Бөж тақырыбы: Әлемдегі футбол стадиондары Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Әлемнің үздік футбол стадиондары Қазақстанның футбол стадиондары ІІІ.Қорытынды І. Кіріспе Футбол



бет1/6
Дата02.12.2023
өлшемі4.84 Mb.
#485180
  1   2   3   4   5   6
Әлемдегі футбол стадиондары


Жаратылыстану факультеті
Математика және статистика бөлімі



БӨЖ


Тақырыбы: Әлемдегі футбол стадиондары

Жоспар:
І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Әлемнің үздік футбол стадиондары
2.2 Қазақстанның футбол стадиондары
ІІІ.Қорытынды
І. Кіріспе
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жұптары өткізіледі.

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.
Әрбір футбол клубының өз футбол стадионы бар. Ол «Барселона» мен «Реал» ма және Еуропадағы үздік командалар, «Бавария» және «Челси», «Манчестер Юнайтед» және басқалар болсын өз футбол аренасына ие. Футбол клубтарының барлық стадиондары мүлдем әр түрлі. Құны бойынша, стилі, сәулет және сыйымдылық конструкциялары да бірдей болмайды.


ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Әлемнің үздік футбол стадиондары
Көптеген футболсүйер қауымның « Әлемдегі ең үлкен стадион қайсы?» деген сұраққа «Маракана» стадионы деп жауап берері анық. Осы жауап қаншалықты дұрыс?
Маракана Бразилиядағы Рио де-Жанейро қаласында орналасқан. Мараканаға келушілер саны бойынша 1950 жылы әлем чемпионатының финалы кезінде рекорд орнады. Бразилия Уругвайдан 2:1 болып жеңіліп қалған матчта 199 мың 854 жанкүйер болған. Алайда қайта жөндеуден кейін Маракана 78 838 адамды ғана сыйдыра алады, ал 2014 жылы футболдан әлем чемпионатына одан да аз адам қатысқан – 73 531. Қазір Маракана әлемнің ең ірі алаңдарының елулігіне де кірмейді. 

Азияның және әлемнің ең үлкен стадионы – Бірінші мамыр стадионы. 150 000 адам сыятын алаң Солтүстік Корея астанасы Пхеньян қаласында орналасқан. Ғимарат пішіні гүл жапырағын еске түсіреді. Стадион атауы бірінші мамырда аталып өтетін еңбекшілер күнінің құрметіне берілген. Стадионның ашылуы 1989 жылы бірінші мамырда өтті. Алаң 1989 жылы жастар мен студенттердің ХІІІ-ші фестивалін өткізу үшін салынған. Қазірде бұл алаңда футболдан Солтүстік Корея құрамасы үй матчтарын өткізеді.

Әлемнің ең үлкен футбол стадиондарының арасында Англияның басты футбол аренасы Уэмбли (Wembley )бар. Стадион Ұлыбританиның Лондон қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл стадионға 90 000 адам сияды. "Ескі Уэмбли"-дің 1923 жылы құрылысы аяқталды да, пайдалануға берілді. "Уэмбли" 1948 жылғы Жазғы Олимпиададағы жеңіл атлетика жарыстарының негізгі аренасы болды. 1966 жылғы әлем біріншілігінің бірнеше ойыны (финалдық матчпен қоса) осында өткізілді. 1996 жылғы Еуропа чемпионатының бірнеше кездесуі осында ойналды. Стадионда жеті рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық матчы ойналды (1963, 1968, 1971, 1978, 1992, 2011, 2013).
Жаңа "Уэмбли" 2003 жылы стадион бұзылды да, қайта тұрғызылды. Қайта ашылу салтанаты 2007 жылы өтті. Бұл жолы жүгіру жолдары алынып тасталып, тек футболға арналған арена ретінде салынды. 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының басты аренасы болды. Сонымен қатар "Уэмблиде" "Saracens" (Сарациндер) регби командасы өз матчтарын өткізеді. 2007 жылдан бастап бұл стадионда футболдан Англия ұлттық құрамасы өз ойындарын өткізеді. Және 2017-2019 жылдар аралығында «Тоттенхэм Хотспур» футбол командасы өз ойындарын өткізген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет