімдер көлемі 15246,4 млн. теңгені құрайды.
2015 жылы 176 кіші бизнес кәсіпорны тіркелген, 2014 жылмен салыстырғанда 10%-ға көбейді. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 6,8 %-ға көбейді және 125 бірлікті құрады. Кіші бизнестің белсенді үлесі 86 бірлікті құрады.
Өнеркәсіптік өнімдердің негізгі үлесін (90,7%) өңдеу өнеркәсібі құрайды. 2015 жылдың өндіру көлемі 13822,9 млн. теңгені құрады.
2015 жылдың қаңтар-қараша айларына аграрлық секторда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 20 130,5 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,6 % артық.
2.1. Үдемелі индустриалды
инновациялық даму бағдарламасы
ҮИИБ мемлекеттік бағдарламасының аясында ауданда 3 инвестициялық жоба жасалды, оның ішінде:
- жылына 20 мың тоннаға дейін ет өндіруге «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кеңейту, бүгінгі күні жоспардан 24 мың тонна өндірілуде.
- құны 150,0 млн. теңгелік полиэтиленді құбыр өндіру зауыты «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС.
- құны 1779,0 млн. теңгелік «Айтас КК» ЖШС еттен жасалған тағамдар мен үй құсы етінен жасалған тағамдар өндіру бойынша зауыт құрылысын салу.
Сонымен қатар, балық өнімдерінің маңызды өндірісін жасау және оны Қазақстан нарығына және одан тыс жерлерге шығару мақсатында Саратовка ауылының маңайында 2014-2016 жылдарға арналған «Уылдырық пен Бестер гибриді тұқымының бекіре балығының етін өндіру» жобасы жүзеге асырыла бастаған. Өтініш беруші «OstFish» ЖШС.
Жүзеге асырылу мерзімі 2014-2021 ж.ж.
Жобаның жалпы құны 1881,6 млн. теңге, оның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ қарызға алынатын қаражат 1 599,3 млн. теңге және өзіндік қаражат 282,2 млн. теңге.
Технологиялық құрал-жабдықтар SIA «AKVAFerma» (Латвия) компаниясынан жалға беру бойынша 521 млн. теңгеге алынады.
Құрылыстың жалпы сметалық құны 2014-2015 жылдардың бағасымен - 41,755 млн. теңгені құрайды.
Жүзеге асыру мерзімі 2014-2021 жылдар.
«Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша Тарғын ауылында «Болашақ» ШҚ «Заманауи орамасымен, өндірістік толық кезеңмен жоғары сапалы ет өндіру бойынша сатылас-біріктірілген компания құру» жобасын іске асыруда.
Жоспарлау қуаты: сиыр етін өндіру – жылына 200 тонна, жылқы еті – жылына 100 тонна, қой еті – жылына 40 тонна. Құрал-жабдықтар Ресейден, Словакиядан және Қазақстаннан алынды.
2.2. Мал шаруашылығы
Ауданның ауыл шаруашылығы мал өсіруге бағытталған. Қазіргі уақытта ауданда 39 асыл тұқымды шаруашылық қызмет жасауда, оның ішінде ет бағытында – 9, сүт бағытында – 4, қой шаруашылығы – 6, жылқы шаруашылығы – 8, бал шаруашылығы – 10, марал шаруашылығы – 1 және шошқа шаруашылығындағы –1 шаруашылық. Ірі қара шаруашылығында асыл тұқымды мал үлесі – 15,2%, қой шаруашылығында – 9,3%, жылқы шаруашылығында – 16,7%, марал шаруашылығында – 100%, бал шаруашылығында – 45,6%, шошқа шаруашылығында – 100%.
Ауданда бүгінгі күні 11 ірі қараны жемдеу алаңдары бар. Осы кәсіпорындарда 524 тонна сиыр еті өткізілді.
Ірі қара мал басы 52,7 мың басқа дейін өсті, оның ішінде сиырлар 22 мың басқа дейін (өсім 4,4%-ға), қой мен ешкі 103,7 мың басқа дейін (9,2%-ға), жылқы 21 мың басқа дейін (12,1%-ға), шошқа 7,4 мың басқа дейін (25,8 %-ға), құс 1,5 млн басқа дейін өсті.
32,1 мың тонна ет өндірілді (өсім 6,5%-ға), сүт – 53,4 мың тонна (өсім 3,4%-ға), жұмыртқа – 21,2 млн. дана (өсім 9,8%-ға).
Ауданның мал шаруашылығын дамытудың басты мақсаты - тауарлы - сүт фермалары мен жемдеу алаңдарының құрылысын салу, қайта құру, асыл тұқым сапасын жақсарту және жасанды ұрықтандыру жолымен асыл тұқымды сиырлардың санын көбейту.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Бозанбай ауылдық округінде 600 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 137 бас жылқы алынды. Берілген несиенің жалпы соммасы – 50,8 млн. теңге. Өзіндік қаражат есебінен ауылшаруашылығын қалыптастыруға 823 бас ірі қара және 254 бас жылқы, 834 бас ұсақ мал сатып алынды.
2.3. Тауарлы - сүт ферма құрылысын
салу
«100 нақты қадам» ұлт Жоспарының 60-шы қадамы сүт пен сүт тағамдарын өндіруге бағытталған. Осыған байланысты ауданда өткен жылы тауарлы - сүт ферма құрылысын салу жобалары іске асырылуда, оның ішінде:
1) 100 басқа ТСФ құрылысын салу, «Сагинкумаров» ШҚ, 117,1 млн. теңге –жоба 2015 жылдың 19 маусымында аяқталды, нысан іске қосылды, «ДеЛаваль» фирмасының жабдықтары сатып алынды, 100 құнажынның ішінде 60-ы төлдеп сауылуда. 55 га суармалы жер пішендемеге көпжылдық шөп тұқымын себу үшін берілді. Сүт сауыны бір сиырға 12,5 литрді құрайды.
2) 100 басқа ТСФ құрылысын салу, «Айтқазин» ШҚ, 110,0 млн. теңге – құрылыс аяқталды. Жабдықтар орнатылды, 120 га суармалы жер бөлінді. Бүгінгі күні 100 сиыр сауылуда.
3) 600 басқа ТСФ құрылысын салу, «Багратион-2» ШҚ, 497,0 млн. теңге – сауын ғимаратының құрылысы аяқталуда, техника мен сүт сауу жабдықтарын жалға алып пайдалану туралы келісім шарты қолдау тапты. Іске қосу 2016 жылдың наурыз айына жоспарлануда.
4) 200 басқа ТСФ құрылысын салу, «Борсақ» ШҚ, 45,6 млн. теңге . Іске қосу 2016 жылдың қарашасына көзделген.
5) 100 басқа ТСФ құрылысын салу, «Тоғанас» ШҚ, 38,0 млн. теңге. 2016 жылдың қарашасына іске қосу көзделген.
6) 400 басқа ТСФ құрылысын салу, «Қайрат» ШҚ, 119,5 млн. теңге – қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталды. Іске қосу 2016 жылдың ақпанына жоспарланған. Сүрлем үшін жүгері өсіруге пайдаланылатын 300 га жер бар.
2.4. Өсімдік шаруашылығы
Егіндік алқаптың жалпы көлемі – 122 мың гектар.
Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егістік алқабы өткен жылғыдан 1,9%-ға өсіммен 42,1 га құрады, зәйтүн – 26,6 га өткен жылғыдан 16,1%-ға төмендеуімен, картоп – 1,2 га, 15,6%-ға өсіммен, көкөніс –17,4%-ға өсіммен 0,31 га құраса, жемдеу дақылдары өткен жылғы деңгейде себілді.
Картоп, көкөніс және жемдеу дақылдарын егетін алқаптарды ауылдық округтердегі пайдаланылмаған жерлер есебінен ұлғайту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарын салатын алқаптарды әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінді, егіс құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы 34,5 %-ға жеткізілді, жемдеу дақылдары 41,8 %-ға дейін, күнбағыс егіс құрылымында 21,8 %-ға дейін жетті.
Мемлекет тарапынан 2015 жылы 288,2 млн. теңге қаржы төленді, оның ішінде:
Шаруа қожалықтарының өзіндік қаражаты есебінен 151,6 млн. теңгеге 29 бірлік техникалар алынды. «Казагрофинанс» АҚ арқылы 40 бірлік техника бағасы 156,5 млн. теңгеге жалға алынды, сондай-ақ, 66,3 млн. теңгеге 10 бірлік техника алу жоспарлануда.
Ұлан ауданының ауыл шаруашылығын қалыптастыруға күзгі-жинау жұмыстарын жүргізуге 2015 тонна дизельдік жанар май бөлінді.
Ауданда 11128 га суармалы жер бар.
Суарудың су үнемдегіш жүйесі енгізілді – бұл жаңбырлату, оның ішінде «КХ Багратион ВВГ» ЖШС 20 «Фрегат» жаңбырлату қондырғысы қолданылады және «Екимбаев» ШҚ Канадада жасалған 3 «Валлей» жаңбырлату жүйелері және «Украинка» ЖШС 2 «Валлей» қолданылуда. 2015 жылда «Украинское» ЖШС суармалы алқабы 300 га ұлғайтылды.
Ауданда Таврия а/о «Бақбол» ШҚ, басшысы С. Карымбек 60 га және Төлеген Тохтаров а/о «Хан С.Е.» ШҚ басшысы С.Е. Хан 2 га жерге бірінші рет тамшылатып суаруды енгізді.
2.5. Құнсыздану.
Азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлер негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10% үстемелеп сатуды орнату туралы 151 меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ауданда 1642,5 тонна жеміс-көкөніс және тағам өнімдеріне уақытша тұрақтандыру қоры құрылды. Ауылшаруашылық құрылымдарымен 22 меморандум жасалды.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша «Демалыс күн» жәрмеңкесі жаңаша даму үстінде. Жыл басынан бері аудан орталығында 21,3 млн. теңгеге 37 «Демалыс күн» жәрмеңкесі өткізілді. Ұлан ауданы Өскемен, Астана қалаларындағы жәрмеңкелерге белсене қатысады.
Қасым Қайсенов кенті мен Айыртау ауылында жыл көлемінде «Самат» ШҚ, «Береке Агро» ЖШС, «Хан ШҚ», «Хамидова» ШҚ ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылды.
3. ҚҰРЫЛЫС
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-қараша айларына 4011,9 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың 1 желтоқсанына 4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.
Ұлан ауданында жалпы соммасы – 238,0 млн. теңгеге екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдар-ламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»» АҚ тарапынан Қасым Қайсенов кентінде 95 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды. «Нұрлы жол» бағдарламсы аясында Қазақстан ипотекалық компания желісі бойынша 40 және 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Екі тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны 982 млн. теңгені құрайды.
Таврия ауылында 320 орындық мектеп құрылысы басталды. Құрылыстың сметалық жалпы құны: 902 млн 548 мың теңге. 2015 жылға 700 млн теңге бөлінді.
4. ТКШ, АВТОЖОЛЫ ЖӘНЕ КӨЛІК
Ауданда орталықтан су тарту жүйелерінен сумен қамтумен 16 СНП-ға 21225 адам немесе 53,4 % қамтылды.
Сумен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 161,7 шақырымды құрайды, оның ішінде магистральды су таратқыш – 64,6 шақырымды құрайды.
Аудандағы 46 елді мекеннің ішінде 3 елді мекенінде (Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылы және ішінара Бозанбай ауылында) орталықтандырылған су тарту жүйесі бар. Халықты су тарту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 2015 жылға 17,8%-ды құрайды. Кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 17,6 км құрайды.
Ауданда тек қана аудан орталығы – Қасым Қайсенов кенті ғана орталықтандырылған жылумен қам-тамасыз етілген. Жылу жүйелерінің ұзындығы 11,6 км құрайды.
2015 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы соммасы 90,5 млн. теңгеге Қасым Қайсенов кентіндегі орталықтандырылған қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жал-ғастырылуда. Сондай-ақ, «Бизнестің Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша даму қорынан 45,8 млн. теңге 5-ші қазандықты ауыстыруға бөлінді.
4.1 Тұрғын үй мәселесі
2015 жылдың 1 қарашасына барлығы аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж 720 отбасы кезекте тұр, оның ішінде:
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 86 адам,
- халықтың әлеуметтік – қорғалатын тобы – 333 отбасы
- бюджеттік сала қызметкерлері – 301 отбасы.
4.2 Автожолдар және көпірлер
2015 жылы су тасқыны салдарынан зақымданған төрт көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұлар Тайынты, Тоғанас және Герасимовка, Привольное ауылдарындағы көпірлер. Сондай-ақ, республикалық тас жолдан бастап Ұлан ауылына дейінгі жолдың шұңқырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
4.3 Абаттандыру
Аумақтарды дамыту бағдар-ламасының аясында 37,4 млн. теңге бөлінді. 2015 жылы Айыртау, Саратовка, Ұлан, Асубұлақ ауылдарында және Қасым Қайсенов кентінде 5 балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Жеңістің 70-жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы жылдарында қаза болғандарға арналған Батырлар аллеясы ашылды. Аллеяда Кеңес Одағы Батырларының және Халық Қаһарманы Қ.Қайсеновтың бюсттері орнатылған, және Қ.Қайсеновтың туған жері Асубұлақ кентінде оның бюсті орнатылды. Өскемен құс фабрикасы саябағының құрылысы аяқталуда. «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентіндегі №18 және 22 үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеудің жалпы сметалық құны 47 млн. теңгені құрайды.
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2015 жылға қаржыландырудың барлық көздері есебінен ауданның аз қамтылған азаматтарына қолдау көрсетуге 19,6 млн. теңге бөлінді.
Зейнеткерлердің жалпы саны 5828 адамды құрайды, оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар – 10 адам;
- Ұлы Отан соғысының мүгедегі – 1 адам;
- Мүгедектер – 1302 адам;
- Мүгедек балалар – 104.
Мүгедектерге әлеуметтік тифлоқаржы, сурдоқаржы, кресло, жеке гигиеналық құралдар түрінде көмек көрсетіледі. Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне жалпы соммасы 31,8 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Облыс әкімінің гранты бойынша қазіргі уақытта жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 16 студент білім алуда.
2015 жылы 11 студент оқуларын бітіріп, Ұлан ауданына жұмысқа орналастырылды.
2015 жылдың 1 желтоқсанына көр-сетілген көмектер:
- 27 отбасына соммасы 3 млн. теңгеге мекен-жайлық әлеуметтік көмек;
- 12,5 млн. теңге соммасында 725 отбасына тұрғын үй көмегі;
- 18 жасқа дейінгі 1132 балаға 21,3 млн. теңге соммасында жәрдемақы;
2014 жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 71%-ға (174 адамға) азайғанын атап өтуге болады. (азаю аз қамтылған отбасыларын «Өрлеу» жобасына тарту есебінен болып отыр.)
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті 44 отбасы немесе 201 адам 20,718 млн. теңге соммасында алды.
5.1. Жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар есебінде тұрғандар саны 2015 жылдың 1 желтоқсанына 164 адамды құрайды, жұмыссыздар үлесі 0,7 %.
Халықты жұмыспен қамту саласын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспарында қарастырылғаны:
- 474 адамды жұмысқа орналастыру, жұмысқа нақты орналастырылғаны 634 адам.
- 610 жаңа жұмыс орындарын құру, 640 жаңа жұмыс орындары нақты құрылды;
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға 662 жұмыссыз адам жіберілді;
- Кәсіби даярлау және қайта даярлауға 50 адам жіберілді.
- «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 14 жоғары оқу орындары мен колледж бітірушілер жолданды.
- «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Парасат», «Ырыс», «Айдын», «Талап», «Ерназ», «Дирмен», «Мерей», «Азамат» шаруа қожалықтарына 17 адам жіберілді.
2015 жылы ауданда барлығы 11 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке нәтижесінде 16 адам жұмысқа орналасты, 7 адам оқуға жіберілді, жастар іс-тәжірибесіне 4 адам, және қоғамдық-ақылы жұмыстарға – 10 адам жіберілді. 103 адамға кеңес берілді.
2015 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 43 мүгедек жүгінді. Оның ішінде 7 адам жұмысқа орналасты, 28 адам қоғамдық-ақылы жұмыстарға жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, кәсіби оқуға 2 адам жіберілді.
1992 жылдан бастап Ұлан ауданына 9712 оралман қоныстанды. Бүгінгі күні 796 отбасы 3951 адам тұрады. Оралмандар тарапынан 157 шаруа қожалығы ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығын жүргізуге оған 18 мың гектар жер бөлінді.
5.2 «Жұмыспен қамту
жол картасы 2020»
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2015 жылға 242 млн. теңге қаржы бөлінді.
1-бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету». 32,6 млн. теңге соммасына 2 жоба іске асырылып, 13 жұмыс орны ашылды. Таврия ауылындағы мәдениет үйі мен Асубұлақ ауылындағы мектеп жөнделді.
2-бағыт «Жеке кәсіпкерлер бастамасын қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту жолымен кәсіпкерлік арқылы жұмыс орындарын құру». Жалпы соммасы 201 млн. теңгеге 28 жоба іске асырылды. 4 жоба - ТСФ ашу бойынша, 3 жоба сүт жинау пунктін ашу бойынша, 2 жоба сервистік қызметке бағытталған, 15 жоба мал шаруашылығын дамытуға және 1 жоба көкөніс шаруашылығын дамыту бойынша.
3-бағыт «Жұмыс берушінің шынайы сұранысын ескере отырып, оқыту және жұмысқа орналасуы мен қоныс ауыстыруына ықпал жасау».
2015 жылы ауданға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағытының алғашқы бөлігін жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 46 адамға 8, 818 млн. теңге бөлінді. 2015 жылғы 1 желтоқсанға:
- мамандарды қайта даярлауға –2 млн. теңгеге 10 адам жолданды.
-жастар іс-тәжірибесіне – 1,9 млн.теңгеге 14 адам жолданды. -
-әлеуметтік жұмыс орындарына – 1,1 млн. теңгеге 12 адам жұмысқа орналастырылды.
6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданның денсаулық сақтау саласының жүйесінде Таврия ауылындағы орталық аурухана, Асубұлақ кентінде 1 ауылдық аурухана, 10 емханалық амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт бар.
Ауданда туу көрсеткіші 2014 жылдың деңгейінде. 2014 жылмен салыстырғанда жас сәби өлімі төмендеді. (2014 жылдың 11 айына – 9, 2015 жылдың 11 айына - 5).Босануға қабілетті әйелдердің үлес салмағы 36,2%-ды құрайды. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Жалпы аурумен ауыратын тұрғындар 20864 адамнан 20412 адамға дейін төмендеді.
7. БІЛІМ
2015-2016 оқу жылдарына аудан бойынша 34 мектеп білім беруде.
Орыс тілінде оқытатын – 4 мектеп;
Аралас тілдегі – 18 мектеп;
Қазақ тілінде оқытатын – 12 мектеп.
Орта мектептер – 24 ( барлығы 4095 бала)
Негізгі мектеп – 9 (барлығы 296 бала)
Бастауыш мектеп – 1 (барлығы 4 бала)
Типтік ғимаратқа орналасқан мектептер, барлығы-28
Бейімделген ғимараттарда -6 ,
Аз жинақталған мектеп, барлығы – 24, толық жинақталған -10.
Жыл басындағы оқушылар саны – 4395 оқушы.
Ауданда әдіскерлік бөлім құрылған. Оның көп бағдарлы жұмысының нәтижесінде Ұлан ауданы тек облыстық деңгейде ғана емес республикалық деңгейде де жүлделі орындар алуда.
Соңғы 3 жылда бірінші рет біздің оқушылар республикалық деңгейдегі жүлдегері, халықаралық грант иегері атанды, және бұл беталыс жалғасын табады.
Өткен жылдармен салыстырғанда ҰБТ көрсеткіші бойынша Ұлан ауданы 86,5 балл жинап, облыс бойынша 3 жүлделі орынға ие болды.
7.1. Балабақшалар
2015-2016 оқу жылдарына «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 172 млн. теңге бөлінді.
Аудан бойынша 34 мектепке дейінгі мекемелер, оның ішінде 10 балабақша, оның ішінде 4 жекеменшік, 3 «мектеп–балабақша комплексі», 24 шағын орталық бар. Мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 7 балабақшада және 3 мектеп-балабақшада 756 бала қамтылған, мектептердегі 24 шағын орталықтарда 617 бала қамтылды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылу үлесі – 84,2%, 3 жастан 6 жасқа дейін -100%.
2015 жылы Айтықов ауылында 50 орындық «Толағай» жеке меншік балабақша ашылды. Сондай-ақ, 17 млн. теңгеге «Айжұлдыз» балабақшасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 150 балаға арналған 4 топ ашылды.
2015 жылдың маусым-шілде айларына жазғы жұмыспен қамтудың әр түрімен 3699 адам қамтылды. Оның ішінде 1122 бала - бұл өмірлік ауыр жағдайдағы (көпбалалы отбасының, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар т.б.)
2015-2016 оқу жылдарында білім беру мекемелеріне 26 жас маман жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде: 16- жоғары білімді, 1-магистр, 10 -облыс әкімінің гранты бойынша оқығандар.
8. МӘДЕНИЕТ
2015 жыл біздің ауданның мәдениет саласы үшін өте сәтті жыл болды. Өткен жылы мерейтой күндеріне арналған шаралар жоспарға сәйкес өткізіледі. Біздің шығармашылық ұжымдардың жетістіктерін атап өткім келеді:
Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген ХІХ халықтық ойындарда киіз үй байқауынан Ұлан ауданы бас жүлдеге ие болды. 6 шілдеде Астана күні құрметіне «Бескөл» фольклорлық ансамблі Астана қаласында өткен республикалық байқауда өз өнерін көрсетіп бас жүлдеге ие болды. 20 шілдеде республикалық ақындар айтысы өткізілді, 11 қыркүйекте біздің аудан «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында облыс орталығын қала күнімен құттықтау құрметіне ие болды, 16 қыркүйекте қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізілді.
9. СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Ұлан ауданында 225 спорттық жабдықтар бар, оның ішінде 32 футбол алаңдары, 35 қосалқы спорттық залдар, 10 хоккей қорапшалары, 4 спорттық кешендер, 46 спорт залдары, 3 жасанды төсем стадион.
Ауданда спорттың 20 түрі дамыған. Оның ішінде спорттың 7 түрінен (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі, шайбалы хоккей, футбол, волейбол, көкпар) біздің спортшыларымыз облыстың құрама командасының құрамына енгізілген.
Олар облыстық, Республикалық, Азиялық және Дүниежүзілік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Тұрғылықты жерде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау мақсатында ауданда 202 секция құрылып жұмыс істеуде, онда 2720 балалар мен жасөспірімдер шынығуда.
Ауданда 65 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді. Жаппай спортпен 13360 адам қамтылған, бұл аудан халқы санының 33,1%.
2015 жылдың 16 мамырында Өскемен қаласында өткен білім қызметкерлерінің ІІІ спартакиадасында Ұлан ауданы мұғалімдерінің құрама командасы облыс орталығының мықты командасын ғана алдына түсіріп, ІІ орынға ие болды.
2015 жылдың 10 маусымынан 16 маусымына дейінгі аралықта құрама команда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен ХІХ халықтық спорт ойындарына қатысып, Ұлан ауданы 14 ауданның ішінде ІІ жүлделі орынға ие болды.
Привольное орта мектебінің оқушысы Ораз Басаров (жаттықтырушысы Уалиев Ерлан Александрович) 2015 жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Куала Лумпур (Малазия) қаласында өткен әлем Чемпионатына қатысып, оң қол және сол қолмен күресуден 2 алтын медальді жеңіп алып, Әлем Чемпионы атанды.
Біздің «Ұлан-Багратион» коман-дасының хоккейшілері Привольное, Таврия орта мектептерінің оқушылары облыстық «Жұлдызша» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды.
Футбол бойынша «Ұлан» қыздар командасы облыстық ойындардың бірнеше дүркін чемпиондары, облыс чемпиондары. Солопова Любовь, Нестеренко Ангелина, Буракова Яна, Бордоненко Алина, Руденко Ульяна ШҚО құрама командасының мүшелері, футболдан Қазақстан Республикасының жүлдегерлері.
2014 жылдың күзінде Ұлан ауданының қыздар арасындағы құрама командасы Республикалық турнирде облыс намысын қорғап ІІІ - орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |